Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қасиетті Құран Қәрім

Қасиетті Құран Қәрім

Ақмола  облысы

Қорғалжын  ауданы

Қараегін  ауылы

Ш.Уәлиханов  атындағы орта  мектептің

қазақ  тілі  мен  әдебиеті   пәндерінің

мұғалімі   Сейтжанова  Аклима  Барамисовна

Тақырыбы: Қасиетті   Құран  Қәрім  (әдебиет  пәні   5 -сынып)

Мақсаты:

1.Әдебиет оқулығында бағдарлама бойынша берілген діни әңгімелерді

оқушыларға түсіндіру, дұрыс бағыт беру.Қасиетті Құран Кәрімді уағыздау.

2.Мұсылманның қасиетті кітабы Құран Кәрімді құрметтеуге, өзінің дінін,

салтын  сүюге, елге деген махаббатын тәрбиелеу, ояту.

  1. Сөздік қор, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Әдіс-тәсіл:    сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес,  жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,діни –танымдылық  журналы

«Иман»№3(16)2005ж, діни – мәдени журналы «Ислам әлемі»№4(22)2003ж

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

(сабақтың психологиялық дайындығы )

Ой шақыру: «Құран» деген сөзді естулерің барма?(ата-әжелерден,имамдар)

Ол  қай тілде жазылған?(араб тілінде жазылған)

Құранның пайдасы барма?(бар,тазалыққа үйретеді, жамандық жасамауға

шақырады, білімді болуға,тәртіпке үндейді)

Енді  сендердің айтқандарыңды топтастырып көрейік, тақтаға Ақнұр шық-

тазалық
Әдетғұрып.

сын.

Құран   Кәрім

 

 

 

Салт-сана
шипагерлік

 

шариғат

 

 

 

 

Тақырыпқа көшпес бұрын   мәтінде кездесетін сөздік жұмысымен танысай-

ық.    Алла- ислам діні уағызында күллі ғаламды жаратушы. Оның сипаты:

әкесі де, шешесі де жоқ  және ең біріншісі некесіз, тумаған, тудырмаған.

Жерде де жоқ, көкте  де жоқ.

Уаһи хабар.

Сахаба-пайғамбарымыздың  әрдайым қасында жүріп, уағыздары  мен

соғыс  жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Хафиз— құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.

Қари- құранды, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

Бүгін біздің сабағымызға қонаққа ауыл имамы  Қабдеш ата келіп отыр,

Ислам діні жайлы мағлұматты тыңдап көрейік.

Балар, бүгінгі сендердің сабақтарыңа мен  арнайы  апайларыңның шақыр-

туымен келіп отырмын. Бүгінгі таңда ислам дінін бұрмалаушылар,түрлі

діни бағытта ағымдар пайда болып отыр, солардың жетегінде кетпес үшін

өз дінің жайлы білгендеріңді дұрыс санаймыз.

Құран- ислам дінінің  ең негізгі, басты кітабы болып саналады. Ол  діннің

ғана   емес,араб әдебиетінің классикалық үлгісі.  Араб әдебиеті тарихында

кітап болып басылып, жарық көрген тұңғыш көркем шығарма болып санала-

ды.    Құранның мазмұнында  тарих,  әдебиет,  шариғат, әдет-ғұрып,

тазалық, шипагерлік, әділдік  секілді  жан- жақты  бай мазмұн қамтылған.

Қасиетті   Құранда 114сүре бар.   23 жыл ішінде әр түрлі тарихи уақиғаларға

байланысты  уахи\хабар\  Жәбірейіл періште арқылы  пайғамбарымыз

Мұхаммед  Ғалайһсаламға  түсірілген.

Мұхаммед-Алланың елшісі  және  жер бетіндегі үмбетіне    (пенделерге )
шарапатын тигізуші   соңғы пайғамбар болып саналады.

 Мұхаммед пайғамбарымыздың  сахабасы Зейд   ибн  Сәбитке құран аяттарын адамдар арқылы  ел арасынан  жинауды тапсырады.

Өйкені ол көп елдің тілін меңгерген, сауатты  дабілімді, пайғамбарымыз-

дың сенімін  ақтаған сахабасының бірегейі еді.

Құран Кәрім барлық  іс   бір Алланың әмірімен  болатынын айтып, адамдар-

ды   сабырлы,салиқалы, мейірімді, қайрымды, күнәден пәк болуға тәрбие-

лейді. Оны толық меңгерген адам  қари атанады.            

Атамыздың айтып өткен әңгімесіне  байланысты мен сіздерге «Пенденің

аты  пенде» деген мәтін дайындап әкелдім.   Мәтін   мазмұнының  басын

оқимын әрі қарай не болуы мүмкін өздерің ойлап  көріңдер.Тыңдаймыз:

—Баяғы заманда тақуалар Құдайдың бар екендігін, бір екендігін  мойындағанымен, Алла   тағаламен арақатынасын  ашып  алғысы  келіп,

пайғамбарларға    әлденеше тосын сұрақтар қойған. «Жаратушының бар

екендігіне  көңіліміз  айқын жетті. Бірақ  көзіміз көріп тұрған жоқ.  Сондық-тан жақсы яки жаман  пиғылда екенін,  ұнататын немесе  жек көретінін

білмейміз.  Табиғат ғибадатымыз қабыл болып жатыр  ма, жоқ па, одан

тағы бейхабармыз.  Бұл талап –тілектерімізді қайткенде  жауап аламыз»,-

дескен.Раббым  пайғамбарлар арқылы хабар жіберген:

—Қалай ойлайсыңдар, қандай хабар жіберуі  мүмкін?

(Оқушылар тарапынан әр түрлі  ой ортаға салынды)

Сіздердің ойларыңызға келісемін,  дегенмен де  дұрыс жауабын естиік:

«Туған әке – шешең  — жер бетіндегі кіші Құдайың. Әке –шешеңді қуантсаң,

мен де  қуанармын. Ренжітсең, мен де ренжимін. Менің  қандай  пиғылда

екенімді әке-шешеңнің қас –қабағына  қарап білерсің».  «Әке – шешеміз

қайтыс  болған жағдайда қалай білеміз?» «Онда әке-шешеңнің орнында

бауырларың, туған –туысқандарың, қала берді халық болады. Соларға

адал қызмет ет.Солар қалай бағаласа менің солай бағалағаным»

деген екен.  Ендеше жер бетіндегі ең құрметке лайық  адам —  біздің

ата – анамыз.   Барлық құрмет пен мадақты ата –аналарымызға  арнайық.

Енді  үнтаспадан  Абай атамыздың 13-қарасөзін тыңдап көрейік.

Салыстырайық .

Оқулықпен  жұмыс:

Оқулықты ашып оқиық,   атамыз айтып өткен деректер бар ма?

Әрине бар екен.

Бүгін біздің сабағымызға қатысып, Қасиетті Құран кітабы жайында тамаша

әңгіме айтқаныңыз  үшін сізге көп рахмет!

Балалар, сабақтан қандай әсер алдыңдар ? /оқушылар жауабы\

Құран Кәрімде неше сүре бар?\оқушылар  жауабы\

Бұрынғы білгенімізге  қосымша  білім  қостық.

Бағалау:    белсенді оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: «Құран –мұсылман халқының қасиетті кітабы»\эссе жазуға\

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *