Етістік

sharipzanОңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан ауданы  ,

       «Қос-Қорған» жалпы  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті  пән мұғалімі  Жаппаров Шарипжан Рахимович

“Ғылымның апаты – естен шығару       және     ғылымға қызығушылығы жоқ адамдарға үйретіп  уақытыңды  босқа кеткізу”          / Хадистен /

Педагогикалық ұстаным:

Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың

«Жай мұғалім хабарлайды;

Жақсы мұғалім түсіндіреді;

Керемет мұғалім көрсетеді;

        Ұлы мұғалім шабыттандырады»

 

Пікір

«Қос-қорған» жалпы  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жаппаров Шарипжан  Рахимұлы  қазіргі  таңда   « Қазақ  тілі  және  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технология  элементтерінен және  халықтық  педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту» шығармашылық  тақырыбы бойынша  жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп  келеді . Мұғалім  Кембридж  тәсілі  бойынша  ІІІ деңгейді  бітіріп , өзінің біліктілігін  артырған болатын . Бұл ізденулер   мұғалімнің шеберлігін  және  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттері мен  қоса  қызығушылықтарын арттыруға  болатынын  көрсетіп отыр .  Жаңа идеялар  фестивалінде  өзінің  баяндамасында  қорғаған  тақырыбының   тиімді  тараптарын көрсетіп , «Есте  сақтау- білімді  апаттан  сақтайды»- деген  сөзді   дәлелдеп   берді.

Үрімова Рахила

Қалалық  білім  бөлімінің  әдіскері

филология ғылымдарының кандидаты

Сабақ тақырыбы :  Етістік

А) Білімділік :Жаңа тақырыпты  толық  меңгерту

Ә) Дамытушылық :  Оқушылырдың ой-өрісін ,

дүниетанымын ,    тілін , есте    сақтау

қабілеттерін дамыту

Б) Тәрбиелік : Әр бір істі саналы түрде істеуге,

ақылды мен ақымақты айыра білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Ертегі сабақ

Сабақтың әдісі : Түсіндіру ,сахналық қойылым , әңгімелесу ,

жаттығу орындау , пысықтау , топтастыру,

салыстыру , сұрақ-жауап , пысықтау .

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық , интербелсенді  тақта , кесте

плакаттар , шарлар ,  ертегі    қаһармандарының

киімдері, үлестірмелі    кеспелер , ойындар ,

DVD .

                                       Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі :

  1. Оқушылырмен сәлемдесу , сабаққа қатысуларын , сабаққа дайындықтарын , сынып бөлмесінің тазалығын анақтап , үйге тапсырманы сұрау, оқушыларға сабақтың ұранын айтқызу

Сабақтың ұраны: Бал араша тынбаймыз

                               Білім балын жинаймыз

                               Мектеп ана өзіңе біз

                               Бестіктерді сыйлаймыз  

  1. Үйге тапсырма : а) 61-жаттығуды  орындау

ә)    «Жақсылық» тақырыбында  мәтін  құрау

б)     Өткенді қайталау

  1. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктерін анықтау үшін үлестірмелі кеспелермен , лото ойынымен анықтап, өтілгенге қысқаша шолу жасап өту .

Лото  ойыны өтілген тақырыптар бойынша 30 сұрақтан тұрады ,

әр бір сұрақ нөмірленген :

 

  

 

          27

 

 

       13
           5

 

        18         7

 

 

 

Осындай  кеспелерден алты данасы  оқушыларға үлестіріледі,әр бір кеспедегі нөмірлер қайта қайталанбайды , кім бірінші болып дайын болса, сол оқушы жауап береді ,жауабына қарай баға орнына

жұлдыз беріледі , сабақтарда қолданыла келіп тоқсан   аяғында   оқушының қанша жұлдыз жинағаны анықталады , және оның өтілгенді қаншалықты меңгергендіктерін анықтауға болады .

Өтілген  тақырыптарды  есте сақтау  қабілеттерін  анықтау  кестесімен  жұмыс:

 

              

Өтілген тақырыптар Сұрағы Мысал Қызметі Мағыналық түрлері Құрамына қарай түрлері
1 Зат есім
2 Сын есім
3 Сан  есім
4 ***
5 ***
6 ***
7 ***

  

ІІ   Негізгі бөлім :

  1. Жаңа тақырып : Етістік

Эпиграф :  Ақылды адам айтқызбай біледі ,

                   Ақсұңқар  қаққызбай     іледі .(Мақал)

Мақалды оқып, мазмұнын түсіндіру, сабақ барысында мақал естерінде қаншалықты қалғаны анықталып, етістіктерді табу .

 

Ертегі:

Ерте ,ерте , ертеде  морфология  патшалығында «сөз таптары» на иелік жасаған «Сөйлем» деген хан болыпты , бұл хан барлық мал-дүниесін жинап , ұлдарын жинап , тоғызға бөліп , ұлдарына еншілес бермек болыпты .      Қартайған хан үлкен  ұлдарын алдына шақырып  әр біріне өзіне тиісті еншілесін  бермекші болыпты :

  • Әй , ұлдарым , бері келіңдер , мен қартайдым , енді сендерге еншілестеріңді бөліп берейін ,-депті .
  • Мен, әке үлкен ұлыңыз , барлық заттың атауы менімен аталады сондықтан маған зат есімді берсеңіз .
  • Мен, әке үлкен , күшті ,көркем , дәмді , жақсы нәрселерді ұнатамын , сондықтан маған сын есімді берсеңіз , өте жақсы болар еді .
  • Бір ,екі, үш , төрт , бес .  Әке , мен санағанды өте жақсы көремін , сондықтан маған мыңдаған , шексіз сан есімдерді   берсеңіз жақсы болар еді.
  • Әй, етістік қайда жүр өзі ?Ол неге келмеді, шақырыңдар! — деді хан
  • Ой, әке , ол ылғы іс-әрекетпен айналысып жүреді , қазірде бір нәрсемен шұғылданып жатқан шығар ,-депті ұлдары.
  • Әй , етістік ,кел мұнда , сені әкем шағырып жатыр

Қолында домбырасымен етістік кіріп келеді :

  • Ассалаумағалайкум , хан  әке маған қандай  жұмысыңыз бар ?

Әке , маған еншілес бермесеңізде болады , мен сіздің қызметіңізде боламын .

Хан әкесі  ұлдарына сұрағандарын беріп , содан бастап етістікті өз қолында алып қалыпты ,сөйлем етістіксіз аяқталмас та, баяндалмас та екен   .

       Етістік – іс-әрекет , қимылды білдіріп,  не қылды ?, не істеді?,қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

Етістік құрамына қарай екі түрге бөлінеді :

  1. Дара етістік – тек қана бір сөзден  жасалады

Мысалы :  Барды , алды ,  жазды  т.б

  1. Күрделі етістік — бірнеше сөзден жасалып , бір сұраққа жауап  береді

Мысалы : Алып барды , жұлып алды , жазып тастады т.б

Етістіктің үш шағы бар :

  1. Өткен шақ – іс-әрекеттің болып өткенін  білдіреді
  2. Осы шақ- іс-әрекеттің тап сол уақытта орындалып  жатқанын  білдіреді
  3. Келер шақ — іс-әрекеттің енді болатынын білдіреді

ІІІ  . Жаттығу орындау сәті :                            

Жануарлар қалай дыбыстайды? , не істейді? деген сұраққа жауап береді :

Мысалы:

1 мөңірейді ***
2 ырылдайды ***
3 шырылдайды ***
4 бақылдайды ***
5 мияулайды ***
6 ызыңдайды ***
7 ысылдайды ***
8 боздайды ***
9 кісінейді ***
10 сайрайды ***
11 маңырайды ***
  1. Сиыр —
  2. Қой –
  3. Жылқы-
  4. Ит —
  5. Мысық-
  6. Түе –
  7. Бұлбұл –
  8. Бақа –
  9. Жылан –
  10. Шыбын —

11.Шегіртке –

Оқулық бойынша жаттығуларды орындау

ІV. Сергіту сәті :

А)     Берілген жеміс- жидектердің суреттерін бір параққа теріп , нөмірлеп бір рет көрсетіп, сол көргендерін есте сақтап , дәптерге жазады . Сурет қайта көрсетілген кезде оқушылар қолдарына қызыл қалам алып , кемшіліктерін түзетеді.   Бұл оқушылардың көріп есте  сақтау қабілеттерін дамытады .

 

Б) Геометриялық  пішіндерді есте сақтап қалу ,нөмірлерімен,әр нөмірде өтілген тақырыптардан  сұрақтар беріледі , оқушының таңдауы бойынша  , оның мінезін  айтып беру

 

Мінездері төмендегідей болады :

—     мақсатқа  талпынғыш,

қайырымды, туырлықты  айта білетін   адам

—     өзгелерге  жаны  ашығыш, мейірімді, сезімтал

адам

—     еңбексүйгіш  , қайратты, алдына  қойған әр  қандай

мақсатына  жететін   адам

—    шығармашыл адам, бойында  үлкен    қабілет жасырынған  адам

V.Пысықтау :

Тыйым салынған іс-әрекеттерді оқып шығамын оқушылар бір рет

  1. Ұмытып кетпе , есікті теппе!
  2. Ізет танытып , әдепті сақта да , жатқан кісінің үстінен аттама
  3. Құр бекерге ермекке , бос бесікті тербетпе
  4. Шаршасаң сәл аялда , бірақ та жер таянба
  5. Тарту тарт , тар келместей тақымыңа , мылтық , пышақ сыйлама жақыныңа
  6. Кеңеске салақ қарама , кір жайма түнде далаға
  7. Төрге шығып теріс қарап отырма
  8. Ұлттық салттан бұлжыма , жұма күні кір жума
  9. Өзім қумын деме , кісі ақысын жеме
  10. Қашанда болсын есте , үлкеннің алдын кеспе

Жасыл ,қызыл, көк  түсте берілген тыйым сөздерді оқушы өзі көріп  үш рет оқып  шығып әуелі  жасыл  , екінші болып көк соңында қызыл түсте берілгенін  есте сақтап  көру  .  І деңгей   жасыл, ІІ деңгей  көк, үшінші деңгей қызыл .Бұл деңгейлік тапсырма деп алсақта болады .Естерінде 10 сөйлемнен қаншасы қалар екен және оны қаншалықты дұрыс жазады , сол тыйым сөздерден етістіктерді тауып , астына сызамыз. Оқушы  бұл  тапсырмада  өін-өзі  бағалай  алады .

                             VІ   . Қорытынды :

  1. Сабақты қорытып , оқушылардың сабақ барысында меңгерген білімдері мен белсенділігіне қарай, өтілгенді қаншалықты есте сақтағанына қарай бағалау.

Үйге тапсырманы түсіндіру

  1. Үйге тапсырма : а) 65-жаттығуды орындау

ә) «Табиғат» тақырыбында мәтін құрау

б) Етістікке  мысалдар тауып , сөйлем жазу

 

Пікір

«Қос-қорған» жалпы  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жаппаров Шарипжан  Рахимұлы  қазіргі  таңда   « Қазақ  тілі  және  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технология  элементтерінен және  халықтық  педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту» шығармашылық  тақырыбы бойынша  жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп  келеді . Жаңа идеялар  фестивалінде  өзінің   қорғаған  тақырыбының   тиімді  тараптарын көрсетіп берді.

Бұл мұғалімнің  бізге  ұсынып  отырған  әдіс- тәсілдерін  барлық   оқытудың  әдіс-тәсілдерімен  ұштастыра  отырып  бірге  пайдалануға  болады және  басқа пәндерде де қолданса жоғары нәтиже көрсетеді  деген пікірдемін .

Қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдістерінен    пайдалану үшін оқу модулін құруға пайдасын тигізеді. Әрине мұның үшін мұғалімнің даярлық жүйесі өте жоғары болуы керек . Бұл әдіс баланың бұрынғы біліміне сүйенуге , оны есіне түсіруін қорғауға , меңгерген білімін ұзақ уақыт есте сақтауға , білуге деген қызығушылығын арттыруға көп пайдасын тигізеді .

Оқушының  есте сақтау қабілетін жандандырса ғана мұғалімдердің жұмысы көзге көрінеді , бірнеше сабақтан кейін сұралғанда өтілгенді айтып береалмаса , ол мұғалімнің жұмысына кедергі клтіреді.

Бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технолгияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана парктикада қолдануға бейім тұрады. Сондай екен біз әр бір сабағымызда оқушының есте сақтау қабілетіне назар аударып отырсақ , өтілген әрбір сабақ оқушы жадында аз да болса қалады . Бұл әдіс –тәсілдерді қолдана отырып , оқушының сабаққа қызығушылығын арттыруға қол жеткізді  және оқушының білім сапасының жоғарылағаны байқалады.

Мұғалім үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім  оқушылардың білім  сапасын арттыруға көп көмегін тигізетін әдіс –есте  сақтау  қабілеттерін  арттыру әдістерін  қолдана білу. . Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін  есте  сақтау қабілеттерін  дамытатын әдістерді пайдалану өте тиімді.

Жаппаров  Шарипжан  өзінің  оқушылармен тіл табысып , олардың  қызығушылығын арттырып,  сонымен  бірге  өзіде  жан-жақты  ізденіп , әр бір  сабағын  қызықты  өткізу  үшін  ізденіп  , жақсы  нәтижелер  көрсетіп  отыр .

Мемлекеттік  тілді  оқытудың  жауапкершілігін  сезіну , және  оқушыларды  салт –дәстүрді қадірлеуге  үйрету, қазақ  тілінде  еркін сөйлеп , дұрыс  жазуға үйрету жолында  аянбау   қажет .ұл қасиеттер мұғалімнің бойында  бар  екенін оның  жұмыстарынан көріп  отырмыз

Пікір

«Қос-қорған» жалпы  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жаппаров Шарипжан  Рахимұлы  қазіргі  таңда   « Қазақ  тілі  және  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технология  элементтерінен және  халықтық  педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту» шығармашылық  тақырыбы бойынша  жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп  келеді . Бұл ізденулер   мұғалімнің шеберлігін  және  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттері мен  қоса  қызығушылықтарын арттырды .  Жаңа идеялар  фестивалінде  өзінің   қорғаған  тақырыбының   тиімді  тараптарын көрсетіп , «есте  сақтау білімді  апаттан  сақтайды»- деген  сөзді  растап  берді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *