Басы » Тарих » Қараегін ауылының құрылу тарихы

Қараегін ауылының құрылу тарихы

Ақмола  облысы

Қорғалжын  ауданы

Қараегін  ауылы

Ш.Уәлиханов   атындағы  орта   мектебінің

тарих пәнінің  мұғалімі

Аукенова  Зейнегүл   Қабыкеновна

Қараегін   ауылының   құрылу  тарихы

Кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында Қорғалжын өңірі бойынша құрылған

болыстардың құрамында  Аққұм ,Нұра болысы болғандығы белгілі. Болыс төрағасы

осы елдің байырғы тұрғыны , бөрші руынан шыққан Сәлмен Әуесұлы болған.

Осы  болысқа қарайтын ауылдардың  бірі – Қараегін болды.

1922 жылға дейін Қараегін көлінің басын, айнала 13 орыс отбасы келіп қоныстанған.

Олар тұрақтанып , үй-жайларын салып , аталған жерді толықтай мекендеп, поселок

салған. Бұлар патша үкіметінің 1905 жылы Қазақ елін орыстандыру саясатының негізін-

де Ресейден жер ауып келгендер еді. Сол жылдары алғашқы қоныстанушы Кондратьев

Семен көлдің арғы бетіне егін салады. Ол егістік жерге қара бидай /рожь/еккен еді.

Қара бидайдың жайқалып бітік шығуына орай елді мекен «Қараегін» аталып кеткен.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1922 жылдан бастап колхоз құру мақсатында жер-

жерден адамдар келе бастады. Өздерімен бірге ауыл шаруашылылығына қажет құрал-

жабдықтарды ала келді.Қызу жұмыстар басталып та кетті.

Ең алғашқы мектеп Қараегін ауылында 1925 жылы жеке меншік жер үйде ашылған

болатын. 30- ға тарта балалардың тізімі алынып ,оқуға тартылды. Барлық оқушылар

аядай бір бөлмеде оқып,білім алды. Мектепке келген алғашқы ұстаз Алиева Айша

есімді жас маман еді. Оқушылар жер еденде отырып оқыды.Оқулықтар өте аз,

көрнекі құралдар, жазатын дәптер деген жоқтың қасы болды. Балалар үйлерінен

тауып алып келген ескі сарғайып кеткен газеттердегі жазулардың араларына жазды.

Жазатын сия жетіспеушілігіне байланысты пештің қара күйесін суға езіп жазды. Содан

балалардың қолы қап -қара болып жүретін. Бөлменің ішінен жағылатын пеш түтіндеп,

дұрыс жанбай сабақ жүргізуге кедергі келтіретін.Өйткені пеш су қамыс,сабан ,тезекпен

жағылып тез тұтана қоймайтын. Қыстың қақаған аязында бөлме мүлдем суып ,азынап

кететін. Кеңес үкіметінің алғаш орнаған жылдарындағы ауыр кезең . Мұндай уақытта

ауылдың қара сирақ балаларында қай бір киім болсын. Жыртық шапан, көнетоз шинель

киген балалардың сауатын ашып , әліпбиді  үйретті . Суықтан жазуға қолы илікпей

қиналған шәкірттері  де,  мұғалімі де шыдамдылық танытып ,табандылық көрсетті.

Оқушылардың жасы да әртүрлі болды. Орыс –қазақ балалары бірге оқыды. Көптеген

қиыншылыққа қарамастан олардың білім  алуға деген талпыныстары зор еді.

1931 -1933 жылдар аралығында жеті жылдық негізгі орталау мектеп салынып ,пайдалану

ға берілді. Мектеп жанынан маңайдағы елді мекендерден (Қарғалы,Ұялы) келіп оқитын

балаларға арналған           интернат ашылды.   Балалар жаяулап – жалпылап, кейде ат арбамен

қатынап оқыды.Өз ауылдарынан  ,әке-шешелерінен, туыстарынан, алысқа ұзап шықпаған

балаларға , әсіресе ағайындарының қарауында жаутаңдап қалған жетім балаларға

басында қиындау болғанымен уақыт өте келе үйреніп кетті.  Интернатта жұтаңдау болса

да үш мезгіл ыстық тамақ беріліп отырды. Жататын орын, тамақ тегін болды. Оқу үрдісіне

аса қажет глобус , географиялық карталар , есеп шығаруға арналған          шоттар (счеты) ,химия

лық пробиркалар,колбалар сияқты т.б керек құралдармен жабдықтай бастады . Сабақ екі

тілде яғни қазақ- орыс тілдерінде қатар жүргізілді . Басқа болыстардан пән мұғалімдері

жіберілді. Қиындықтар артта қалып , ел етек — жеңін жинап , өз-өзіне келдік ау дегенде,

1932-1933 жылдары құрғақшылық болып ,егін шықпай қалды. Елді ашаршылық жайлады.

Бұл Қазақстан халқының басынан кешірген мәңгілік ұмытылмас «Зар заман» еді.

Бұл кезең адамзат баласына жіберген жантүршігерлік қатыгез ,ауызбен айтып жеткізе

алмайтын зұлмат сынақ еді. Сол кезеңде мектеп интернатқа көп міндет жүктелді . Бұл

уақытта мектеп директоры Ахметов Қалмен деген азамат болатын. Осы мектеп интернат

та оқып , ашаршылық тырнағынан талай балалар , ауыл адамдары аман қалды.

Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін мектепті басқарған азаматтар Асанбаев Әлімжан,

Бақыршықов Нұртай ,Төлеубеков Мұқан сынды азаматтар болды.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде 90-ға жуық ер азамат майданға аттанды . Аман-есен

оралғандары 20 адам ғана болды. Осы кезеңде Тула облысынан ,Поволжьеден 1941

жылы неміс отбасылары , 1944 жылы наурыз айында Кавказдан ингұштар мен шешендер

жер аударылып келді. Тұрғылықты халық жер аударылып келген отбасыларға жау деп

қарамай кеңпейілділік танытты,көмек көрсетіп , орталарына тарта білді.

Соғыс жылдарында колхоз майданды азық- түлікпен(бидай,тоң май) қамтамасыз етті.

Өз тілегімен құрылған еріктілер тобы майдандағы жауынгерлерге қолғап ,қой терісінен

тігілген тондар,құлақшындар ,жүн шұлықтарды жинап посылка жіберуге көмектесіп

отырды. Ауыл адамдары өздерінің азды-көпті жинақтарының(ақша) бәрін майданға

көмекке берді. Күзгі егін жинау науқанында еңкейген кәріденжасқа дейін «Бидайдың

әрбір масағы жауға оқ болып тисін» деген ұранмен жүрді. Мектеп оқушылары ,мұғалім-

дер алдыңғы қатарда жүріп, басқаларға үлгі бола білді. Олар егістік жерлердегі масақтар-

ды  шашау шығармай жинап қырманға тапсырды. Соғыс жылдарында адамдар қайсар-

лық , адамгершілік қасиеттерінкөрсетті. Майданнан келген «қара қағаздарды» ауыл почта

льонына жауынгердің отбасына барып естірту өте ауыр болды.

Көптен күткен «Жеңіс күні» де келіп жетті. 1947- 1957 жылдар аралығында ауыл да, мек –

теп те Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллиннің атымен аталды. 1957 -1960 жыл –

дар аралығында колхоз өз күшімен сегізжылдық мектеп салды. Мектепке қазақтың тұң

ғыш географы Шоқан Уәлихановтың аты берілді. Қазіргі уақытқа дейін мектеп осы белгілі

ғалымның атымен аталады. Елуінші жылдардан бастап еңбек еткен алғашқы ұстаздар

Савельев  Михаил Михаилович , Сыздықов Мұқатай  Сыздықович , Омаров Балташ

Омарович, Есіркепов Жетен, Сейтова Балқия , Жақыпов Хамзе ( мектеп директоры),

Даулетбеков Тұңғышбек Өмірбекович, Вотрина Эмилия Петровна, Куатов Қадыр(завуч)

Лазарева Раиса Васильевна , Абилов Қуандық  т.б

1988 жылы жаңа типте салынған 11 жылдық мектеп пайдалануға берілді. Оқушылардың

толықтай білім алып оқуына барлық жағдайлар қарастырылды. Спорт зал ,шеберхана ,

кітапхана, акт залы, медбике бөлмесі ,алғашқы әскери дайындық кабинеті жабдықталды.

Кабинеттік жүйемен оқуға көше бастады. 1990 жылдары Ұлы Отан соғысының , Ауған соғы

сының ардагерлерінің құрметіне арналған мұражай ашылды.

Қазіргі уақытта ауыл мектебі аудан бойынша алдыңғы қатардағы мектептерге жатады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *