Алматы облысы, Қарасай ауданы «М.Бейсебаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекттік мекемесінің
тарих пәні мұғалімі Шуйіншалина Гүлнар Әбілғазықызы
|
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Монғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Монғол мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылысы, тұрмысы, шаруашылығы туралы білім беру, күрделі тақырыптардың өзара байланысын ашу, негізгі ғылыми білімдерді беру.
- Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбие беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білуін, қарым-қатынас жасауды үйрету. Оқушыларды жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен мәдениетін қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: дамыта отырып оқыту, іс-әрекетті бақылау, тірек сызбалары арқылы оқыту, саралап оқыту, ақпараттық технологиялар
Оқыту әдістері: иллюстрациялық түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Ортағасырлық мемлекеттер дәуірі ескерткіштерінің суреттері, слайд, тәуелсіздік монументі, оқулықтар, перфокарточкалар, электронды нұсқадағы лекция материалы
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, Қоғамтану.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқытушы оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырма бойынша дәріс дайындап келген оқушылардың мәліметтері тыңдалады.
- Жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттері Жаңа тақырып туралы толыққанды мәліметтер беру,монғол мемлекеті туралы негізгі білімді қалыптастыру.
4.Жаңа тақырып (материалдар толық түрде) :
Оқытушы сөзі: (Тақтада жаңа тақырып жазулы тұрады) Енді тақтаға назар аударайық. Осы тақырыпқа қатысты мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік.(Оқушылар өз болжамдарын жасайды)
Болжам тренингі
Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар.
Жаңа тақырыпты меңгерту
(Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі)
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса). Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы.
(Кесте арқылы түсіндіру).Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М.Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.
|
1207-1208 ж | Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы |
1207-1209 ж | Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы |
1211-1215 ж | Қытай жерін бағындырылуы |
1217 ж | Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы |
1218 ж | Монғолдардың Жетісу жеріне енуі |
1219 ж | 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы |
1219-1220 ж | Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы |
Жаулап алудың зардаптары
- Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
- Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
- Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
- Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
- Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
- Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы
Монғолдардың Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:
- Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
- Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады.
5.Сабақты бекіту: Сайыс сабағы білім биржасы деп аталатын «Алтын балық» ойыны арқылы өтеді. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Екі топ оқушылары өзенге қармақ тастау арқылы балық аулау үшін сұрақтарға жауап береді. Ал, балықтың тек біреуі ғана алтын, оның ұпайы да жоғары болады.
Шапқыншылық соғыстар
Жылдар | Оқиғалар |
1207-1208 жж. | Жошы-Енисей қырғыздары, Сібір халқы |
1207-1209 жж. | Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр |
1211-1215 жж. | Қытай жері, соғыс техникасы |
1216 ж. | Жошы, Керей, Торғай даласы |
1217 ж. | Жебе Ноян –Жетісу –Күшілік хан |
1218 ж. | Отырарға керуен |
1219 ж. | 200 мың әскер Орта Азия, Үгедей, Шағатай, Отырар, Жайық Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле- Бұхара |
1220 ж. | Мауереннахр |
1221 ж. | Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран |
1223 ж. | Калка өзен бойы Орыс- Қыпшақ |
Хронологиялық диктант
Екі топқа хронологиялық диктант беріледі. Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.
І топ ІІ топ
1206 жылы 1208-1209 жылы
1207-1208 жылы 1211-1215 жылы
1218 жылы 1217 жылы
1219-1220 жылы 1219 жылы
Проблемалық сұрақ(ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?
Сөзжұмбақ « Монғол ».
Т | И | М | У | Ч | И | Н | ||||||||
Ж | О | Ш | Ы | |||||||||||
О | Н | О | Н | |||||||||||
А | Р | Ғ | Ы | Н | ||||||||||
О | Т | Ы | Р | А | Р | |||||||||
А | Л | Т | Ы | Н | О | Р | Д | А |
1.Шыңғысханның
шын есімі
2.Шыңғысханның баласы.
- Моңғолиядағы өзен.
- Тайпа.
- 6-ай берілмеген қала.
6.Батый құрған мемлекет.
Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру тапсырмасы беріледі.