Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы
«М.Бейсебаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекттік мекемесінің
Бастауыш сынып мұғалімі-Изтелеуова КалгульАбикеновна
Кіріспе
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың үнемі өз бетінше орындайтын жұмыстарының түрлеріне, шығармашылық тақырыптарға тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өз беттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыпты өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.
Әр сыныпта өткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігінен орындай білуі – оның бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар сапасының сенімді көрсеткіші.
Сабақың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнына сай ат қоюға және мәтін түрлерін ажырата алуға мүмкіндік жасау; оқушылардың мәтінге ат қою дағдысын одан әрі дамыту, дүниетанымын кеңейту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.АТҚ. СТО Диологті оқыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Тірек-сызба, ребус, салынған плакат. Интерактивті тақта,слаидтар,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау, психологиялық жаттығулар жасау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. 88-жаттығуды тексеру, (жаттығу жұмысы жазылған қағаз қиындыларын әр топ бір минутта жинайды, флипчартқа жапсыра отырып,талдау жасайды.) жаңылтпашты әр топтан екі оқушы, топ мүшелерінің ұсынысы бойынша жатқа айтады.
І- слаид: Далаға шықсам,таң бозарып атып келеді екен.
(Бұл мәтін бе? Әлде сөйлем бе?)
Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесің?
ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтпас бұрын оқушыларға ребус шештірту:
2-слаид:
Бірініші суретте не бейнеленген?(желім).
Екінші суретте ше? (Әтеш).
Үшінші суретте ше? (Тиін).
Сонда қандай сөз шығады екен? (Мәтін)
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
(Оқушылардың мәтін туралы білімдерін пысықтау.)
Топтық жұмыс: Сызба бойынша оқушылар мәтін құрастырады талдайды.
Тапсырма:Аталған тақырыпқа мәтін құра.
Тақырып: «Ана»
|
Тапсырма:Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр. |
Оқиғаның басталуы |
Оқиғаның одан әрі қарай дамуы |
Оқиғаның аяқталуы |
Тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып, сипаттау мәтінін құрастыр.Тірек сөздер: дәмі, түсі, түрі.
|
Сызбаны басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты еске түсіру.
Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)Оқулықпен жұмыс, 97-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, ат қою, негізгі ойды бөліп көрсету.
ә)Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу: М м М м Мақпал мамыр мақсат мәртебе мерзім
3-слаид:
Тапсырма: Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жатқа жаз. Бұл жұмбақ мәтіннің қай түріне жатады.
|
Ат басты,Бөкен саны бар,
Секіреді қояндай, Таусылмайтын әні бар. Не мақұлық? Танып ал |
98-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу (шегіртке), жатқа жазу. Бұл жұмбақта белгілі бір ой болғандықтан, бұл не болып табылады? (мәтін). Мәтіннің қандай түріне жатады? Сипаттау ма, жоқ әлде әңгімелеу ме? (Сипаттау) .
99-жаттығу. Тақырыбы: «Аурудан аяған күштірек». Тірек сөздерді оқытып, жоспар құру. Жоспар:Сейітті арбаны қағып кетуі. Оның жаралануы, сынықшыға апаруы. Сейіттің анасына жанының ашуы, жыламауы. Осы жоспар арқылы оқушылардың өздеріне мәтін құрастырту.
100-жаттығу сызба бойынша әңгіме құрастыру.102-жаттығу мәтінді түсініп оқу, әрі қарай жалғастыру.
сергіту жаттығуы. Жаңа әуендер ырғағы
ҮІ.Бекіту: Жаңа материалды қорыту үшін шығармашылық тапсырма орындату. Күз.
Қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімені әр топ оқып мазмұнын айтады, оқыған әңгімелері бойынша сурет салады,
Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. Бұлардың әсем әндері естілмейтін болды. Досыңмен ажырасатын сағат таяғанына жабырқадың ба? Бозторғай да әндетіп сайраудан қалды. Қаздар мен тырналар жылы жаққа кетіп жатты. Бозторғай өзі ұя салған жеріне алғыс айтуға келді. Бозторғай мекенімен қоштасты. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Әр бөлікке ат қою. (Суық күз. Құстардың қоштасуы).Мәтін дегеніміз не? Олардың қандай түрлері болады? Мәтіннің әр бөлігі немен ерекшеленеді?
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сабақ сендерге ұнады ма? Топ басшыларының бағалау парақтарына талдау жасату. Оқушылар сабақты бағалау парағын толтырады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 101-жаттығу, 33-бет.
Шығармашылық тапсырма:
«Ана» тақырыбына бір шумақ өлең құрастыр.