Басы » Cыныптан тыс » Сырласайық, жеңеше!

Сырласайық, жеңеше!

svetaМаңғыстау облысы

 Мұнайлы  ауданы

Қызылтөбе селосы

«№2 Жалпы білім беру орта мектебі»ММ-сі

(Қыз бен жеңге арасындағы  жоғарғы сынып оқушыларына арналған сайыс)

Жүргізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Копбаева  Света Мұхамбетқалиқызы

Тақырыбы: Сырласайық, жеңеше!

Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық ,имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен  жеңгелерінің  алатын орны ерекше екеніне тоқталу

Тәрбиелігі: Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге,туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесі  орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Сайыстың  тақырыбы жазылған қабырға газеті, нақыл сөздер, әр түсті шарлармен безендіру.

Түрі: Сайыс

Барысы:

Жүргізуші:        -Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебімізде көктем мерекелерінің бірі,яғни,қазақ халқының жаңа жылы- Наурыз мерекесіне арнап жоғарғы сыныптың қыз балалары үшін «Сырласайық, жеңеше»  сайысын ұйымдастырып отырмыз. Сайысқа қош келдіңіздер!!!

           Бұл сайыстың мақсаты— қазақ қызына тән инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, әдептілікке, арлылыққа тәрбиелеуде қыз жеңгесінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу.

Енді  осы сайысымызды ашып беру мақсатында сөз кезегін мектеп директоры- Аталиков Якуб Қайырұлына береміз.

Сонымен, бүгінгі сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз

Қайынсіңлі сөзін жерге тастамай,

Келіп тұр ортамызға жеңгелер-ай.

Бүгінгі күн сіздер бізге қонақсыздар,

Олай болса, төр сіздікі,төрлетіңдер!

  1. «Еркежан» жұбы

2.«Айымкөз» жұбы

  1. «Арайлым»жұбы

4.«Назерке» жұбы

Жүргізуші:              Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Рет-ретімен таныстырып бастайық.

 

Әділқазылар мүшелерімен таныс болайық:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Ермекова Факия

ДТЖО —Орынбасарова Бағила

Қазақ тілі мен әдбиеті пәні –Тұржұпарова Гүлшат

 

Енді сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар:

 

1.Таныстыру (Жеңгесі қайынсіңлісін, қайынсіңлісі жеңгесі таныстырады)

 

  1. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (Қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету)

 

3.Сырымыз бір жеңгелер (Сұрақ-жауап)

 

  1. «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам…» (Жеңгесі қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі және «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті ас» жеңгесі пісірген дәмді тағам дастарханына қатысу)

 

  1. «Ата мұраң-асыл қазынаң»

 

6.Адам көркі –шүберек (Сән үлгісі)

 

Жүргізуші:

Қайынсіңлісін қолдап келген жеңгелер,

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата-салтын құрметтеп,

Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп,-дегендей қазақ халқы  қай уақытта да  өздерінің балаларына іс-әрекет,мінез-құлқына қарай еркелетіп, сондай-ақ жеңгелеріне қосымшада  берген.Сол дәстүр бойынша қазір әрбір топтың аты жеңгелері қойған аттарымен атаулары сұралады.

 

 

1 кезең. Таныстыру. Арулар мен жеңгелер,сайысқа дайынсыздар ма?

Олай болса,бірінші тапсырма-көпшілік қауымға өздерін таныстыру.

 

Беташарын сайысымның бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Ата-анаң мен жеті  атаңды атап шық,

Білгендерді ду қол соғып қостайық

 

2 кезең. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (Көрініс көрсетіледі)

Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың

Жарасымды,ұнасымды ғажап шың.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап,жаңартудан қашпайық.

Бұл турда қазақтың әдет-ғұрпынан қыз бен жеңге арасындағы қарым-қатынасынан көрініс көрсету)

 

3 кезең. «Сырымыз бір жеңгелер» (Сұрақ-жауап)

Жүргізуші:

Көз тартады көктем-нұр

Жүрек тербеп сыңқылдап.

Қыз қиыла сұрайды,

Жеңгесінен қыңқылдап:

-Бойжеткен боп көрдің бе?

Сылаң қағып назданып,

Қызғалдақтар тердің бе?

Кестелеген орамал

Ағайыма бердің бе?

—  Бойжеткен боп көргенмін,

Сұлу бұрым өргенмін.

Қыз сүйетін қызғалдақ

Қырға шығып тергенмін.

Кестелеген  орамал

Сүйіктіме бергенмін

Жасыратын сырым жоқ,

Жаным,сенен жеңгеңнің.

Қыздар бір бөлек,жеңгелер бір бөлек отырады.Қыздар мен жеңгелерге бірдей сұрақтар беріледі.Егер екі жақтың жауаптары сәйкес келсе-онда олар жақсы сырлас болғаны.

                          Сұрақ — жауап:

1.Жеңгесінің қызға еркелетіп қойған аты?

2.Қайынсіңлісінің мінезі қандай?(Тұйық,ақжарқын,байсалды)

3.Қайынсіңлісінің досы кім?

4.Қыздың алдына қойған мақсаты?

(Оқуға түсу,жұмыс жасау,үйде отыру)

5.Сыныптастарымен,достарымен,мұғаліммен ренжіскенде қандай күйде болады? (Ұрысады,жылайды,қырсықтанады,тез ұмытады)

6.Жақсы көретін әнінің аты?

7.Ақын,өнер адамдарынан кімге електейді?

8.Кіндік шешесі кім? Мінез-құлқында кіндік шешесіне ұқсастығы бар ма?

9.Мүшел жасқа қашан толды?

10.Соңғы сән үлгісіне еліктей ме, барды таза, үйлесімді кие ме?

11.Білім алып жүрген ойы.(Жақсы,өте жақсы, қанағаттанарлық)

12.Сүйіп оқитын пәні? Сүйікті ұстазы?

13.Жұлдызнамасы

14.Хоббиі (Сұрақтардың мазмұнымен таныстырып,әділқазы мүшелеріне  бағалату, ұпайларын есептету)

 

            Қалдымырза Жұлдызайды әнімен ортаға шақырамыз

 

4 кезең. «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам» (Жеңгесі қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесі және «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті ас» жеңгесі пісірген дәмді тағам дастарханына қатысу)

 

5 кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң»

 

 

Жүргізуші:

                          Біз бүгін бабаларды ойлап толғанымыз,

Елін сүймес ездіктен қорғанымыз.

«Сырласайық,жеңеше» сайысында,

Халықтың тәрбиені қолға аламыз,

«Адам  ұрпағымен мың жасайды» дегендей келесі кезекте ұлттық-салт дәстүрден сұрақтар беріледі.

 

  1. «Қара шаңырақ», «Үлкен отау», «Кіші отау» сөздерінен мағынасын ашып беріңіздер.

 

  1. «Жеті атадан қыз алыспау» салтынан туған өмір шындығы.

 

 

  1. Отбасындағы туыстығына қарай әр адамның дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Ақсақал,отағасы,енші алған ұлдары, кенже, баласы,күйеу бала жөнінде)

 

  1. Отбасындағы туыстығына қарай әйел адамдардың дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз. (Келін,ұзатылған қыздар, ұзатылмаған бойжеткен,ата-анасы)

 

  1. «Байғазы» және «көрімдік» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?

 

  1. «Бастаңғы» және «қыз ойнақ» салтының мағынасын түсіндіріңіз,оны атап беріңіз?

 

  1. «Бәсіре» дегенді қалай түсінесің?

 

  1. «Шарғы» қандай дәстүр?

 

  1. «Ілу» кәде жоралғысын қалай түсінесің?

 

6 кезең.   «Адам көркі- шүберек» (Сән үлгісі)

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *