Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Құмарова Азат
«Өрімтал» балабақшасының тәрбиешісі
№32 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қолғап» (украйын халық ертегісін сахналау)
Мақсаты:а)Ертегіні тыңдай білуге және қайталап дауысын айнытпай салуға үйрету және оң-сол ұғымдарын бекіту.
Ә)Бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Б)Сахынада ойнай білу іскерлігін дамыту.Сөйлеу манері мен қарқынына аса мән бере отырып,кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға, олардың ішкі жан дүниесін жеткізе суреттеуге ұмтылыстарын арттыруды дамыту.
Сөздік жұмыс:қолғап.
Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық құрал,тіл дамыту дәптері, ертегі кейіпкерлерінің киімдері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Жұмбақ жасыру:Бес балаға бір бешпент,
Бірге киіп,бір шешпек.
-Балалар,қолған бізге не үшін керек? -Қолғап нешеу болады? -Қолғап қандай болады? |
-қолғап.-Қыс мезгілінде қолымыз тоңбас үшін керек.
-Қолғап екеу болады.Өйткені екі қолымыз бар ғой. -Қолғап әр түрлі болады.Түстері де әр түрлі болады,қалың қолғап,жұқа қолғап болады. |
Ұйымдатырушылық ізденістік | -Ендеше,мен бүгін сендерге «Қолғап» атты ертегі мазмұнын түсіндіріп беремін.Ал бәріміз оқыған ертегі желісімен ертегіні сахыналаймыз.Кім тышқан болғысы келеді?Кім бақа,қоян,түлкі,қасқыр,қабан,аю болғысы келеді?
«Қолғап»ертегісі Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатсы, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты.Оны көрген тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»-депті.
Одан кейін бақа секіріп келіп:Мына қолғапта қайсысың тұрасың ?,-депті. Тышқан:Мен шиқылдауық тышқанмын,Ал сен кімсің№-деп сұрапты.
Бақа:Мен бақылдауық бақамын мені кіргізші?- депті. Тышқан: «Кел» -депті. Сөйтіп ,олар қолғаптың ішінде екеу болыпты.Міне,Қоянда жүгіріп келіп,қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрсың?»,-депті. Тышан,бақа: «Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын.Ал сен қайсы жануарсың?»-деп сұрапты. Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті. Олар: «Кел»-депті. Сөйтіп олар үшеу болыпты. Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын.Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті. Түлкі: «Мен әпкелеріңмін.Кіргізіңдерші мені де»-депті. Олар: «Жарайды, кел»-депті. Сөйтіп,қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың ?»-депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, менТүлкімін.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті. Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын,кіргізіңдерші мені де»,-депті. Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. «Хрпо-хро-хро»,-деп қабан жүгіріп келіпті: Мына қолғапта қайсысың тұрасың ?,-депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, менТүлкімін,ал мен Қасқырмын.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті. Қабан: «Мен Қабанмын, мені декігізіңдерші»,-депті. Олар: Сен мұнда қалай кіресің,-дейді. Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер»,-депті. Олар: «Жарайды ,кіре ғой»-депті.Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»-депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, менТүлкімін,ал мен Қасқырмын,.Мен қабанмын.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті. Аю: «Қалай көпсіңдер,мені де кіргізіңдерші?»-депті. Олар:Қалай кіргіземіз,өзі іші тар боп тұрса?» Аю: «Қалай болса да сыйамыз?»-депті. Олар: «Жарайды, кел жанымызға». Сөйтіп аюда сыйып жетеу болыпты.Қолғаптың іші тар,міне жарылайындеп тұрғандай.Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады.Сөйтіп қайта кері қарайжүреді,ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып,қолғапты көреді.Қолғап қозғалып жатыр.Ит сонда: «әуп-әуп-әуп»,-депүреді.Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып,барлығы жан-жаққа қашып кетеді.Атай өз қолғабын көріп алып кетті.
Сұрақ-жауап: -Балалар ,сендерге ертегі ұнады ма? -Балалар,ертегі не жайында айтылған. -Иә,ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай,бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдерме? Біз де осылай дос болуымыз керек.Біздің топта қанша бала болса,сонша біздің досымыз көп екен.
Мақал-мәтелдерді қайталайық: «Досы көпті жау алмайды»
Сергіту жаттығуы: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Қосыпедім,екеуін, Болады екен он саусақ.
Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап»Мақсаты: оң-солды ажырата білуге, қолғаптың сыңарын дұрыс табуға үйрету. Ойын шарты: дәптердегі «қолғаптың сыңарын тап» тапсырмасын орындау.
|
Балалар келіседі.
Балалар бір-бірлеп ертегі кейіпкерлерінің рольін алып,әр кейіпкердің бейнесін іс-қимылмен,дауыс ырғағымен келістіруге тырысады.
Тышқан рольіндегі бала шиқылдап жүгіріп келіп:Мен енді осында тұрамын,-дейді.
Тышқан:Мен шиқылдауық тышқанмын,ал сен кімсің? Бақа:мен Бақамын.Мені кіргізші. Тышқан: «Кел»
Тышан,бақа:
«Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын.Ал сен қайсы жануарсың?»-деп сұрапты.
Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті
Олар: «Кел»-депті. Сөйтіп олар үшеу болыпты. Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті. Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын.Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін.Кіргізіңдерші мені де»-депті. Олар: «Жарайды, кел»-депті
Сөйтіп,қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың ?»-депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын,желаяқ Қоянмын, менТүлкімін.Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.
Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын,кіргізіңдерші мені де»,-депті.
Осылайша балалар әр кейіпкердің рольін сомдайды.
Әр жануардың дауысын салуға тырысады.
-Әрине ,ұнады. -Ертегі,бірлік, достық жайында айтылған.
«Досы көпті жау алмайды» мақал-мәтелін қайталайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Дәптерді ашып тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік | Дәптермен ұқыпты жұмыс жасауға ұсыныс білдіру. | Ұсынысты қабылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:оң мен солды ажыратуды;
Игерді :өз ойын еркін жеткізуді;
Меңгерді: жануарлар дауысын салуды біледі