Басы » Ғылыми жобалар » Дыбыс қасиеттерінің медицинадағы маңызы

Дыбыс қасиеттерінің медицинадағы маңызы

Тақырыбы: « Дыбыс қасиеттерінің медицинадағы  маңызы»

жұмысты дайындаған : Советханов Мадихан Манасұлы.                   

Жетекшісі: Игиликова Гулбану Ерказыевна    

бағыты: физика  және  математика.

мақсаты:ғылыми техникалық  жетістіктердің  дамып,өркендеуінде медицина  ғылымдары мен физикалық  құбылыстардың  байланысын  ашу.      

жұмыстың міндеттері:а)физика құбылыстарын медициналық факторлармен байланыстыра отырып біліктіліктілікті дамыту                                                                                      ә)физикалық заңдарға медициналықкөбен қарап, екі ғылымның байланысын ашу және қызығушылықты арттыру.

ұстанымы : «Білім-іздегенге  табылады»

жоспар.

кіріспе бөлімі

негізгі бөлім ( физикадан теориялық  бөлімі )

медициналықзаңдылықтыр                                                                                                                          қорытынды

әдебиеттер тізімі.

Кіріспе бөлім

Әлемдік өркениеттің ең басты дамушысы – ғылым.                                         Ғылымның жетістіктер і-инженерлік генетика, атомдық  энергетика, микроэлектроника, ғарыштық техниканы  жаһанданудың байланыс жүйелерін жасауға алып келді, жасанды интеллект пайда болады. Қазіргі өркендеу заманындағы ғылыми жетістіктердің жоғары сатыға көтерілуі көптеген ғылымдардың байланысының негізін қалаушы физика ғылымынан тарай отырып, негізгі рөл атқарады.                                                                                Физика- адамның табиғат заңдарын танып білуге деген табиғи ұмтылысын түсіндіретін ғылым.                                                                                                                  Бізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер – табиғат деген ұғымды білдіреді.Адамның пайда болуы, өмірге келуі,өмір сүруі барлығында физикалық процестер өтіп жатады.Адамның тіршілік көзі-ауа болса,тыныс алу жүйелері арқылы оларды басқарып тұратын жүрек, ми, есту органы, сөйлеу, тамырлардан қанның ағу заңдылықтары, қан қысымының қалыпты жағдайларын т.б заңдылықтарды зерттеу  үшін алдымен физика заңдарын оқып үйренеміз. Бұл физика мен медицина ғылымдарының туыстығын дәлелдейді.Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғат ғылымдарын терең меңгергенде ғана біз өзіміздің айналамызды толық зерттеп білеміз.      Мысалы: медицина, биология заңдарын пайдаланып жануарлар,адамдар жер бетінде қалай өмір сүреді ,балықтар қалай қозғалады,олар дыбысты қалай шығарады немесе  еститінін сипаттауға болады.Физиканың ғылыми жаңалықтарын көптеген мамандар: дәрігерлер, конструкторлар, агрономдар пайдаланады.Физика жаратылыстану ғылымдары болғандықтан ол бірнеше саланы біріктіріп тұр.Физикада тағы бір қозғалыс түрі-толқындар.Күнделікті өмірде дыбыс толқындары, сұйық бетіндегі толқындар және электромагниттік толқындар кездеседі.Менің негізгі мақсатым-мектеп курсында физикадан толқындар тарауынан оқыған-«дыбыс толқындары» құбылыстарына қызыққандықтан оны тереңірек зерттеп, ол құбылыстар туралы мәліметтер жинау, қасиеттерін ұғыну, айналамда болған оқиғаларға ғылыми көзқарас  негізінен қарау, оның адамзатқа пайдасы мен зиянын ашу еді.

Негізгі бөлім (физика)

Табиғаты әр түрлі болғанымен, барлық толқындар ортақ заңдылықтарға бағынады. Су бетіне тас лақтырғанда түскен жерінен бастап су ығысып, ойыс пайда болып, су дөңгелек сақина пішінді өркеш түрінде тарайды. Бұл – толқындық қозғалыс. Тура осы көзбен көргенді кеңістікте,яғни ауада біз дыбыс таралуын көз алдымызға елестетуімізге болады.Дыбыс дегеніміз- тербеліс жиілігі 16Гц-тен 20000 Герц аралығындағы механикалық толқындар, яғни осы аралықта адамда дыбыс әсерін тудырады.                                               ν>20000 Гц аралығы- ультрадыбыстар, ν<16 Гц аралығы инфрадыбыстар.Бұл аралықтарда адам құлағы қабылдамайды. Ауасы жоқ бостықта дыбыс тарала алмайды, себебі тербелісті жеткізетін зат бөлшектері жоқ болғандықтан. Дыбыс біздің құлағымызға ауа арқылы жетеді. Алақанымызды аузымызға жақындатып тұрып дыбыстасақ, белгілі бір мөлшерде шығатын дем алақанымызға әсер етіп, оны сәл қысатынын сеземіз. Бұл дыбыс  желбезегінің туғызатын тербелістері .Тербелістер дыбыс шыққан кезде- өзінің таралу бағытында ортадағы бөлшектерді итереді, ол жерде ауа тығыздалады, бұл тығыздалу аймағы сиреу аймағына алмасады.Осылай – сиреу мен тығыздалу аймақтары дыбыс желбезегіндегі тудыратын тербелістер бағытында тарайды. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады.Таралу жылдамдығы зат бөлшектері бір-бірімен тығыз байланысқан ортада үлкенірек болады, себебі,деформация кезінде туатын серпімділік күштері көбірек болатындықтан.Мысалы: су мен ауаны салыстырсақ = 330 м/с; =1480 м/с Қатты денелерде дыбыс оданда жылдамырақ тарайды,мысалы =6000 м/с. Дыбыс ауада баяу таралатынына –найзағай жарқылынан кейін күннің күркіреген дыбысы  естілетінен көз жеткізуге болады.Негізінде- найзағай жарқылы мен күн күркіреуі бір мезгілде болады,бірақ жарық  с=3*  м/с жылдамдықпен тарағандықтан жарқылды тура сол мезетте көреміз, ал күн күркіреуі кешігіп  еститіндігіміз ауада дыбыс  υ=330м/с жылдамдықпен тарайтындығынан екені мәлім. Ол жарық жылдамдығынан 5 секунд ішінде 2 км-ге кешігіп келеді. Дыбысты санамызда сипаттау үшін-оны қабылдауымыз дыбыстың қаттылығы, тонның биіктігі сияқты шамаларды біліп, олардың адамзат организміне шекті аймақтарын білуіміз керек. Дыбыс қаттылығы- дыбыс шығаратын денелердің  тербеліс амплитудасымен анықталады.Құлақты ауыртатын ең қатты дыбыс энергиясы орташа қабылдай алатын ең бәсең  дыбыс энергиясынан 10 триллион есе артық болады.Адам құлағы әр түрлі жиілікті дыбыстарды бірдей қабылдамайды. Әр адам дыбыстарды түрліше қабылдайды. Мысалы: қандайда бір дыбысты-бір адам қатты, ал екінші ақырын қабылдауы мүмкін.Құлақ ішіндегі дабыл жарғағының дыбысты сезу қабілеттілігі – жасы ұлғайған кісілерде кеми түседі. Бұл кезде есту диапазонының төменгі шегі жоғарылап, жоғарғы шегі кемиді. Адам қабылдайтын дыбыс қаттылығының диапазоны 0-ден 140 дБ-ге дейін. Мысалы: ұшақ моторы гүрілдеуінің энергиясы жапырақ сыбдырымен салыстырғанда 10 есе көп, қаттылығы бойынша — ұшақ -120 дБ, жапырақ- 10 дБ дыбыс береді. Егер дыбыс қаттылығы 180 дБ- жоғары болса, онда адамның құлақ жарғағы зақымданады. Құлақтың орташа ауыртпалықты  сезінуі 130 дБ аймағында. Адамның даусына өзіндік бояу беретін дыбыс сапасы-оның тембрі.Тембр арқылы біз кімнің сөйлеп жатқанын ажыратамыз. Әртүрлі шулардың ерекшелігі – оларға қандайда бір жиілік сәйкес келеді. Шу- әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы. Адам құлағына жағымды шулар жапырақ сыбдыры,өзен  суының сылдыры, құстардың дауысы , судың сәл шалпылдауы. Адам құлағына жағымсыз шулар- өнеркәсіп, көлік шулары. Мысалы, кейде өнеркәсіпте 90дБ-ге жететін шулар байқалады, бұл әрине зиян. Тұрмыстық техника шулары, яғни біздің үйлерімізде жаңа заманда пайда бола бастаған шулар. Бұрын шуға көп көңіл бөлмейтін, алайда қазір шу адам денсаулығына  кері әсерін тигізе бастағандықтан, оларға қатаң шаралар жүргізілуде. Шу жоғары болса- құлақтың дыбыс қабылдауы нашарлайды. Организмдегі жүйке жүйесін бұзады, психологиясына кері әсерін тигізеді. Оның байқаусыз әсерінен шу ауруы пайда болады. Адамның дыбыс резанаторлары – көмекей  қуысы арқылы өтіп, ерін мен тілдің қатысуы арқылы өтеді. Ультрадыбыстармен инфрадыбыстарды  адам қабылдамасада олар белгілі бір дәрежеде адам организміне  әсер етеді. Мысалы: 5 Гц-тен 9 Гц дейінгі дыбыстар инфрадыбыстар – бауырдың, асқазанның,көкбауырдың тербелісін арттырады,көкірек қуысында  ауыртпалық туғызады. Адам организміне кері әсерін тигізеді. Ультрадыбыстарды- адам арнайы құралдар көмегімен ести алады. Ультрадыбыс- медицинада адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін қолданылады. Сүйек,май,бұлшық етте ультрадыбыстар түрліше шағылады. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі түрлі ауытқулар- қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгеруін анықтайды. Бірақ мұны шектен тыс көп уақыт бойы қабылдауына болмайды, ол нерв жүйесіне әсер етеді,қанның құрамы, сапасының және қан қысымының өзгеруін, бастың ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Бізді қоршаған орта әртүрлі дыбыстарға бай. Мысалы: сағат тықылы, мотор үні, рояльда ойнау, жапырақ сыбдыры, адамдар даусы т.б. Адамның дыбыстық аппараты күрделі тербелмелі жүйеге жатады.  Дыбыс айналамызда, қоршаған ортада , атап айтсақ, таудан, орманнан, ауадан да шағылады.Ондай кезді жаңғырық дейді.Бұл дыбыстың шағылуын теңіз тереңдігін өлшеуге қолдануға болады.Дыбыс- жұтылады, яғни сұйыққа қарағанда газдарда( ауада)Ауа температурасының  өзгеруіне байланысты дыбыс әртүрлі естіледі. Мысалы: суық аязда қатты, анық, жақсы естіледі.Әншілердің дауысы, скрипка үні құлаққа жағымды естіледі, оны обертоны жақсы деп атайды.Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен байланыста болады.Адамның қарым-қатынас құралында, өзара сөйлеуінде есту мүшесінің маңызы өте зор.Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелерінің жұмысына әсерін тигізеді, оларды реттеуге қатысады.Адамды қауіптен сақтауда ақпараттың маңызы үлкен. Мысалы: адам мен жануарлардың өзгешілігі сол:бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі қатты дыбыс шығармайды. Сүт  қоректілерде тура және жалған дыбыс сіңірлері бар. Киттерде- дыбыс сіңірлері болмайды, ал кейбір маймылдарда шала дамыған.Сүт қоректілерде көмекей, құстарда дабыл қапшығы,кеңірдектің кеңейген жері дыбыстың қызметін атқарады. Дыбыс ерекшілігі: балықтарда құлақ жоқ, бірақ олар дыбысты өзінің терісі арқылы сезеді, ести алады.Кейбір тіршілік иелері:мысалы, жарқанаттар 21000 Гц-ке, дельфиндер 28000 Гц-ке дейінгі дыбыс тербелістерін қабылдайды. Жарқанаттар көрмей-ақ, дыбыспен ұшады.Теңізде – инфрадыбысты медуза, су шаяны сияқты жәндіктер жақсы қабылдайды.Ультрадыбысты –дельфиндер, иттер , жарқанаттар шығарады және естиді.Яғни, жарқанат ультрадыбыс шығарып, ұшу бағытында қорегін тауып жейді.                                                                                                                    Дыбыс тербелістерінің әсеріне – медициналық талдау: (медицина)               Адамның дыбыс сіңірлері тербеліске түсуінен дыбыс түзетін аппарат пайда болады.Бұл аппараттар қатарының түзілуіне  тыныс алу жолдары, өкпе, бронх, кеңірдек қатысады.Тыныс шығаруда- ашылған дыбыс саңылауы арқылы ауа өтеді, дыбыс түзілуде сіңірлер қатты созылып, дыбыс саңылауы жабылады. Ауадан саңылау аз ғана мөлшерде  ашылады, ол арқылы тыныс алу жолындағы ауа шығады, сіңір тербеліп, адам дыбысы пайда болады.                     Адам ағзасына музыканың әсері зор.                                                                                                                  Пергам патшалығы кезінде (б.э.д 3-ғ)-3,5 мың көрермен сиятын музыкалық медициналық театр салынған, онда сазды әуендер ойналып, адамдарды қайғы қасіреттен  айықтырған. Дыбыс қабылдайтын арнайы мүше-құлақ.Дыбыс-құлақтың қалқан қуысы арқылы миға беріледі. Мидың есту аймағында қоздырылады.Организмге пайдалы да, зиянды дыбыстар бар.Жағымсыз дыбыстар – адамды ауруға шалдықтырады.Мысалы: бала бақша мен мектеп мұғалімдері әрдайым у- шудан есту мүшелері көбіне ауруға  ұшырайды. Пайдалы, жағымды дыбыстар – ән-күй, музыкалық аспаптар, әнші құстар, орман шуылы, теңіз толқыны, сылдырап аққан су дыбысы.Дыбыс туралы Пифагор:« Музыка дегеніміз- адамның ой-өрісін жоғарылататын, дамытатын,құбылыс»- дейді.Адамның дыбысты қабылдауы 2-түрлі:              1-еуі – кәдімгі деп саналса , 2- шісі дәл сол дыбысты қатты (күшті) деп есептейді.Бұл әр адамның құлағының сезімталдығына байланысты. Адамның құлағына кейде қатты шуға үйреніп кеткендіктен- өте қатты дыбыс  байқалмауы да мүмкін. Бірақ ол біртіндеп организмге жинала береді.Кейіннен адам ауруға шалдығуы мүмкін- қан қысымы артып, жүйке тамырлары қозғыш болады, тез шаршап, ұйқысы бұзылуы мүмкін құлағы нашар естиді.Құлақ бөліктері:а) сыртқы құлаққа -құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады;  ә) ортаңғы құлақ-бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы,есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады және дыбыс толқындары ортаңғы құлаққа қатты әсерін тигізеді.Өте қатты дыбыс денсаулыққа зиян.                                                              Ішкі құлақ –«лабиринт» деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді.Кейде адам уақытша естімей қалуы мүмкін.Мысалы,құлаққа құлық қатқанда,құлақ ішіне іріңді жара шыққанда,т.б.Балаларда жиі кездесетін ауру түрі-сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі.Бұл кезде балалардың құлағы қышып,есту қабілеті төмендейді.Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып,сұйық зат бөлінеді.Үй жағдайында емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы жасауға болады немесе жылы тұзды ерітіндімен есту жолын тазалайды.Ал асқынып кетсе,хирургиялық операция жасайды.                                                                                                       Құлаққаптың зияны: есту қабілетіне әсерін тигізеді.Дәрігерлер күніне 3-сағаттан артық пайдаланған  адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын,музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады.Мамандар құлаққапты ұзақ уақыт бойы қолдану құлақтың есту қабілетін төмендетеді деп дабыл қағуда. Дыбыстық зерттеу әдісі-медицинада қолданылатын әдіс.Пальпация әдісі-қолмен сезу арқылы ағзалардың физикалық қасиеттерін, сезімталдығын, топографиялық орналасуын,организмдегі функционалдық құбылыстарды зерттейтін клиникалық әдіс.Аускультация –организмдегі өзінен-өзі пайда болған дыбыстарды,көбінесе ауалық,сұйықтық  қозғалыстардың  дыбыстарын тыңдау. Перкуссия жасағанда -адам организмінің мүшелері мен тіндері әртүрлі дыбыстар береді.Қалыпты жағдайда-ауалы ағзалардан(мысалы: өкпе,асқазан-ішек жолдары,көмекей,ауыз қуысы) ашық дыбыс шықса,ауасы жоқ ағзалар мен тіндер(оларға жатады: жүрек,бауыр,талақ,бұлшық еттер,тері, май қабаты) жәй(тұйықталған не тұйық) дыбыс естіледі.Физикалық жағынан алғанда перкуторлық дыбыстың күші,яғни дауысының ашықтығы дыбыс тербелістерінің амплитудасына байланысты болады.                               Қолданылуы:Ультрадыбыстық зерттеу: (син.эхография,ультрадыбыстық сканерлеу,сонография,УЗИ).Бұл тығыздығы әртүрлі тіндер мен ағзалардан өткен ультрадыбыс толқындарының әрқилы шағылысуына негізделген әдіс.Ультрадыбыстық эхография –ішкі ауруларды  анықтауда  кеңінен қолданылады.Эхокардиография-жүрек ақауларын,оның түрін,жүрек ісіктерінің өзгерістерін  табуға мүмкіндік береді.Сонымен бірге,бауыр,өт жолдары,ұйқы безі,бүйрек қалқанша безі,т.б.ағза ауруларын анықтауда маңызы зор.Ультрадыбыспен зерттеу әдісі- неврологияда(бас миы,ми қыртысын қарау),офтальмологияда (көздің оптикалық осін көздің торлы қабатының бүлінуін,көз және көз ұясы өспелерін анықтау), отоларингологияда(еріту қасиетінің төмендеу себептерін ажырату) акушерлік және гинекологияда (жүктілік мерзімін,жатырдан тыс және көп ұрықты жүктілікті),гидросальпинк әдісі(әйелдің жыныс ағза өспелерін,сүт бездерін зерттеуде),урологияда(қуықты тексеруге) қолданылады.                                                Экологиялық сараптама:                                                                                         Қазіргі кезде адам организміне зиянды техникалық жабдықтардың шулары, транспорт, өнеркәсіп шулары және аэродинамикалық шулар көздерін зерттеп олардың зиянды әсерімен күресуге көңіл бөлініп отыр. Жаңа заманғы –шуды бәсеңдететін вибрациялық материалдар бар.Тұрғын үйлердің ішкі қабырғаларын арнайы дыбыс өткізбейтін материалдармен қаптайды.Барлық тіршілік иелеріне дыбыстың әсері мол.                                                              Тышқанның қасына бірнеше уақыт жағымсыз дыбыстар жіберсе , ол естен танып құлайды екен, ал өсіп тұрған гүлдің қасына осындай дыбысты әсер еткізсе, гүл солып қалады екен, сонымен бірге адамның да мидағы орталығын зақымдайды. Өне бойы айқай-шу құлақты естуден айырады. Денсаулық сақтау ұйымдары тұрғын – үй, қоғамдық орындарға шудың санитарлық ережесін бекіткен орташа нормативте болу керек.(30-40дБ).Орташа норматив жайғана асықпай әңгімелескендегі шығатын дыбыс қаттылығы.Бұл ережені сақтау баршаның міндеті.Шуға қарсы күрес шараларын жүргізу керек.Үлкен қалаларда көлік шулары зиянды.Жұмсақ жиһаздар, кілем, төсеніштер және адам көп жиналған бөлмелер дыбысты жақсы жұтады.Әншілер, музыканттар дайындықта жұмсақ жиһаз толы бөлмелерде жайсыздық сезеді, олар дыбысты жұтады. Инфрадыбысты да тек керек мақсатта ғана қолданады, оның да зияны өте көп. Көбінесе әскери жұмыстарда пайдаланылады.                              Тәжірибелік сараптаулар:                                                                                       1 Жалпақ тәрелке алып дәл ортасына аузымызды тосайықта ән айтайық, тәрелкені әрлі-бері қозғайық ,сонда бір емес бірнеше кісі ән айтып тұрғандай естіледі.Негізінде жалғыз адам ән айтып тұр.Бұл- шағылуы.                                                2 Орамалға орап, жүріп тұрған сағатты 3 литрлік бидонға салайық. Фанер алып бидонның жоғарғы жағына бұрышқа бұрып ұстасақ, дыбыс шағылғанды күшейтетіндіктен дыбысты анық естиміз.                                                               3 Металл үлкен қасық алып, ұзындығы 75-80 сантиметр жіптің тура ортасына сол қасықты байлап қояйық.Жіптің 2 ұшын түйіп, құлағымызға кигізіп, басты төмен иіп тұрып үстелге не орындыққа қасықты ұрсақ, дыбыс жіп бойымен өтіп колокол дыбысы түрінде естіледі.                                                                             4 Алақанымызды ауызға жақындатып қандайда бір дауысты дыбыстайық. Сол кезде дыбыс демімен алақанымыз сәл қысылғанын сеземіз.                                       «Теңіз тереңдігіне дейінгі жаңғырық»                                                                       Ұзақ жылдар бойы жаңғырық туралы заңдылықтар сырын адамдар түсінбей келген.Кейінірек,теңіз және мұхит тереңдігін осы жаңғырық көмегімен өлшеу тәсілдері ойлап табылды.1912 жылы барлық  жолаушылармен батып кеткен өте үлкен кеме «Титаник»- кездейсоқ жағдайда үлкен мұз кесегіне соғылғаны анықталып,оның су түбіндегі орнын табуда осы жаңғырық әдісін пайдаланған.                                                                                                 Эксперименттік жұмыс:                                                                                                    « Өлшеуіш лента орнына дыбыс»                                                                                    Дыбыс қасиеттері туралы білімдерімізге сүйене отырып, алыстағы көрінбей (табылмай) тұрған заттардың (денелердің) ара қашықтығын өлшеу үшін дыбысты қолдануға болады.Осындай жағдай Жюль Верннің «Жер ортасына саяхат» атты романында суреттелген. Саяхат уақытында 2 саяхатшы- профессор және оның немере  інісі бір-бірінен адасып қалады. Кейінірек олар бір-бірінің өте алыста екенін сезеді. Қайсы бағытқа қарай және қаншалықты алысқа кеткенін анықтау үшін олардың  арасындағы дауыстап айғайлау немесе әңгімелесуге мүмкіндік туған сәтте хронометр көмегімен, бір-бірінің атын дауыстап шақырып, тура дауыстаған кездегі секундын бақылап тұрады. 2-ші жақтағы тыңдаушы сол атын атаған дыбыс жеткен сәтін күтіп, ол бірден қайта жауап береді. (яғни, профессорға жауап қатады.) Ол дыбыс профессорға барып жеткен уақытында белгілеп алады. Сонда дыбыс беру мен оған жауап беру уақытының жартысы- яғни, дыбыс қанша секундта қабылданатын болса, сондай уақытта бір-біріне жетуге болады деп анықтаған.  Дыбыс келгенге дейін, және жауабы қайта барғанға дейін 40 секунд аралығы өтсе, оның жартысы 20 секунд, ол километрдің 1/3 бөлігіне сәйкес, сонда 20:3=7 болса, екеуінің  аралығы жуықтап 7 шақырымдай жерде тұрғанын дәлелдеген. Дыбыстық айналар                                                                                         Орман ішіндегі ағаштар арасы, биік қорғандар, құрылыста  немесе кез-келген бөлініп тұрған орталарда , тауларда жаңғырықтар пайда болады.Ол дыбыстың шағылуы, айнадан сәуле шағылуы секілді. Кеңістіктегі кез-келген бөгеттер дыбыс үшін тура, жазық айнаның жарық шағылдырғанындай дыбысты шағылдырғыштар қызметін атқарады. Дыбыс айналары жазық, дөңес, қисық болып келеді.[Вогнутье зеркало] Дыбыстық айналар рефлектор тәрізді әсер етеді, «дыбыс сәулелерін» — өз ортасында шағылдырады. Екі терең тәрелке алып-қызықты тәжірибе жасауға болады. Бір тәрелкені столға қойып, оның түбінен бірнеше см-қашықтықта қалта сағатын ұстаңыз. Егер сағаттың орны, дәл құлақтағы тәрелкеге қашықтығы – қойылған орны дәл келгенде, яғни дұрыс табылса, сіз сағаттың соғуын анық естисіз. Ол тура сіздің құлағыңыз түбіндегі тәрелкеден соғып тұрған тәрізді естіледі. Егер көзді жұмып тыңдасақ елестету күшейе түседі, онда есту, тыңдау арқылы сағаттың қайда тұрғанын тура анықтау мүмкін емес.Орта ғасырларда үлкен сарайлар тұрғызғанда құрылысшылар – осындай кездейсоқтықтарды пайдаланған. 16-ғасырда үлкен трубалар арқылы –мрамор тастан жасалған ескерткіш мүсіндер сыбырлап сөйлегендей, не ән салып тұрғандай етіп сезілетіндей әртүрлі дыбыс шашырауын бағыттауды ойлап тапқан. Бұларды арнайы үлкен сарайларға орнатқан. Сарай төбелерінен шағылған әртүрлі  дыбыстар сырттан өтіп бір қабырғадан  2-ші  қабырғаға тигенде тас мүсіндер сөйлеп тұрғандай әсер қалдыратын галереяларды тамашалауға тарту етіпті.

Театр залындағы дыбыстар                                                                                      Кімде- кім театр залына жиірек баратын болса, не концерт  залдарында- акустикалық дыбыстар өте жақсы екенін байқайды. Бірақ кейде нашар акустикалық залдар да бар екенін, бұл адамдар айыра алады. Кейде, артистің даусы, музыкалық аспаптың дауысы өте алыстағы қабырға бетінен келіп тұрғандай, кейде тура құлағыңыздың түбінен ойнап тұрғандай болады. Бұл құбылыстардың себептері мен сиқырын американ физигі Вудтың «Дыбыс толқындары және олардың қолданылуы» кітабында айтылғанындай :                       — Ғимараттарда құбылыстардың себептері кез-келген дыбыс жеткілікті ұзақ уақыт бойы,дыбыс көзінен ойналғаннан бастап таралады. Бірнеше рет шағылудан соң, ол дыбыс бірнеше рет ғимаратты айналып өтіп шығады, осы уақытта басқа да дыбыстар тарай бастайдыы. Сондықтан тыңдаушы оны ретімен айырып білетіндей, дыбысты ұстап алатындай күйде жиі болмайды. Мысалы: дыбыс 3 секундқа созылса және тоқтамай сөйлейтін кісі секундына 3 есе тез, қатты жылдамдықпен сөйлесе, онда дыбыс толқындары бөлмеде шу мен анық емес түсініксіз дыбыстар шығады. Мұндай жағдайда сөйлеуші анық айту, өте тез сөйлемеуі, әрі қатты сөйлемеуі қажет болады. Бірақ, көбінесе сөйлеуші кісі керісінше қатты сөйлеуге тырысады, ол мұнымен шуды көбейтеді.Театрда тағы бір қызықты зат бар:Ол«суфлерская будка» деп аталады. Ол барлық театрда бірдей формада сияқты-егер оған сіз мән беріп қарасаңыз әрине.Себебі бұл- физикалық прибор болып саналады.  Будка –дөңес дыбыс айнасы рөлін атқарады. Ол 2- түрлі мәнге ие;а)дыбыс толқынын ұстау;ә)«Суфлерская будкадан»- халыққа қарай баратын дыбыстың бағыты. Сонымен бірге, бұл толқындарды сахнаға қарай  бағыттайды.

Қорытынды.  Дыбыс толқындарының адам денсаулығына әсері өте маңызды,өйткені мұнда пайдасы да зияны да кездеседі.Пайдасы-музыка адамның көңіл-күйін көтереді,табиғатпен қарым-қатынасын жақсартады, зияны құлаққап, жарылыстар,шулар жаңғырықтар.                                                                                                                      « Дені саудың-жаны сау»- демекші дыбыс туралы алған білімдерімізден пайдалы жақтарын алып, зиянынан қашып, олардың қызықты керекті қасиеттерін пайдалануды үйренейік.Болашақтағы арманым- физика мен биология ғылымын тереңірек оқып үйреніп,дәрігер болғым келеді.                                                                               Зерттеу бөлімінде                                                                                                       Ақпан айында бірнеше күн қатарынан рельстен поездың  үнін бақыладым, ол тура менің қасымнан шығып тұрғандай, әрине поезд жол мектеп пен үйге дейін 3 шақырымдай алыста. Ал шілдеде мұндай дыбысты бақылай алмадым, бірақ тұрған арақашықтығым қыстағыдай.  Сонда бұдан- дыбыстың таралуы температураға да байланысты ауа температурасы, қысымына  әсер етеді  деген ережеге өзімнің көзімді жеткіздім.                                                               Әдебиеттер тізімі:                                                                                                     1,0 1,1 1,2  Физика және астрономия: Жалпа білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.Өңделген,толықт.2-бас.(Р.Башарұлы,Д.Қазақбаева,У.Тоқбергенова,Н.Бекбасар-Алматы:«Мектеп» баспасы,2009-240 бет  ISBN  9965-36-700-0

Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика(Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.профессор Е.Арын-Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.2007. ISBN  9965-08-235-9.   Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі (Экология және табиғат қорғау) Жалпы редакциясын басқарған –түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми  жетекшісі,педагогика ғылымдарының докторы,профессор,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов-Алматы:«Мектеп»баспасы  ЖАҚ,2002-456бет. ISBN 5-7667-8284-5.            Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздігі: Көлік(профессор Е.Арын-Павлодар «ЭКО»ҒӨФ.2006. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика (Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,профессор Е.Арын-Павлодар :С Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,2006. ISBN 9965-808-88-0.  О.Д.Дайырбеков,Б.Е.Алтынбеков,Б.К.Торғауытов,У.И.Кенесариев,Т.С. Хайдарова «Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.Шымкент «Ғасыр-Ш»,2005жыл. ISBN 9965-752-06-0   Қ.С.Энциклопедиялары 2-10 том                                                                                            «Халықтың санитарлық –эпидемиологиялық сауаттылығы туралы » ҚР заңы 4-желтоқсан.                                                                                                                  «Денсаулық » журналы .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *