Ақмола облысы Аршалы ауданы №3 Аршалы орта мектебінің физика математика пәні мұғалімі Игиликова Гулбану Ерказыевна.
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың дисперсиясы.
Мақсаты
білімділік:дисперсия құбылысын тұжырымдау
дамытушылығы:табиғаттағы,тұрмыстағы дисперсия құбылысын мысалдармен түсіндіру
тәрбиелілігі:оқушылардың қызығушылығын және ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілдері:теориямен практикалық тапсырмаларды байланыстыра талдау.
Сабақтың типі: Аралас типті.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,фильмдер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Жаңа материалдан түсінік беру.
Материалды бекіту.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа материалды түсіндіріп,дисперсия құбылысына мысалдар келтіру арқылы оқушылардың алған білімдерін бекітеміз.
- Кемпірқосақтың пайда болуы.Жарық жаңбыр тамшысына түсіп шағылады да,аспанда жарық шоқтарына жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.
- Шөп пен жапырақтардың түсі жазда жасыл болып,күзде сары болып көрінеді.
Жазда жапырақ 7 түстің жасыл түсін шағылдырады да қалғанын өзіне жұтады.
Осы тұста ұлы Абайдың мына өлең жолы сәйкестік табады:
«Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.»
Оқушыларға бекіту сұрақтары:
- Күн батарда немесе қызыл арай неліктен пайда болады?(құбылысты түсіндір)
- Жарықтың түсі неге тәуелді болады?
- Күн сәулесі қандай жылдамдықпен тарайды?
- Күн сәулесінің Жерге 8 минутта жететінін түсіндір!
- Жарықтың шағылу заңын тұжырымда!
- Сыну заңын тұжырымда!
(Формуласын жазып,тақтаға сызып көрсетіп беру) Үй тапсырмасын тексеруге сергіту сұрақтары:(викторина ойнау)
- Жарық қандай түстерден тұрады?
- Аспанның,мұхиттардың түсі неге көк?
- Алыста Күн күркүреді.Қай құбылыс бізге алдымен жетеді?Күркүреген дыбысын ба? Әлде жарқылын көреміз бе?
- Біртекті ортада жарық қалай тарайды?(түзу сызықты)
- Сағым дегеніміз қандай құбылыс?
Жұмбақ шешеміз:
Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарлармен тізіліп ап,
Арттарында ізі қалды. (Кемпірқосақ)
Қусаң-қашады,жеткізбейді,
Қашсаң-қуады. (Көлеңке)
Сөзжұмбақ шешу:
- Жарық жылдамдығын ашқан француз физигі?
- Жарықтың сыну көрсеткішінің оның түсіне тәуелділігі.
- Ағылшын физигі.
- Табиғат туралы ғылым.
- Дүние жүзінде ең биік телемұнара?
- Жер бетіне жақын атмосфераның біртекті еместігі қандай оптикалық тудырады?
1 | о | |||||||||||||||||
2 | п | |||||||||||||||||
3 | т | |||||||||||||||||
4 | и | |||||||||||||||||
5 | к | |||||||||||||||||
6 | а |
Эксперимент жасау: Бітеу шыны ішіне қарындаш салып,оны бос стаканға саламыз.Стаканға су құямыз,шыны ыдыс ішінде қарындашқа су беті арқылы қарайды.Неліктен қарындаш көрінбейді?Ал шыны ыдыс беті жарқыраған сияқты болып көрінеді.Шыны ыдысқа аздап су құйса,енді қарындаштың біраз бөлігі көріне бастайды.(Құбылысты оқушылардың талдауына ұсынамыз)
Үйге тапсырма беру,бағалау.