Уалиева Аймангүл Серікқажықызы.
Сарыарқа қазақ жалпы орта білім беру мектебі.
Шығыс Қазақстан облысы.
Аякөз ауданы.
Сарыарқа ауылы.
Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күші әрекетінен сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын есептеу.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұйықтың немесе газдың ыдыс қабырғаларына әсер ететін қысымының формуласын қорыту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін жеткізе білу. Берілген тақырыпқа сай сыни тұрғыдан ойлау.
Тәрбиелілік: Олардың ойлау қабілеттерін шыңдау. Білім үшін жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың типі: баяндау тәсілі бойынша жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың әдісі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: аудандары әр түрлі ыдыстар (су, күнбағыс майы, сүт), Power Point бағдарламасында презентация.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру.
- Мотивация кезеңі.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Білім бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
Балалар, біздер қысым тақырыбын оқып жатырмыз. Қысым сөзін қандай жағжайда қолдандық.
Шаңғымен жүрген адам бәтеңкемен тұрған адамнан гөрі аз қысым түсіреді. Өткір иненің көзі тебен инеден гөрі матаға тез кіреді. Енднше өткен тақырыптарымызға біраз қайталау жасайық. Ол үшін 1-ші тапсырмаға назар аударайық.
- «Кім қайда?» деп аталады.
- Кестеде шатастырып жазылған физикалық шамалар берілген. Сол сөздерді шешу арқылы кестені толтырамыз.
Кесте экраннан көрсетіледі де, оқушылар алдындаға кестелерін өздері толтырады.
2 түрлі кесте беріледі.
- Балалар, өзімізді қызықтыратын биология пәніне байланысты біраз сұрақтарға жауап беріп көрейік;ъ
- Кірпінің инелері неге қолға кіреді?
- Бал арасының инелері неге өткір?
- Роза гүлдері сабағының тікендерінің бетке түсіретін қысымы неге үлкен?
Өткен сабағымызда гидравликалық машинадағы сұйыққа поршень тарапынан күш әрекет еткен кезде қысымның берілуін қарастырайық. Бұл сұйыққа сыртқы күштерәрекет еткен жағдай. Сұйықтың төменгі қабатына оның жоғарғы қабатындағы салмағы әсер етеді. Сондықтан ең үлкен қысым төменгі қабатында болады.
- Параллелепипед пішінді ыдыстың ішіне су толтырылған. Сол ыдысты ойша бірнеше қабаттарға бөлейік.
___________d d- оның ең жоғарғы қабаты ауырлық күші әрекетінен с қабатына қысым
____________ c түсіреді, с қабаты b қабатына қысым түсіреді, енді осы с және b қабаттары
____________b қысымын паскаль заңы бойынша ең төменгі а қабатына қысым түсіреді.
____________ a
- Сонда, өздерің айтыңдар, ең көп қысым сұйықтың қай бөлігінде?
- Ең төменгі бөлігінде, олай болса, сұйық ішіндегі қысым оның ең төменгі жағында көп болады деп қорытындылаймыз.
Ал, біз күнделікті сұйықтың бірнеше түрлерін көріп, пайдаланып та жүрміз. Мысалы, сүт, су, күнбағыс майы т.б. Сұйықтың бұл түрлерінде қысым қалай болады? Бұл жерде заттың тығыздығы деген ұғымға қайта ораламыз. Сонда қысым тығыздыққа да байланысты болады, кестеде қайсының тығыздығы көп болса, қысымы көп, аз болса, қысымы аз.
Ал газдар ше, бұл заттың күйінде тығыздығы өте аз болғандықтан көп жағдайларда газ салмағы есепке алынбайды.
- Олай болса, сұйық ішіндегі қысым қандай шамаларға тәуелді?
- Біріншіден, сұйық горизонталь бағытта болғанда оның салмағы ауырлық күшіне тең:
;
- Оқушыларға формулаға енген шамаларды бірнеше рет қайталап, сұйық ішіндегі қысым қайнай шамаға тәуелді болатынын өздеріне айтқызу.
- Сонымен сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады.
- Сабақты бекіту мақсатында 2 есеп экраннан беріледі.
1-есеп: Деңгейі 10 см, тығыздығы 1800 кг/м3 сұйықтың цилиндр ішінде ыдыстың түбіне түсіретін қысымын есепте.
h = 10 см = 0.1 м
ρ = 1800 кг/м3
p — ?
2-есеп: Ыдыстың түбіне керосин (ρ ) 1500 Па қысым түсірсе, қандай деңгейде сұйық құйылған?
ρ деңгейі төмен болса, қысым көп болады.
p
h — ?
- Сабақты «кубизм» әдісімен бекіту;
Кубтың алты қырындағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап, білім бағаланады.
Кубтың 6 қырына 6 сұрақ:
- Қысымның формуласы.
- Сұйық ішіндегі қысым.
- Сұйық ішіндегі қысым қай шамаға тәуелді емес?
- Сұйықтардың бәрі бірдей қысым түсіре ме?
- Ең тығыздығы көп сұйық?
- Қысымның өлшем бірлігі.
- Оқушылырдың білім бағалау парағы бойынша бағаларын айтып шығу.
- Үйге тапсырма. § 37 Есептер жинағынан: № 137; 138