Уалиева Аймангүл Серікқажықызы.
Сарыарқа қазақ жалпы орта білім беру мектебі.
Шығыс Қазақстан облысы.
Аякөз ауданы.
Сарыарқа ауылы.
Ғарыш әлемінің 50 жылдығына арналған оқушылар конференциясы.
Жоспары:
- Кіріспе сөз.
- Аспан неге көгілдір? Рахметбаева А. 9 сынып
- Космос деген не? Сақажанова Ж. 9 сынып
- Әдеби – монтаж. О. Сүлейменов «Адамға табын, Жер енді» 10 сынып оқушылары.
- Ғарышқа ұшу идеясы. Искакова А. 9 сынып
- Ғарыш кеме жасаушы конструкторлар жайлы. Зарипов А. 9 сынып
- Ю. Гагарин өмірі жайлы. Нұрмұхамбетов О. 9 сынып
- Егеменді елдің тұңғыш ғарышкерлері жайлы.(Тоқтар Әубакиров пен Талғат Мұсабаев) 10 сынып оқушылары: Қажыкелді С, Қанағатов Р.
- Ғарыш әлемі жайлы сұхбат.
- Белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.
Қопарылып бұлттың шөккенін,
Сырларын ұғып жасырын.
Ғарыш әлемі жайында
Жиынымызды бастаймыз
Жиынымызды өздеріңізді қызықтырып жүрген тақырыптардан бастаймыз.
- Аспан неге көгілдір?
- Космос деген не?
Келесі тыңдайтындарыңыз ақын Олжас Сүлейменовтың «Адамға табын, Жер енді» атты Ю. Гагаринге арналған поэмасынан үзінді.
Орындайтындар: 10 сынып оқушылары.
Жинаған бүгін жиынға,
Тұңғиық аспан төріне
Төрлеген біздің ерлер бар
Соларға құлақ салыңдар.
«Ғарышқа ұшу идеясы» Орындайтын: Искакова А.
Дүрілде толтырып тау қыратымды.
Таптым мен аңсаған мұратымды
Ғасырлар шөліркеген дала арманы,
Ғарышқа ракета боп тік атылды.
Ғарыш кемелерін жасаушы конструкторлар жайлы 9 сынып оқушысы
Зарипов А. баяндайды.
Қос ғарышкер
Тоқтар менен Талғат десем,
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік ғарыш керек,
Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер!
Сіздерге Тоқтар мен Талғат ағаларымыздың өмір жолдары туралы 10 сынып оқушылары Қажыкелді С. мен Қанағатов Р. айтып береді.
«Ғарыш әлемі» жайлы сұхбат.
Қатысушылар: Е.Қ. газетінің тілшісі, физик-ғалым, Жас Алаш газетінің тілшісі, Зерде журналының тілшісі, эколог-ғалым.
Нұрлы біздің заманда халық іскер,
Жер жүзінде жасадың алып істер.
Арман болған аспанға, Айға енді
Ғарышкерлер күшіменен
Көк туымызды тігеміз сіздерменен,-
дей келе бүгінгі жиынымызда белсенділік танытқан оқушыларды атап өтеміз.
Келешекте еліміздің жасампаздығын, ерлікке бастар істерін жалғастырушы патриоттар екенімізді ұмытпайық.