Манғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
Мұғалімі:Латипова Ақтілек
Сабақтың тақырыбы: СЫН ЕСІМ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Дамытушылығы: Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, сызбалар.ойындар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың әзірлігін бақылап, назарларын сабаққа аудару.
Қазақ тілі — бал тілім.
Өзің барда шалқыдым,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін, — деп,
Қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
«Гүл шоғын құрастыру ойыны»
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
— Сөз таптарын атаңдар.
— Зат есім, етістік,
— Зат есім деген не?
— Заттың атын білдіретін сөздер.
— Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
— Кім? не? кімдер? нелер?
— Зат есімге бірнеше мысал келтіріңдер.
— аспан, оқушы, жұлдыз.
— Етістік дегеніміз не?
— Заттың қимылын, іс — әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
— Етістікке қандай сұрақтар қойылады? — Не істеді? не қылды? қайтті?
— Етістікке бірнеше мысалдар келтіріңдер.-жазды,оқыды,барды
III. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу
1.Іс қимылды білдіретін сөз табы.
2.Бас әріппен жазылатын есім
3.Зат есімнің сұрағы
4.Қалалар,адамдар»деген сөздер зат есімнің қай түрінде айтылып тұр?
5.Түбір сөзге на жалғанады?
6.Жазып отыр екен,барып келді» деп етістіктің қай түріне жатқызамыз?
7.Зат есімнің сұрағы
— Міне, (жасырын) торкөздерден біздің бүгінгі сабағымызды тауып алайықшы.
№Сын есім.
Ереже. Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылды.
Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер құрамына, қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді, яғни сөз табына бөлінеді.
Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, етістік сол заттың қимылын, іс — әрекетін білдіреді, ал сын есім сол заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді. Міне, осыдан қандай қорытынды шығаруға болады.
Ой шақыру стратегиясы. Оқушыларға сын есімнің ережесін айтқызу.
Сын есімнің маңызды белгілерімен танысу. Слайд арқылы көрсету.
1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ, сұр, қызыл, т. б.
2. Заттың көлемдік, салмақтық белгісі: биік, кіші, ұзын, қысқа.
3. Заттың сапалық белгісі, сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек, зерек, ақылды, жалқау.
4. Заттың дәмін, иесіне сипатталатын белгілері: ащы, тәтті, жұмсақ
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс және жазба жұмыстарын орындау.
Күннің жадын,тақырыптың атын жаздыру.
407-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беріп тұр?Ол сөздер нені білдіріп тұр?
408-жаттығу Мақалды жатқа жаздыру.Сын есімдерді тауып оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.Мақалдың мағынасын ашу.
410-жаттығуБағандағы сөйлемдерді салыстыру.Сын есімнің не үшін қажет екенін дәлелдеу
411-жаттығу.Жоспар бойынша әнгіме құрату
Жоспар
1.Әншімен кездесу
2.Әншінің әнгімесі және әні
3.Әннің оқушыларға әсері
«Жатқа жаз» сын есімдерді тауып астын сыз
Ақ күшігім,ақ кушік
Өзі сондай сақ күшік.
Әжем оны мақтайды
Аппақ жүнін тарайды.
Ақ күшік те еркелеп
Әжеме жылы қарайды
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.
4 3 1 2
1.Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.
3 2 4 1
2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.
4 3 2 1
3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.
2 3 4 1
4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.
Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Ол үшін не істеу керек?
— Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.
Қандай аю? Қоңыр аю.
Қорытындылау.
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімнің сұрақтары.
Ойын «Сен қандайсың?»
Шарты:Мұғалім әр оқушыға аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді оқушының атының алдына қойып мінездеме береді
Ұқыпты Ұлдана
Сүйкімді Сандағаш
Мейірімді Мұхамбет
Ержүрек Ерлан
Ақылды Айгерім
Сабырлы Сабыр
Ақниетті Ақниет
Дарынды Диана- дей отырып бәріңізге бақыт тілеймін
Үйге тапсырма: 411- тапсырма
Бағалау.