Алматы облысы
Панфилов ауданы
«Көктал орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі И.С Жұмабаева
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты-балада» деген екен.Кез келген адам өмір бойы қуып кете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреуі даңқ пен атақтан,мансаппен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрін түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Адам ұрпағымен ғана мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса,адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзікте қиын,қыры-сыры мол қоғамдық міндет тұрады.Ол бала тәрбиесі.Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-ана.Бала үшін үй ішінен,ата-анадан артық тәрбиеші жоқ Адамгершілік,бауырмалдық,татулық,қайырымдылық,әдептілік,инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие сөзбен,теориямен дамымайды,үлкендердің үлгісімен сіңеді.Әр ата-ана өз перзентін мәдениетті,адамгершілігі мол,білімді,саналы,еңбекқор ата салтын,ана тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлайтын адам етіп тәрбиелеуге ата-ананың міндеті деп түсінуі керек.»Күллі ғажайыптар ішіндегі ең тамашасы-жақсы тәрбиеленген адам»деген болатын грек философы Эпиткат.Ата-ана отбасындағы жетекші тұтға,отбасы мүшелерінің бүкіл тағдыры,болашағы олардың өмірден табар несібесі мен алар еншісінің үлес салмағы ата мен ананың сінірген еңбегіне,тәлім-тәрбиесіне байланысты.Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді.Бұған кейбір әке-шеше»жұмысымды бөгейсін,істеп жатқан жұмысымды бүлдіресің»деп ұрсып жіберуі мүмкін.Бұл қате түсінік.Керісінше,өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып,оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті,балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн.Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.Әрі істеген ісін ұқыптыда тындырымды орындауына бағыт бересіз.Баланың жақсы ісін мадақтап,терісін оң етіп түсіндіріп отырса,ол да ересектерді сыйлап кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.Орынсыз ұрсу,зеку,сұрақтарына дөрекі,кілте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.