Алматы облысы,Панфилов ауданы ,Елтінді батыр атындағы орта мектебі «коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» информатика пәнінің мұғалімі Тонерекова Гульзира Даулетканқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.
Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Логикалық “және” “немесе” жалғаулықтарын қолданып,қарапайым пікірлерден күрделі пікір құрыңыз.
Мысалы:Барлық оқушылар информатиканы оқып үйренеді.
Барлық оқушылар ағылшын тілін оқып үйренеді.
Дұрысы: Барлық оқушылар информатиканы және ағылшын тілін оқып үйренеді.
1)Ербол Мәдинадан үлкен.Сәлима Мәдинадан үлкен
2) Қызыл доп жасыл доптан үлкен.Қызыл доп сары доптан үлкен
3)Ертең қар жауады.Ертең күн суық болады
4) Қайрат сабақ жазып отыр.Қайрат теледидар көріп отыр
5) Айгүл түскі ас ішіп отыр.Айгүл өлең жаттап отыр
6) Руслан Қанаттың досы. Руслан Арманның досы
Логикалық есептер құрастырып келу.
ІІІ.Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Логикалық алгебраның атасы кім?
- Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?
3. Пікір дегеніміз не?Мысал келтір
4. Логика дегеніміз не?
5. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз? - Дизьюнкция дегеніміз не?
- Логикалық теріске шығаруды қалай түсінесің?
IV.Мақсаты: Дербес компьютер және оның түрлері, құрылғылары туралы нақты білім беру. - Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз 7 – сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК — дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.
Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
ДК — дің минимум тізіміне мыналар жатады:
1. Жүйелік блок;
2. Монитор
3. клавиатура
Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.
Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор. (дисплей).
Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.
Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.
Компакт – дискі. CD — R/RW, DVD — R/RW — алтын түсті ( R – жазатын, RW қайта жазу) болып келеді. CD — R, DVD — R — ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD — RW, DVD — RW дискілеріне көп жазуға болады.
Флеш — жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB — порт арқылы қосылады.
Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі
«АУЫСТЫРМАҚ» ОЙЫНЫ
Компьютер құрамы
Төмендегі сөз тіркестерін қысқа сөздермен немесе бір ғана сөзбен ауыстыру керек.
№1. Баспа құрылғысы –
Экран нүктелерін аралағыш –
Компьютер теледидары –
Көп пернелі құрылғы –
Дискет «жұтқыш» –
Тасымал компьютер-
Үлкен темір жәшік –
Сиялы қорап –
Ақпарат жинақтауыш –
Мәліметті енгізу құрылғысы —
Ақпараттың бір түрі –
Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы –
Қозғалыссыз бейнені есте сақтайтын кәдімгі құрылғы –
Ақпараттың ең кіші бірлігі –
Зиянкес программа –
№2. ҚАТЕЛЕРДІ АНЫҚТАУ
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен плоттерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелі блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын пернетақтада құжаттарымды сақтаймын.
VIІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютердің «пайдасы» мен «зияны» 2 топқа бөліп постермен тақырыпты қорғау
Тест
1.Компьютер дегеніміз не? а)ойын ойнайтын құрылғы ә)есептер шығаратын құрылғы б) ақпарттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы
2 .Ақпартты шығару құрылғысы а)пернетақта ә)монитор б)жүйелі блок
- Үйде немесе офисте ең жиі қолданатын компьютер ол манитордан, жүйелі блоктан және
монитордан тұрады. а) ноутбуктар ә) алақан компьютерлер б)үстел үсті компьютері
4.Корпусқа орнатылған, өлшемі бірнеше квадрат миллиметр болатын электрондық схема
а)қатты диск ә) процессор б)жедел жад
- Бұл ақпарттарды, программаны және мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтауға арналған құрылғы.Бұл дискілерді винчестр деп атайды а)қатты диск ә) жедел жад б) процессор
- Жұмсақ (иілгіш) магнитті дискілердегі ақпарат тасымалдаушылар а) флешка ә) СD-DVD б) дискета
- Ақпартты шығару жылдамдығы жоғары принтер а) лазерлік ә) бүріккіш б) матрицалық
VIІІ. Үйге тапсырма: Қазіргі замандағы дербес компьютерлер
Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.