Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы Аққайтым ауылы Жаңақоныс орта мектебі Бастауыш класс мұғалімі Шомбалова Нұржамал Жұмамұратқызы Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі) аша отырып,ертегіні түсініп,дұрыс оқуларын қалыптастыру. отырып, қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларын дамыту. емес,іспен мақтануға тәрбиелеу. І. Психологиялық дайындық. Видеоролик көрсету.
Ереже құрау.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды басты назарға ұстаныңдар ІІ. Ұйымдастыру. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу. І топ: «Түйе» ІІ топ: «Тышқан» Топ басшысын сайлау. ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өз беттерінше ертегі құрастыру. Құраған ертегілерінің суретін салу. Жақсы, балалар, бұрын мен сендерді бағалайтын едім. Енді бүгін өздеріңді бағалайтн боласыңдар. Ол үшін тақтадағы жазылған өз аттарыңның тұсына әр дұрыс жауаптарың үшін мына жұлдызшаны жапсырасыңдар. Сабақ соңында жинаған жұлдызшаларыңды санаймыз. ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе. Сонымен, балалар, ертегінің неше түрі бар екен? Бүгін тағы да бір жаңа ертегімен танысатын боламыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына жұмбақтарды шешіп көрелік.
Үстінде екі тауы бар.
Бұдан піл қорқады. Ескен Елубай 1942 жылы18 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. « Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары. Ақын — драматург Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы басқа елдермен достық қарым — қатынастамыз. Сондай дос елдің бірі — Монғолия. Ассосация құру. Түйе мен тышқан туралы не білесіңдер? І топ — тышқан туралы білетіндерін толтырады. ІІ топ — түйе туралы білетіндерін жазады. І топ: ІІ топ: Өлең түріндегі ертегідегі көп нүктенің орнына сөздер қойып жаз. Ерте-ерте, … .. мен … болыпты … … ұсынып, … … айтыса бастапты. … басы … емес, … болыпты … бойына сеніп, … құр қалыпты. Ү. Жаңа сабақ. Балалар, қазір мен екі топқа мынадай тапсырма беремін. Бұл тапсырма «ақпараттағы ақаулық» деп аталады. Яғни 1- топ ертегінің бірінші бөлігін оқып 2-топқа түсіндірсе, ал келесі топ қалған бөлігін оқып қарсы топқа түсіндіреді. — Сонымен, балалар, ертегінің мазмұнымен таныссақ, есімізге түсірейікші ертегінің неші түрі бар еді? — Бұл ертегі қай ертегінінің түріне жатады? Ертегінің мазмұнын түсініп алсақ, екі топқа тапсырма беріледі. Топтық жұмыс. І топ: Түйе неге жыл атына ие болмай қалды? ІІ топ: Ертегідегі жағымсыз қасиетті айту. Бойыңа сенбе, … сен. Сыныппен жұмыс. Суретке зер салып, жыл аттарынан не артық екенін айту.
Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі. Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан. Жатпа қарап, мойыма, Тойма именіп ділмәрдан. Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпімен басталады. Тышқан, Сиыр,Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз. Өлеңді жатқа сұрау.
«Балық» ойыны. Балықтың денесіне қазақша жыл атауын ретімен жазып шық. Қане, қай топ жылдам екен? ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
« Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тыңдау. 4мин. «Сен маған, мен саған» ойыны. 2 топ бір-біріне сұрақтар қояды. ҮІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқып, мазмұнын айту. ҮІІІ. Бағалау. Әр оқушы жауап бергендеріне қарай жинаған жұлдызшаларын санайды. Сол арқылы бағаланады.
|