Басы » Бастауыш сыныптар » Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Аққайтым ауылы

Жаңақоныс орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Шомбалова Нұржамал Жұмамұратқызы

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға заттың санын білдіретін сөздер туралы

түсінік беру, сын есім туралы білімдерін бекіту. Домалақ ана туралы

аңызды түсіндіріп, әңгімелеу.

                                      ә) дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін

пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

                                      б) тәрбиелік: Анаға деген мейірімділік сезімдерін ояту,

кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Т. Молдағалиевтің суреті, сөзжұмбақ, мазардың суреті, топтастыру

стратегиясы, «сөз ойла, тез ойла» ойыны, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Ашық болсын қос қабақ

Бізбен бірге бар қонақ.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде  бас қонақ.

-Балалар, бүгін бізде қонақта ұстаздарымыз бар. Ендеше қонақтарымызға қалай оқып, жаза алатынымызды көрсете білейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Балалар, өткен сабақта қандай ұлы адаммен таныстық?

-Әл-Фараби.

(1 оқушы мәнерлеп оқиды.)

Сұрақтар қою.

  • Әл-Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
  • Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
  • Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
  • Ақшаны ненің арқасында табуға болады екен?
  • Білім алып, еңбек етіп табады.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

  • Сонымен, балалар, жігіт еңбегіне қанша табады?
  • 2 дирхем.
  • Ал Фараби оған қанша төлейді?
  • 4 дирхем.
  • Фараби қанша дирхем артық төлейді?
  • 2 дирхем.
  • 2-4 деген нені білдіреді?
  • Сандар.
  • Сендерге математика сабағынан сандар жақсы таныс. Сандармен берілген әр алуан тапсырмаларды орындайсыңдар. Біз бүгін заттың санын білдіретін сөздермен танысамыз. Әуелі өткенге шолу жасап жіберейік.

ІҮ Білімдерін жан-жақты тексеру.

— Сонымен, балалар, біз өткен сабағымызда заттың сынын білдіретін сөздермен таныстық. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Жаңа сабақ.

-Бүгін заттың санын білдіретін сөздермен танысамыз.

-Сендер қай сыныпта оқисыңдар?

-Сыныпта неше оқушы бар?

-Оның ішінде ұлдар нешеу?

-Қыздар нешеу?

Ереже

Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді: бес, он, отыз, жүз, екінші, елуінші.

Дәптермен жұмыс

Тапқырлыққа жоқ талас,

Орнына қойып сөйлем жаз.

133-жаттығу

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
  2. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

Біздің сыныпта жеті оқушы бар. Сыныпта тоғыз парта тұр. Әр партада екі бала тоырады.

134-жаттығу

Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар. Нешінші деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, астын сызыңдар.

Сергіту сәті

1, 2, 3,. 1,2,3.

Ал, қанеки ұш!

4,5,6,7. 4,5,6,7.

Мынау ауыл шеті

8,9,10. 8,9,10.

Ал, қанеки қон!

 Қанатты құстар әдемі,

 Қызық-ау құстар әлемі.

135-жаттығу

 

  1. Суретке қарап, құстардың санын анықтау.
  2. Мына сұраққа ауызша жауап беріңдер: Үйрек нешеу? Қаз нешеу?
  3. Нешеу? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атаңдар.

Сөзжұмбақты да көрейік,

Ойланып жауап берейік.

 

 

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы

Алматы облысының Еңбекшіқазақ

ауданында туған. Оның алғашқы

өлеңдер жинағы “Студент дәптері”

деп аталады. Тұманбай Молдаға-

лиевтің өлең, поэмалары 40-

тан астам жинақ болып басылып

шықты. Оның “Көктем таңы”, “Жаңа

дәптер”, “Зулайды күндер” т.б өлең

жинақтары бар. Көптеген ән

мәтіндерін де жазған. Оның “Құстар

қайтып барады”, “Шақырады көктем”

т.б. өлеңдері халық арасына кең

тараған.

 

 

«Домалақ ана» туралы түсінік беру.

Домалақ ананың шын аты – Нұрила, бірақ жаратылысынан бойы шағын болғандықтан және ерекше құрметтеген жақын-жуық, ағайын-тумалары «Домалақ ана» деп атап кеткен. Нұрила – араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген сөз. Домалақ ана төңірегіне аналық мейірін шашқан барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын болжап айтқан сөзі ақиқатқа айналған көреген, қасиетті адам болған.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Өлеңді мұғалім оқиды.
  2. Оқушылар тізбектей, мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмыс

Жұбанамыз — өзін көргендей боламыз.

Қасиетті – жақсылығы мол адам.

Мазар – бағалы тастан күмбезделіп жасалған үй.

Әулие – ерекше жақсы адам.

Қызмет – үлгі алатын.

Мазардың суретін көрсету.

ҮІ. Сабақты қорыту

Жинасаң ойдың түйінін,

Не ұғындың, не білдің?

-Бүгінгі сабақта кім туралы өлеңді оқыдық? Ол қандай ана?

-Домалақ ананы неліктен әулие, қасиетті дейміз?

Топтастыру

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Ойынның шарты: Әріптерді жүйесін тауып, үш қатар бойынша геометриялық фигураларды жинау арқылы бүгінгі тақырыбымызға байланысты Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.

 

 

ҮІІ. Үйге тапсырма

«Домалақ ана» мәнерлеп оқу136-жаттығу

ҮІІ. Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *