Басы » Информатика » Microsoft Word мәтіндік процессоры

Microsoft Word мәтіндік процессоры

Сынып: 7
Пән: Информатика
Тақырып: «Microsoft Word мәтіндік процессоры»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word мәтіндік редактормен таныстыру. Оқушыларды Word мәтіндік редакторы туралы түсінік қалыптастырып, редактордың мәні мен мәзірі, сонымен қатар құралдар тақтасының құрылымы жайлы білім беру
Дамытушылық: Оқушылырдың сабаққа деген қызығшылығын арттырып, ой — өрісін жетілдіру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, жолдастарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, презентация, Word мәтіндік редакторы.
Сабақта қолданылатын технология: ақпараттық-коммуникациялық технология элементтері, деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасы
2.1. Асыл тасты сұрақтар
3. Жаңа сабақты меңгерту.
4. Жаңа сабақты бекіту.
4.1.Тапсырмалар.
5. Бағалау.
6.Үйге тапсырма беру.
7.Сабақты қорытындылау.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.1 Оқушылармен сәлемдесу.
1.2 Сыныптың сабаққа дайындығын бақылау.
1.3 Оқушыларды түгендеу.
1.4 Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
а) Психологиялық дайындық:
— Балалар бүгінгі сабағымызда саяхат жасаймыз. Біз саяхат жасай отырып, «Информатика» еліне жетуіміз керек. Саяхатымызды бастау үшін алдымен ауа – райын біліп алайық.Күн ашық болу үшін тапсырма орындаймыз.Яғни,біз бүгін күннің үстін басқан бұлттардан арылтамыз.
Var- айнымалылар бөлімі
Integer- бүтін сандар
Begin- программа денесінің басы
End- программа денесінің соңы
:=- меншіктеу операторы
Real- нақты сан
ІІ.Үй жұмысы.
— Балалар, бізге саяхат жасау үшін бізге информатикалық поезд керек. Тақтадан поезды көріп тұрмыз.Осы поездға міну үшін біз үй тапсырмасын тексеріп өтуіміз керек.
— «Асыл тасты сұрақтар»( ұяшықтар)
1. Read операторын Паскальда не үшін қолданады?(х-тің мәнін енгізу үшін)
2. Write операторын Паскальда не үшін қоладанды? (х-тің мәнін шығару үшін)
3. Паскальла екі шартты операторы бар, олар……(if және case)
4. Графикалық элемент : кесінді , Паскаль тілінде қалай жазылады?
Line(x1,y1,x2,y2)
5. Графикалық элемент : сызық , Паскаль тілінде қалай жазылады?
LineTo(x,y)
6. Алгоритм тілінде шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу үшін қандай команда пайдаланылады.(:=)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *