Басы » Ғылыми жобалар » Түйтенің көкшағыры

Түйтенің көкшағыры

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІМІ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШАҒЫН ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

БӨЛІМІ:  Тіл ұстарту

Түйтенің көкшағыры

                                                           Орындаған:  Қайрақты орта мектебінің

4 сынып оқушысы Ғапиз Әлішер Ералыұлы

                                                           Жетекшісі: Қайрақты орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

                                                         Аткеева Анар Оралбаевна

Мақсаты:  Қазіргі кезде өте сиреп бара жатқан қазанат тұқымы

Көкшағырды зерттеу және көбейту. Әлемдік деңгейде

таныту.

Міндеті:   1.Көкшағыр тұқымы туралы деректер жинау.

2.Бабалардан қалған Көкшағыр тұлпар тұқымын

дәріптеу.

3.Көкшағыр тұқымын көбейту.

Күтілетін нәтиже: Келешекте қазанат жылқысының тұқымын

көбейтсе, күтімге алынса, онда өзінің

арғымақтың жүйріктігі ұшқырлығымен,

төзімділігімен, суыққа

шыдамдылығымен халықаралық дәрежеде

танылады.

 

Болжам: Ата-бабамыздың кәсіп еткен салт-дәстүрін сақтаған Көкшағыр –  жылқы төресі екендігін дәлелдеу.

Кіріспе:

  1. Жылқының қадір-қасиеті
  2. Жылқы төресі – Қазанат

Негізгі бөлім

  1. Көкшағыр алдына қара салмас тұлпар
  2. Көкшағыр жайлы әңгімелер

Қорытынды:

Көкшағырлар ғасырлардың арғы жағынан кісінейді.

Аңдатпа

Көкшағыр тұқымының шығуын тарихы мен дамуын зерттеу. Келешекте келер ұрпаққа  бабалардан қалған асылды дәріптеу.

 

Исследование истории и развития о появлении потомственного скакуна – Кокшагыр.

Прививать в дальнейшем это драгоценное потомство скакунов  будущему поколению оставшееся нам от предков.

Study of the history and development of the appearance of hereditary horse – Kokshagyr.

Inculcate in future this precious offspring to future generations remaining horses from our ancestors.

Қазақ халқы үшін төрт түлік малдың осалы жоқ. Қайсысы болса да қасиетті. Дегенмен де жылқы-малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орыны ерекше болған. Тамыз қазақ «Ер қанаты-ат» деген. Әрине бұл ертеректе айтылған сөз. Оны осы төрт түлік малдың ішінде жылқыны халқымыз ерекше бағалаған. Бүгінгідей машина жоқ кезде айшылық алыс жерлерге ат мінген. Тұтқиылдан жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген. Жылқы малы – мінсен-көлік, жесен-тамақ, ішсен-сусын. Қылы арқан, жіп ескенде өте мықты. Терісінің қасиеті өте жоғары. Оның терісіне жылан жоламайды. Атты адам далаға қонғанда ертоқымын жайып тасатп, ортасына ұйықтайды. Жылқыда өт болмайды, сондықтан да күйіс қайырмайды. «Аты сүріншек болады» деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді. Қай кезде де басқа түскен қуаныш та, қайғы да адамның жан серігі, айырмас досы болған.

Жылқы жасына қарай: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бсті деп бөлінеді.

Түсіне қарай: торы, көк, жирен, күрең деп бөлінсе, жүйрік аттарды: сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ деп бөлінеді.

Жылқының тұқымына, жүріс-тұрысына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

Қазанат ,Арғымақ, Жабы

Арғымақ тұқымы жүйріктілігімен алысқа шабады. Ұшқырлығымен ерекшеленеді. Арғымақтың дене бітімі сұлу, белі ұшқыр, тазының беліндей иілген тік мойынды, басы кішкене келген, аяқтары ұзын, жіңішке тұяқты. Арғымақты үстем тап өкілдері мінген асыл тұқымды жылқы.

Жабы Республикамыздың орталық аймағында қалыптасқан ерекше тұқым. Жылдың төрт мезгіліне де төзімді. Жабының 300 мыңнан астам саны бар. Жабының тұрқы ірі, маңдайы кең, шоқтығы биік, арқасы тегіс, әрі етті болады. Кеуделігі, қабырғасы жұмыр. Алдыңғы аяқтары қысқа тұяқты. Далалық жайылымға ыңғайлы, тебінде өседі.

Қазанат қазақтың асыл тұқымды жылқыларының арнаулы мақсатпен сұрыпталып өсірілген ерекше түрі.

ХІХ ғасырдағы жазба деректерде мұндай жылқы тұқымын қазақтар арғымақ айғырымен жабы биесін будандастыру арқылы алғаны айтылады. Бұл буданды қазақтар «Қазанат» деп атап, ерекше бағалаған.

Қазанат арғымақтың жүйріктігін, ұшқырлығын, жабының төзімділігін, аштыққа, суыққа шыдамдылығын қабылдаған.

Қазақы малдан шыққан алдына қара салмас жүйрік сәгүлігін тұлпар деген. Тұлпар арғымақтан есес, қазақтың Қазанатынан шыққан. Сондай тұлпардың бірі – Көкшағыр.

Асан Қайғы бабамыз Алатау маңынан бері өткенде жылқысының шағыр құнан бастап, тай жабағы бөлініп қалған екен. «Жарайды, жерсінейін деген екен, ұнаған екен бұл аймақ» деп бабамыз іздемей тастап жүре берген екен. Сол жылы өсіп-өніп, ұрпағы Балқаштың Батыс жағалауын кезек жайлап отырған Қаракесек Қуандық елінің қолына түскен. Бұл Көкшағыр тұқымы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген.

Алшағыр батыр Қызбек есімді қызың Түйтенің ұрпағы Баубектің баласы Даниярбекке ұзатқан. Даниярбектің келіншегі келер жылы төркіндеп барғанда Жыланкөз атанған көк құнанды бәсіресіне  қалап алған.Көк құнан суық қабақты ,көзі жыланның көзіндей ызғарлы , түймебастау жылқы еді.Міне, осы жыланкөзден керней ішінде Көкшағырдың тұқымы тараған.

Көкшағырдың  ұрпағы еңесіне қарай боз не қаракөктеу болып келсе де, көзі шағыр болады.

Атағы жер жарған Күреңбай сыншы орта жүздің бір үлкен асында бәйгеге  қатысатын жүздеген атты аралап келе жатып  Көкшағырдың тұсына келгенде көзін ала алмай сілейіп тұрып қалыпты.

  • Әй, мынау қай жұрттікі ?Мынау қайдан келе қалған? Мынадан ат озбайды,қалған жұртікі бекершілік,-дей беріпті.
  • Неге олай дейсіз?-депті қызғаныш білдіргендер
  • Қарасаңдаршы мүшесіне айбақ-сайбақ қой мынау. Үшбиігі көрініп тұр.Қанаты бар мұның –деген сыншы.Енді Көкшағыр поэмасына сүйенсек

Бітімі Көкшағырдың бөлек екен,

Ауыз омыртқа шығынқы келеді екен

Тұрғандай иегі де көтеріліп

Жануар жаратылысы ерек екен

 

Сауыры,сағағы да тынысы кең,

Қос қанат қос бүйірден береді дем

Қазтабан іші қуыс,алың тұяқ

Шапқанда төрт аяғын басады тең

Көкшағырдың ұзақ уақыт ел есінең шықпай шапқан бәйгесі Есбайдың асы

1861 жылдары Асқа үш жүздің баласынан басқа өзбектің  бегдер бегі,Қырғыздың Шәбдені қатысқан. Асқа екі мыңға жуық қой сатылып,үйір-үйір жылқы жұмсаған. Сойылған малдың көптігінен Қармыс өзені қанға боялған.

Асқа қатысқан Ағыбай батыр тек мына қанатта он мың адам отыр деген екен. Бәйгеге қазақ елінің түпкір-түпкірінен келген 300 жүйрік қатысқан.

Осыншама жүйріктің ішінен алысқа төзгені ғана жетсің деп 60 шақырым қашықтықта жіберген. Үш жүздің әр аймағынан келген сәгүліктерді артқа тастап Көкшағыр озып келген.

Арқаның бұл өңірінде ас пен тойдың қайсысы болмасын бәйгенің алдын бермеген тұқым ХХ ғасырға да ілікті.

1929 жылы Шет ауданына құрылғанына 1жылдық тойында 40 шақырымда бас бәйгені алды.

1932 жылдары жаппай қырғында Байтал түгілі бас қайғы болып кетті.

1940 жылдары бірен-саран ұсақ бәйгелерге Көкшағырлар қосылмады.  Одан кейінгі жылдары қаптаған орыстың ортасында ән салудан қалды.

kok

 

70 жылдар соңында Түйтенің ұрпағы Даниярбектен тараған Құсайын ақсақалда Көкшағырдың ұрпағы болған екен.

Осы жылдары малды асылдандырамыз деп Қазанат айғырларды етке өткізді. Талай Көкшағыр із-түссіз жоғалды.

1975 жылдары Шалтастағы Мешіт деген жерде Шопандар тойы өтті. Бұл тойда  бәрінің аузында Тайқасқа еді.

Ат жарыс басталып кетті. Жұрт Тайқасқа бірінші келеді –  деп еңтелеуде. Бір кезде үш айналымнан кейін ортада келе жатқан көк ала бесті суырылып шығып, аттардың бәрін артта қалдырды.

  • Мынау кімдікі? – деп таңданған жұрт.

Қызылтудан Серікбек қосып отыр. Айтыулы Көкшағырдың  тұқымы деді біреуі. Осы сөзді естіген Жұмаділ ақсақал өңмендейлеп жұрттың алдына шығып бас киімін лақтырып жіберіп:

  • Жарылғап, жарылғап, — деп таң қалған екен.

Бүгінгі күнде Кернейдің ұрпағы Түйте бабамнан тараған Жарылғап батырдың тұяғы біздерміз.

 

1 Ата бабам Жарылғап батыр Көкшағырдың тұқымы Керайғыр
2 Мырзабек атам Көкшағыр тұқымы Керайғыр
3 Жаңай, Көкшағыр тұқымы Керайғыр
4 Ыбырай Көкшағыр тұқымы Керайғыр
5 Аманбек атам Көкшағыр тұқымы Тауықтың Қара айғырын
6 Ералы әкем Шіркінгер
7 Әлишер

 

 

Ата бабам Жарылғап батыр Көкшағырдың тұқымы Керайғырды бәйгеге қосып, талай жүлдені қанжығасына байлаған.  Жарлығап бабамның ізін жалғастырған Мырзабек атам да Көкшағырды талай бәйгеге қосыпты. Жаңай, Ыбырай аталарымда   Көкшағыр тұқымын дамытуда үлестерін қосса керек. Өйткекні Аманбек атам Тауықтың Қара айғырын баптап, Көкшағыр тұқымының көбеюіне үлесін қосыпты.

Бүгінгі таңда қанша ғасыр өтсе де Көкшағырлардың кісінегені жақыннан естіледі.

Өйткені Түйте бабамның ұрпағын жалғастырушы Жарылғап батырдан тараған мен Әлішер боламын.

Сондықтан да Көкшағыр тұқымы туралы  тереңірек білу  мен үшін маңызды болды.

Сол себепті ауылымыздың ақсақалы Боқайтегі Балтабай Игенұлымен сұхбаттасуды жөн көрдім. Сұхбат барысында Көкшағырдың тұқымы ауылымыздың мына азаматтарында бар екенін білдім:

baltabai

Орақ

Балтабай

Манас

Қайырбек

Сәтбек

Сонымен қатар Ербаев Елубайдың құла айғырлары.

Балтабай ақсақалдың қолында Көкшағыр тұқымының Шіркіңгері баптауда тұр екен.

Келешекте арманым осы Шіркіңгерден құлынын алып өсірсем деймін. Оны баптап бәйгеге қоссам, Көкшағыр жүйріктілігімен ерекшеленсе, келер ұрпақ тұлпардың асыл бейнесін мәңгі есте сақтауы тиіс деп ойлаймын.

Олай болса сөзімді түйіндей келе, «Көкшағыр поэмасынан » үзінді оқығанды жөн көріп отырмын:

Түйтеге бар жақсылық қонған екен,

Өрісі төрт түлікке толған екен.

Бір баласы Жарылғап батыр ұлы,

Өзінің еліне ұран болып қалған екен.

 

Түйтенің жылқысының тұқымы асыл,

Атағы Көкшағырдың шыққан басым.

Жүйріктен жүйрік туар дегендей,

Жалғасып келе жатыр талай ғасыр.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Қазанат журналы – 2007, 1 шілде
  2. Төрехан Майбастың «Оныншы ауыл» кітабы
  3. «Көкшағыр» поэмасы
  4. Бастауыш мектеп журналдары.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *