Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
«Мұнайшы селосының № 5 орта мектебі»КММ
Информатика пәнінің мқғалімі
Аманчаева Ләззат Мухамбеткалиевна
Сабақтың тақырыбы: «Бүкіл әлемге тараған індет»
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуды үйрету;
2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3.адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;
2.ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
3.Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
4.Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топтастыру,баяндау,пікірлесу,
Көрнекілігі: суреттер,бейне материалдар.
Сабақтың барысы:
- “Денсаулық зор байлық” сұрақтар
II. “Есірткі – зиян, есірткі — жау” айдары
IІІ. “Дұрыс жолды таңда!
Нашақорлыққа жоқ де!” бейнекөрініс
ІV. “Менің өмірім жайқалған гүл”
VI. “Өмір театр” көрініс
VII. “Сандар сөйлейді” айдары
VIII. Қорытынды
«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты.
Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі»
С.Назарбаева
Саламатсыздарма, қымбатты оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бүкіл әлемге тараған індет». Олай болса,
- Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
- Темекі деген не?
- Ішімдік деген не?
- Есірткі дегеніміз не?
1 топ – «Темекі», 2 топ – «Ішімдік», 3 топ – «Нашақор» жайында не білесіңдер? Өз ойларыңды тыңдап көрейік. (оқушылар сөйлейді)
Денсаулық – адамның ең қасиетті де,құнды , қайталанбас,жоғалса орнына қиындықпен келетін орны толмас асыл қазынасы.Сондай-ақ қазіргі таңда адам ағзасына тиер залал да жетерлік.Соның бірі ғасыр індетіне айналған — нашақорлық.Қазіргі кезде ,әсіресе,жасөспірімдер арасында темекі шегу, нашақорлыққа әуестік,маскүнемдікке салыну елең алып отыр.Оларға қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналғаны сөзсіз.
Мағынаны тану
«Есірткі» сөзі гректің «наркео» — тіл күрмелу,сезімнің түршігуі,мания және мелшию,былай айтқанда «жындану,ақылынан айырылу» деген мағына береді
Есірткіні тұтыну себебі:
- Әуестік
- Бейтаныс күшті сезімге бөленуді қалайды
- Зерігу,бос уақытты қызықты өткізе алмау
- Жан дүниенің күйзелісі: бақытсыздық,өміріне қанағаттанбау,күйзеліс,қорқыныш,қиыншылықтарын ұмытуға тырысу.
- Өзіне сенімді болмау,өзін ересек,тәуелсіз екенін көрсетуге тырысу
- Ортада бір – біріне еліктеу
Жалпы есірткі заттар адамзатқа өте ерте заманнан белгілі және ол емдік еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырдың өзінде – ақ қолданған.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрпақ жазасыз болмайды. Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есіртікге әуестендіруге , соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Бара-бара жастар нашақорға, есірткінің құлына айналады. Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор қатарына қосылғанын білмей де қалады.Есірткі түнгі клубтарда, би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатылатын болды.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі.Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді.Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап,өмірге не үшін келгені беймәлім болады.
Адам баласының бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттері болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп,бір сәтте рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқандар 30 жасқа жетер жетпес өмір сүреді.Бұлай дейтін себебіміз, бұл жаман нәрсеге адамдар ақылға салмастан желігіп еліктейді де артынан өзіне қиын болатынын білмей қалады.
Тәуелділік
Физикалық тәуелділік |
Психологиялық тәуелділік |
Мазасыздық Сезімді қайта сезіну
Ұйқысыздық жайсыздық Қалтырау |
Статистикалық мәлімет
нашаға тым тәуелді адамдар | 30 миллион |
марихуана | 150 миллион |
Есірткі тұтыну жағынан | Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Кариб бассейні аймақтары |
Ауғанстан | наша өндірісінің 90 пайызын бір өзі қамтиды. |
Қазақстанда нашақорлар саны | 54 мыңға жуық |
Есірткі ұсынса не істеу қажет?
- Сыпайы түрде бас тарту: «»Тұтынғың келе ме?
- Бас тартудың себебін түсіндіру «Неге?»
- Есірткі тұтынатын және таратылатын орындардан аулақ болу.
- Есірткі ұсынып жатса көңіл аудармау.
- Әңгімені басқа жаққа бұру «Кел рахаттанайық!»
- Есірткі тұтынбайтын адамдармен араласу
“Дұрыс жолды таңда!
Нашақорлыққа жоқ де!” (бейнекөрініс)
«Менің өмірім жайқалған гүл» тақырыбында постер қорғау.
«Өмір-театр» көрініс көрсету.
Есіртікге елігіп, өзегін өкініш өртеген жанның әңгімесін тыңдап көрейікші.
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болады. Әкем ауруға шалдығып,шешем жасынан ерте қартайды.Мұндай жағдайда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен таныстым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата-анамның тіпті үнжұрғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман-есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.
Балалар енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? (жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы,отбасындағы тұрмыстың нашарлығы) .Егер,балалар,нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер екінші кейіпкерімізді тыңдап көріңіздер.
Менің ата-анам өте ауқатты болды.Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата-анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің асатан-кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың,нашаның дәмін таттым.Содан басым айналды да қалды. Бір-екі рет әкемнен ақша алып,саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп,тіпті кейде бағасын жоғарылатуды да шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей тауарсыз қалдым. Есімнен танып,құлап қалғанымды көрген ата-анам,дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екендігін білді. Қазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Екі адам,Екі тағдыр.Балалар,енді ойланып көрейікші екінші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?
Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
- Жылқыны сеспей қатыру үшін 7-8 тамшы никотин жеткілікті.
- Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шайыр жиналады
- Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді..
- Жүректің ишимиялық ауруынан болатын өлімнің 20%, қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің зардабынан болады екен.
- Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады. Себебі оның құрамында этил спирті бар. Ол аса зиянды химиялық қоспа.
- Балаларға 10 г арақ, жасөспірімдерге 40-50г арақ қауіпті әсер етіп, өлімге душар етеді.
- Маскүнемдердің балаларының 38 % кемтар.
- Нашақорлардың ең төмен жасы 8-9 жас
Енді балалар,нашақорлық неге апарып соқтырады? Соған жауап іздейікші.
Зардабы |
Ата-анаңа, туыстарыңа қайғы әкелу |
Қылмыс жасау,жауапқа тартылу |
Қоғам үшін керексіздік,жұмысқа жарамсыздық |
Қоғам үшін керексіздік,жұмысқа жарамсыздық |
Ұзақ уақыт емделу,қаржылай шығындану |
Денсаулығын жоғалту,өлім |
Топтастыру:
Нашақорлық |
Жұмыссыздық |
Маскүнемдік |
Ортаның әсері |
Ата-ананың баласына уақыт бөлмеуі |
Рухани құлдырау |
Тұрмыстық жағдай |
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясының басым бағыттарының бірі- ұлт денсаулығы. Әр адам өз денсаулығын құзғыштай қорыса қоғамның денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді. Дені сау ұрпақ- жарқын болашақтың кепілі.
Жақсылыққа жетем десең,қолыңда,
Бар жақсылық жақсы адамның жолында.
Жаман болып тумайды ешкім анадан,
Жаман адам қайдан шыққан соңында?
Соны ойла да өзіңе-өзің есеп бер,
Көктем-өмір,көкөрім бәйшешектер.
Екі жол бар жағаласып жататын,
Жақсылыққа апаратын жетекке ер.
Оқушылар бүгінгі сабақта саналарыңызға сәл де болса сәуле шаштым десем мен үшін үлкен мәртебе, сендер үшін өмірлеріңізге түзу жол сілтер сабақ болғай деген ниетпен сабағымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!