Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылының
Ы.Ноғайбаев атындағы № 18 орта мектеп оқытушысы
Дунбаева Бағила Сроилқызы
Адам — капитал дәуірінде білім беру қалай болуы тиіс?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әр жылғы дәстүрлі жолдауында еліміздің тұрақты дамуы және әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін ұлттық байлықтың ерекше түрі саналатын адам капиталын дамыту мен қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтіп келеді. Тарихқа көз жібергенімізде адам капиталы туралы ұғымның ертеден бастау алғанын білеміз. Мысалы әйгілі А. Смит өз еңбегінде: негізгі капиталға еңбек құралдарын, ғимараттарды, жерді, сонымен қатар «қоғамның барлық тұрғындары мен мүшелерінің бойындағы пайдалы қабілеттерін» енгізді. Бұл қабілеттер нақты бір тұлғаның ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар осы тұлғаның өмір сүріп отырған қоғам байлығының бір бөлігіне айналады-деп тұжырымдаған. Р. Макинтайр болса, Адам ресурстары кең мағынада тауарлар мен пайдалы қызметтер өндірісінде қолданыста бар немесе қолданыла алатын тұрғындардың белсенділігін, кәсіби біліктілігін, дарыны мен білімін сипаттайды деп анықтама берген. Қорытып айтқанда адам капиталы материалдық ресурстар сияқты елдің экономикалық дамуында көрініс табады. Бұл тұрғыдан алғанда адамдар бір жағынан материалдық игіліктерді дайындайтын, екінші жағынан олардың тұтынушысы болып табылады.
Адамзат өркениеті экономикалық даму негізіне қарай, түрлі қоғамдық формациядан өтіп, бүгінгі күнгі өркениетті қоғамға жетті. Әрқандай қоғамның өзіне тән экономикалық негізі болады, әрі сол экономикалық негізге сай білім беру жүйесі қалыптасады. Бүгінгі таңда адамдар өркениетті құрайтын маңызды фактордар ретінде – материалдық дүние, энергиядық қуат және информациялық технологияны көрсетіп отыр.
Ал адамзат өнеркәсіп экономикасы дәуірі кезеңінде оқу — ағартудың міндеті әр сала бойынша дарынды мамандарды тәрбиелеу болды. Оқыту мазмұнында жалпылық білім мен адамның сапасын жоғарлату негіз етіледі. Оқыту әдісі шабыттандыру формасында болды. Ал енді білім экономика дәуірі білімді игеру және қолдануды негіз еткен, адами капитал қалыптасқан дәуір болып қалыптасты. Онда информацияны жинау және қолдану, білім мен ақыл парасат және басқау алға шыққан болады. Алдыңғы екі кезең материалдық дүние мен энергиядық қуаттқа, капиталға, техника
ның көлемі мен санына және өнімінің артуына байланысты болса, ал білім экономикасы білімге, білімнің топтасуына және қолдануына байланысты болды. Себебі, білім – әрі материал әрі эгергия спетті. Бұл туралы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразалы Сәбденұлы өзінің «Бәсекелестік экономика» атты еңбегінде былай деп жазады: Осы ғасырда білім тұжырымдамасы экономикалық дамудың көзі ретінде «Білім экономикасы» деген түсініктің пайда болуына алып келді. Тауарларды емес, ой туындысын шығару қазіргі кезде экономикалық өсу мен бәсекеге
қабілеттіліктің негізгі көзі болып отыр. Жаңаша көз қарас бойынша экономикалық жетістіктің факторы ретінде білімге негізделген инновация және кәсіпкерлік, дамыған білім мен ақпараттың инфрақұрылымдары/1/.
Білім экономикасындағы білім дегеніміз адамдарды тану және сол негізде игеруге, қолдануға болатын құнды ақпаратты алу. Ол, ғылым — техника, қабілет, басқару жағындағы білімдердің жиынтығы. Білім экономика дәуірі оқу — ағартуға, дарындыларға, үйренуге баса мән береді. Білім арқылы құн жарату, білімділерді, дарындыларды, өмір бойы үйренетін адамдарды тәрбиелеу, жетілдіру, міне бұл 21- ғасырдағы қоғам дамуының қажеті, Дана бабамыз Абай отыз сегізінші сөзінде: қашан адам ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады, десе, оныншы сөзінде: ғылымсыз дүние де, ахирет те жоқ дейді /2/дәл осы заманға арнап айтқандай. Жапонияның бұрнғы бас уазірі Шауюан Қойсан: ‹‹Білім — жапониялықтардың жаны, оқу — ағарту — осы жанның жүрегі ›› — дейді. Жапонияның көркейіп гүлденуіосы сөздің айғағындай.
Дүниедегі даулетті адам Билл Гейтстың байлығының көзі оның білімі, мен ақыл — парасатында. Өз кезінде ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов ‹‹ Ұлт пен ұлтты теңестіретін нәрсе — білім ›› — деген болатын. Дамыған елдермен дамушы елдер айырмашылығы- білімдегі айырмашылық, нақтап айтқанда, даpындылар мен дарындыларды тәрбиелеудегі айырмашылық деп айтуымызға болады. келгенде білім байлығы – ocы дәуірдің басты байлығы. Ата бабамыздың бала тәрбиесіндегі ескідегі танымы да осы ұстанымнан алшақ кетпеген, мәселен, ата ана балаларының үлгілілерге еліктеп,
жақсы болуын көксегендікте, жақсының батасын, алғысын алған, сарқытын ішкізген, атын қойған, тұсауын кестірген /3/
Кезекте, адамзат білімінің жаңғыру дәуіріне дұп келіп отыр. Білімнің жаңалануы өте тез. Осындай өте тездікпен жаңаланған білімдерді адамдарға игерту, білім арқылы байлыққа кенелу, адамдардың ақыл парасатын (керекте 10% ғана ашылып отыр ) ашу қазіргі дәуір оқу — ағартуының ең басты мәселесі болып отыр. Ондай болса дәуір қажеті үшін оқу — ағартуды қалай сәйкесті дамтытса болады ?
Оқу- ағату адамдарды тәрбиелейтін, дамытатын қоғамдық қимыл, оқу — ағатудың мәні — адамдарды адам етіп тәрбиелеу, Шехтың педагогы Көмнски: ‹‹Адам тәрбие арқылы адамға айналады. Адам — тәрбиенің жемісі ›› — дейді. Оқу- ағарту бір түрлі төтенше жапалы жасампаздықты қажет ететін ұлы кәсіп, оның ондай болатыны адам тәрбиелеудің маңызында жатыр. Оқудың осынадай баға жетпес парқын пайымдаған қытайдың ескі заман ойшылы КұңФудзы Ойсыз оқу — бекер, оқусыз ой – қатер деп түйген екен/4/.
Қазіргі заман оқытуының басты құндылығы сол жан жақтылы жетілген, тұлғалық, сапалық қасиеті қалыптасқан адам тәрбиелеу. Мұндай сапалық тәрбиеде үш үлкен мақсат бар, олар: барлық оқушыны негіз ету; оқушыны жан жақты дамыту; оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Сол арқылы оқушының ырықтылығы,тұлғалылығы қалыптасып, жүректеріне сенім ұялап, талпыныс туып, ата ана мен қоғамға дұрыс мәміле қалыптастырады.
Оқушының тұлғалық қалыптасуы үшін, оқытушының да тұлғалық қасиеті жетілген болуы тиіс. Өзі сапалық жақтан дамымаған оқытушыдан сапалы тәрбие талап етудің өзі әбестік болар. Оған дәліл ретінде мына мысалды айтуға болады. Ертеде бір ғалымға бір әйел жас баласын алып келіп, балам тәттіні көп жейді, содан арылтып берсеңіздеп өтінеді. Ғалым үнсіз отырып, қырық күннен соң келіңіз деп жолға салады. Айтқан уақытында қайта келген әйел мен балаға ғалымның бар айтқаны: Балам тәттіге әуес болма, ол тісіңді ауыртады, денсаулығыңа зиан деген сөз екен, ғ
алымнан басқа шара күткен әйел: Сіздің бар кеңесіңіз осы ма? Бұны неге қырық күн бұрын айта салмадыңыз депті. Сонда ғалым: сіздер алғаш келгенде өзімде тәтті жеп жүрген кезім еді, балаға жалған ақыл айтуға арым бармады, содан қырық күн тәтті жемедім, сүйтіп балаңызға кеңес айтып отырмын. деген екен/5/.
Американың атақты педагогтары ‹‹ оқу — ағарту қаражаты қаншалық мол, шарт- жағдайы кемелді,әдісі қаншалық жақсы болған күнде де оқушыларға болған көзқараста өзгеріс болмаса, оқыту сапасында бәрі бір өзгеріс болмайды ›› — дейді. Әрі Ол 4 класстағы нашар оқушыларды бір класс етіп, оқытушыларға бұлар ең үздік оқушылар, сіздер бұларды жалғасты үздік етіп тәрбиелейсіздер деп шарт қойып, оларға тәрбие жүргізген. Нәтижеде Соңында, олардың 90% ты алдыңғы қатардағы оқушыларға айналған. Осы тұрғыдан қарағанда, оушыларға сену, күйіну тұрғысынан тә
рбие жүргізген жөн. Оған мысал келтіруге болады, ұстазы нашар, жуас оқушыға жекелей тәрбие жүргізіп, ол оқушыға барлығын да білесің, басқалардан кем емессің, мен сабақ сұрағанымда оқушылармен бірге қолыңды көтер, жақсы дайындалсаң оң қолыңды, дайындығың жеткіліксіз болса, сол қолыңды көтер депті. Осы әдіс арқылы бұл оқушының нәтижесі жақсарып айтар ойын ашып айтатын оқушыға айналыпты. Сол үшін оқушыға дұрыс көзқараста болу төтенше маңызды. Бізде оқушыларды ‹‹Үздіктер››, ‹‹Жақсылар››, «Үлгірімі нашарлар» т. б. деп топтарға бөлместен
тең қарауымыз керек. Сонда ғана оқушылардың жасампаздық қабілетін жетілдіруге болады. Егер олай етпегенде оқушылардың дербестігі, ырқтылғы, белсенділгі, жасампаздығы ашылмайды. Мәселен, оқушылардың тұлғалық қасиетін дәріптейтін шетелдік бір бастауыш мектепте бір оқушы ит сатып алады да ел президентіне:‹‹ Президент мырза сәлеметсізбе? мн сізді ерекше жақсы көремін, жақында бір ит сатып алдым, оны да жақсы көремін. Егер сіз қосылсаңыз сіздің атыңызды соған қойсам›› — дейді. Президентте оған жауап хат жазып: ‹‹Сәлеметсізбе, кішкентай
досым, хатыңды тапсырып алдым, мен ғой қосыламын, алайда сен итіңнен сұрап көр, ол өзі қосыла ма, жоқ?››- дейді.
Оқу — ағартудың маңдай алды мақсаты оқушыларды аялау, сүю негізінде тәрбиелеу. Сонда ғана адамның өсіп-жетілу заңдылығына құрмет еткен боламыз. Қазіргі заманда оқытушы жетекші, ал, оқушы тұлға болуы тиіс. Дамыған елдерде білім беру іштегі нәресте кезінен басталып, өмірінің соңына дейін жалғасады. Сөзімді қазіргі заманның ұлы ойшылы Фетхуллаһ Гүленнің сөзімен қорытындыласақ: Ғасырымызда адам баласына төніп тұрған қатер бұрынғыдай надандықтан емес, қайта тәрбиесіз берілген білімнен келіп отыр. Сондықтан білімге рұхани құндылықтарды қосу тиіс /6/.
Осыларды жинақтай келгенде, еліміз алдағы онжылдықта қоғамды дамытатын негізгі күш ретінде адам капиталын тез қарқынмен дамытуға мүдделі. Ол біріншіден Қазақстанға басқа елдермен дамыған технологияның есебінен еңбек өнімділігін арттыру арқылы бәсекелесуғе мүмкіндік береді, екіншіден – ол таусылмай жағарып отыратын ресурс, және үшіншіден, жиналатын болашақтың – болашақ ұрпақтың капиталы. Себебі, дамыған елдердегі барлық капиталдың ішінде адам капиталының үлесі орташа 75%-дан артық болса, біздің елдегі бұл көрсеткіш 10-12% ғана. Адам ка
питалының 1% өсуі еңбек өнімділігін 3,81%-ға өсетіні белгілі. Сондықтан бізге адам капиталы үлесін 5-6 есе өсіру міндеті тұр. Ол үшін елімізде ғылым мен білімге салатын қаржы көлемінде ұлғайту тиіс болады. Мысалы, Еуропаның экономикасы дамыған елдеріндегі денсаулық пен білімге жұмсалатын қаржы ЖІӨ-нің 8,1% және 8,5%-ін құрайды. Сондықтан да жалпы капиталдың 80% адам капиталының үлесінде болып отыр.
Резюме:Проблемные вопросы и опыт ведущих иностранных государств в условиях нового этапа образования экономики
Summary: Concerns and experience of leading foreign countries in a new phase of economic forming
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Бәсекелестік экономика», Оразалы Сәбден, оқу құралы, Алматы, экономика институты, 2007 – 656 б.
2. «Абай», Екінші том, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1995 ж.
3. «Қазақ отбасы», Халел Арғынбаев, Алматы, «Қайнар», 1996 – 288 б.
4. «Кеңес пен толғам», КұңФудзы /аударған, Мұхтар Мағауин/ Алматы, «Қайнар», 2001 ж.
5. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», Сәбит Ибадуллаев, Алматы, «Ғибарат» баспа үйі, 2008 — 212 б.
6. «Очерктер-мақалалар-пікірлер», Фетхуллаһ Гулен, Алматы, «Көкжиек», 2008-212б.