Басы » Бастауыш сыныптар » Cымайыл. Зәмзәм

Cымайыл. Зәмзәм

Сабақтың тақырыбы: Сымайыл. Зәмзәм

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға Сымайылдың  дүниеге келуі,  Зәмзәм суының шығуын, Алла Тағаланың мейірімі, шексіз махаббаты туралы мәлімет ұсына  отырып, әңгімені оқыту, ондағы кейіпкерлер туралы пікір қалыптастырады.

2)                Дамытушылығы: Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, жазу арқылы сөз байлығын молайту, сұрақ-жауап әдісі арқылы ойын жеткізу, логикалық ойлау қабілетін ізденімпаздыққа қалыптастыру, тақырыпқа қатысты қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін, топтастыруды  сыни тұрғыдан таңдауға, сөздіктердің мағынасын терең түсіне отырып, оқу дағдысын қалыптастыру арқылы  ынтасын арттыру, әңгімені түсініп оқуды арттырады.

3)                 Тәрбиелілік: Иманды, әдепті, төзімді болуға, адамгершілік және ізгілік қасиеттерін бойларына сіңіреді.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:  іздену, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу, сұқ саусақтар стратегиясы, ДЖИГСО-2, топтастыру, эссе, “Екі түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы, мінездеме, «Автор орындығы», «Өзін-өзі бағалау».

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі түсті қима қағаздар, сұрақ берілген қима қағаздар, «өзін-өзі бағалау» парағы, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану

 

Сабақ  құрылымы:    1. Қызығушылықты ояту.

2.     Мағынаны тану.

3.     Ой-толғаныс.

Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеп,  сабаққа дайындықтарын бақылау.

Сабақ барысы:

I.       Қызығушылықты ояту. 

1. Сынып оқушыларына түстерді беру арқылы АВС топтарына бөлу.

2. 1-топқа «Пайғамбар» деген ұғымды қалай түсінеміз, 2-топқа «Зәмзәм» дегеніміз не?, 3-топқа «Пайғамбарлардың ұл-қыздарынан кімдерді білеміз?» деген сұрақтардың төңірегінде  ойланып, әр топ ойларын топта ұсынады.

Оқушылар, ал енді үстіміздегі айдың __________ күндері елімізде қандай мереке атап өтілді?(Оқушылар Құрбан айт мерекесінің тойланғанын айтады) Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Мұсылман мемлекеттерінің бәрінде, біздің Қазақ елінде де Құрбан айт мерекесі тойланады. Ал енді осы Құрбан айт мерекесінің тууына қандай діни оқиға себеп болды. Қай пайғамбарымыздың өмірі сынға түсті? (Оқушылыр Ибраһим пайғамбардың ұлы Сымайылды Алланың әмірімен құрбандыққа шалуға бет байлағанын, Алланың әмірімен аспаннан қой түсіп, Сымайылдың жаны аман қалып, Ибраһимнің Аллаға деген сенімінің дәлелденгенін, сол күннен бастап құрбандыққа қой сойылатыны туралы әңгіме өрбітті). Балалар, олай болса біздің бүгінгі өтетін сабағымыз да осы Құрбан айт мерекесінің себепшілері, Аллаға деген сүйіспеншілігін өзінің отбасынан да, өмірінен де жоғары қойған Ибраһим пайғамбар мен баласы Сымайыл туралы болмақ.

 

Тақтада Мекке қаласының суреті ілініп тұрады.

Бұл жер Сымайылдың өкшесінен Зәмзәм суының аққан жері – Мекке.

Тіршіліктің сарқылмас қайнары – Зәмзәм.

 

II.   Мағынаны тану.

1. Электронды тақтада ілініп тұрған сөздіктерге назар аудара отырып:

 

1. Ибраһим — пайғамбар

         2. Күң – бас бостандығынан айырылған                                                     басыбайлы әйел.

3. Палестина — қала

4. Перзент – бала, сәби, ұрпақ

5. Неке —  ер мен әйедің ерлі-зайыпты болып бас қосуы.

6. Ұрпақсыздықтың азабынан – сәбисіздіктің қиыншылығынан

7. Зерек — алғыр

8. Құсаланды – қайғы-қасірет шекті

9. Хал — жағдай

10. Таса ету – жасыру

11. Құптады —сөзін сөйледі

12. Қылтиған қылтанағы жоқ — шөл

13. Құла дала – елсіз дала 

14. Қу медиенге – ұшы-қиыры жоқ елсіз дала

15. Күдер үзбеді – үміттенді

16. Тақыр – ешбір өсімдік өспейтін жер

17. Жапан түзге – шөл, сахара

18. Ит-құсқа – қасқыр, жыртқыш аң

19. Пана болады – қорғаныш болады

20. Аптап – шілденің шыжыған,  ми қайнатқан ыстығы

21. Бойсұну – бағыну

22. Күйзеліс – уайым

23. Шүбәсіз – күмәнсіз, күдіксіз.

24. Елсіз иен – елсіз айдала

25. Ботадай боздау – жылау

26. Ғалайһиссалам — пайғамбар

27. Ебелек  ұшпа елсіз дала – шөл дала 

28. Әмсе – әрқашан, ылғи да, әрдайым.

29. Мінәжат – Құдайға сиынушылық

30. Шапағат — қайырым

31. Тап болған тауқымет – тап болған қиыншылық

32. Тақа таусылды – мүлдем таусылды

33. Безек қақты – зыр жүгірді, шырылдады

34. Қабырғасы қайысқан — қайғырған

35. Көз жасын көлдету – жылады

36. Оқтайланды – бірдеңе айтпақшы немесе жасамақ боп ұмтылды

37. Елеңдеп – алаңдап

38. Сағымды байқады – ауаның біркелкі қызбауына байланысты болатын құбылыс 

39. Кенезесі кебу – қатты шөлдеді

40. Өзеуреу — бір нәрсені қайта-қайта сұрай беру

41. Дәрмен —  күш-қуат

42. Тәсілім – ажал, өлім

43. Шара – амал

44. Мысы  құрыды – әлі құрыды 

45. Сұлық түсті  — қимылсы жатты

46. Тасбауыр —  қатыгез, мейірімсіз

47. Рақым – қайырым, мейірім

48. Талмаусырап – әлсіреп, нашарлап

49. Серги бастады – көңілі жадырай бастады

50. Мұрсат – рұқсат 

52. Әби зәмзәм – шипалы су

53. Көгінде – аспанда

 

 

2. «Сымайыл» және «Зәмзәм» діни әңгімелерінен төмендегі сұрақтарға мәтіннен жауап іздеп, берген жауабын топта нөмірлік рет бойынша түсіндіру (1, 2, 3, 4).

 

 

 

№1 оқушыға:( Жауаптары «Сымайыл» әңгімесінің 1, 2, 3, 4 азат жолдарынан)

1. Ибраһим кімдермен қай қалаға келеді?

2. «Онан бала көрсең, бүкіл отбасыңызбен ұрпақсыздықтың азабынан құтыламыз» деген сөзді кім айтты? Не үшін осылай айтты?

3. Сымайыл (Сымағұл) кім? Сараның қызғаныш сезімін айт.

4. Сара күйеуіне қандай тілек білдірді?

 

№2 оқушыға: (Жауаптары «Сымайыл» әңгімесінің 5, 6, 7, 8, 9 азат жолдарынан)  

1. Ибраһим әйелінің талабын қалай орындайды?

2. Ажар ананың зарын әңгімеле.

3. «Мұның өзі Алланың әмірі, оған сөзсіз бойсұнуымыз керек» деп кім айтты? Және бұл сөзді Ажар қалай қабылдады?

4. Ибраһимнің күйзелуін әңгімеле.

 

 

№3 оқушыға:(Жауаптары «Сымайыл» әңгімесінің соңғы азат жолы мен «Зәмзәм» әңгімесінің 1, 2 азат жолдарында)   

1. Ибраһим Алла Тағалаға не деп жалынады?

2. Ажар ананың тағдырына тап болған тауқыметі?

3. Ананың тілегі.

4. Ажар қиыншылықтан құтылудың жолын іздемекші болып, қай жерлерге барады?

 

№4 оқушыға: (Жауаптары «Зәмзәм» әңгімесінің 3, 4, 5, 6 азат жолдарында)

1. Бала қандай күйде болды?

2. Алланың рақымын көргенде Ажар қандай күйде болады?

3. Бұл су қалай аталады? Бұл күнде осы су бар ма? Қажыға барғандар бұл суды қалай пайдаланады?

4. Ана мен бала екеуінің қасына келген адамдар бұл жерді қалай табады?

 

3. Мұғалім сөзі: Балалар, енді тақтада қай топтың мазмұндағанын қалайсыңдар, сол топқа сұқ саусақтарыңызды көрсетіңдер. (Қол шапалақтап, тақтада қарсы алады)

«Сұқ саусақтар» стратегиясы бойынша мәтінді тақтада мазмұндайды (сұрақтар бойынша орын алмастырылады, әр сұрақтар бойынша өзге топтардан толықтырылуын сұрап өту).

   

III. Сергіту сәті: БАЛА, АНА, ӘКЕ  сөздері ағылшынша және орысша қалай аталады, және 1-топқа «Бала» туралы қандай ән білесіңдер, 2-топқа «Ана» туралы қандай ән білесіңдер, 3-топқа «Әке» туралы қандай әндер білетінін топта айтады, осы үш сөзді қамтитын  әнді  үш топ бірге орындайды (халық әні, эстрадалық ән). (Шапалақтау).     

      

IV.                       Ой-толғаныс. «А» тобы «Алланың мейірімі дегенді қалай түсінесің?» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар, «В» тобы“Екі түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы.

 

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікірің

 

 

 

«С» тобына әңгімедегі Ажар мен Сара бейнесіне мінездеме жазыңыздар. Автор орындығында» 3 топтан бір оқушыны шақырып, топта тыңдау.

Үй тапсырмасы: Шығармадан әсер алған тұстарыңа сурет салып немесе өлең құрастырып  келіңіздер.

V.   Бағалау: Төмендегі критерилер көрсетілген парақшаға өзін-өзі бағалау парағын толтырту.

 

Өзін-өзі бағалау

«Пайғамбар», «зәмзәм», пайғамбардың ұл-қыздарына берген түсінігі бойынша

Сұрақтарды ізденіп, жауап тауып, топта мазмұндауы бойынша

«Сұқ саусақтар» стратегиясы бойынша тақтада мазмұндауы бойынша

Ән айтуы бойынша 

Эссе, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», мінездеме жазуы бойынша

Мұғалімнің бағасы 

 

 

     

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *