Басы » Tәрбие сағаттары » Сыйынар ем ана деген тәңірге

Сыйынар ем ана деген тәңірге

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы
№102 орта мектеп
Сембаева Күлайым
Тақырыбы: Сыйынар ем ана деген тәңірге

Мақсаты:

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат беру.Оқушы бойында асыл аналарын сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,слайдтар,қанатты сөздер

Барысы:

Мұғалім:

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың,

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме,анашым!

 

Көңілге көктемдей шуағын құйып,8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні келді.Осынау мерекенің орны бөлек.Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Ана-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Бүгінгі күніміз мейірман,асыл аналарымызға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,қыздар! 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Сіздерге денсаулық,өмірдің шапағатын, отбасының амандығын тілейміз.

-Балалар дүниедегі ең сұлу адам кім?

-Ана

-Әрине ана.Ана-адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қамқоршысы.

Хор: Құттықтаймын Мама!

Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалым да,ел басқарған көсем де,күміс көмей әнші де анадан туып,анадан нәр алған.

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

 

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тарал,ан.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Ана алдында борышты ғой бар адам.

(Балалардың аналарға арнаған жыр шумақтарына кезек берелік)

 

Аналар өмір жүрегі,

Балалар оның тірегі.

Өмір бойы аймалар,

Анамызды сүйеміз!

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

Ән: Анаға Орындайтын Тәжібай Ақжүніс

«Бала, бала, бала» деп,

Бізді өсірген анашым.

Гүлге толып, құшағың,

Бақытты бол, анашым.

Қамымды ойлар күн- түні,

Анам- менің көктемім.

Ақтай алсам, үмітін,

Арманыма жеткенім.

Көркем сөз Ф.Оңғарсынова Жылу,Ф.Оңғарсынова Әже

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

Ана- деген жан екен,

Ана- деген ән екен.

ӘН: Ақ мамам Орындайтын: Қали Арқат,Нағыметуллаев Мирас

«Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан, аналар!

Көрініс: Бұғы ана

Ән: Апатайым, анашым! Орындайтын: Амантай Ақұлпа

Ана-өмірдің қуанышы,тірегі,

Бала – оның жұбанышы,жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Би: Цыган биі Орындайтын: Алмас Назгүл,Хамитбек Жанель

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

 

 

Ата –аналармен тренингтер өткізу.

а/«Көзіңді жұм да таны» ойыны

Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.

Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек.

Қорытындылау

Бақытты ғой шынында,

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар.

Қадірлі асыл аналар! Қымбатты қыздар!Сіздер өмір гүлісіздер!

«Сыйынар ем ана деген тәңірге!» атты ашықө тәрбие сағатымызды аяқтай келе сіздерге шат көңіл,мықты денсаулық тілейміз.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *