Нұрышева Анар Қалышқызы,
Елтінді батыр атындағы орта
мектебінің мұғалімі. Алматы облысы
Панфилов ауданы Алмалы ауылы.
Синонимдер
(5 сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру; 2) мәндес сөздерді белгілеріне қарай топтастыру және қандай сөз таптарынан болатынын байқату; 3) синоним сөздер кез-келген сөздермен тіркесе бермейтінін ұғындыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ұсынған әңгімені оқып, кейіпкерлердің ісін талдау жасай отырып бағалау, өздерінің алға қойған мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсіндіру.
Сабақтың барысы.
Үй тапсырмасын тексеру (68-жаттығу).
Жаңа сабақ.
Ой қозғау сатысы
Синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді.
Осы сөйлемді сабақтың басында эпиграф ретінде алып, оқушылардан осы сөйлемді қалай түсінетінін және бұл сөйлем бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екенін сұраймын.
Бүгінгі өткелі отырған сабағымызда үйренетін сөздеріміз тілдің байлығын көрсетеді деп ойлаймын. Синоним сөздерді сөйлегенде, әңгіме айтқанда пайдалану керек деп ойлаймын.
Мағынаны ажырату.
Плакатқа жазылған синоним сөздерді оқушылар бірнеше топқа бөліп жазды.
Ажар Сабырлы Байсалды
Көрік Амандасу Ұстамды
Келбет Сәлемдесу Салмақты
Дидар Есендесу
Оқушыларға сұрақ. Әр топтағы сөздерді бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстырыңдар, қандай ой түйдіңдер?
Оқушылар жауабы. Мағыналары бір- біріне жақын, жазылуы әр түрлі сөздерді синонимдер дейміз.
Әр топтағы сөздерге сұрақ қойғызамын.
Оқушыларға сұрақ. Синонимдік сөздер тобы қандай сөз табынан болады?
Оқушылар жауабы. 1. Зат есімнен болған синонимдер. 2.Етістіктен болған синонимдер. 3. Сын есімнен болған синонимдер.
Оқушыларға зат есімнен болған синонимдер тобымен сөз тіркесін құрау ұсынылады.
Ажары түсі
Адамның дидары Малдың
реңі түрі
келбеті
Оқушыларға сұрақ. Ажар, дидар, реңі, келбеті сөздері малдың деген сөзбен неге тіркеске түспейді? Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?
Оқушылар жауабы. Синоним сөздер кез-келген сөзбен тіркеске түспейді. Ажар, дидар, т.б. адамға қатысты сөздермен ғана тіркеседі.
Топпен жұмыс
«Үш жігіт туралы хикая» атты әңгіме бойынша жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөлдім.
(«Үш жігіт туралы хикая» әңгімесімен оқып танысамыз.)
Әңгіме не туралы екен? Алдына қойған мақсатқа қалай жетуге болады екен? Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойларын отаға салады.
Оқушыларға сұрақ. Бірінші, екінші жігіт өз мақсатына неге жете алмады?
Жауап. Олар: жігерсіз, шыдамсыз, жалқау, еріншек т.б.
Оқушыларға сұрақ. Үшінші жігіт өз мақсатына жетті ме? Ол қандай жігіт?
Жауап. Ол жігерлі, қайратты, шыдамды, еңбекқор т.б.
Ой толғаныс сатысы.
Ал, балалар, сендер алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Өскенде кім боласыңдар? Осы мақсатқа жету үшін не істейсіңдер?
«Кім болам?» атты шағын шығарма жазайық. Шығарма жазған кезде синоним сөздерді пайдаланыңдар. Шығарма 5-6 сөйлемнен тұратын болсын.
Кейбір оқушылардың жазған шығармаларын оқимын. Қандай синоним сөздерді пайдаланғанын сұраймын.
Арайлымның шығармасы
Менің мұғалім болғым келеді. Ол үшін әркез сабақты дұрыстап оқимын. Көптеген қиыншылықтарға шыдаймын. Өзімнің мақсатыма жету үшін қайраттанамын, жігерленемін, еңбектенемін. Сонда алдыма қойған мақсатыма жетемін. Мақсатқа жеткен адам бақытты болады.
Сабақты қорытындылау.
Синоним дегеніміз не?
Балалар сендердің шығармаларың талапқа сай болды, өйткені сендер шығармада синоним сөздер қолдандыңдар.
Эпиграф ретінде алған сөйлеммен қорытындылаймын.