Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы
№102 орта мектебі
Сембаева Күлайым
ХХІ-ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту. Тез ойлануға,шапшаң қозғалуға және ізденісін қалыптастыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін,ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: білім сайысы
Көрнекілігі: слайд
Барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Ақыл- тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім-кен қанша алсаң азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов ағамыз айтқандай, Бүгінгі «ХХІ ғасыр- көшбасшысы» атты 4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған білім сайысына қош келдіңіздер!
(Сайыс мақсатын айтып өту.)
Елбасы Н,Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында» екендігін айтты. Олай болса ертеңімізден үміт күтер жас ұрпақ сіздерсіздер.
Білім-таусылмас қазына,
Білім-сарқылмас байлық.
Олай болса сол білімімізді саралайтын,даралайтын кезең келді. Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер
Бүгінгі сайысымызда оқушыларымыздың білімін сараптайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасы:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатар жолыңда, -дей келе сайыскерлеріміз өздерін көпшілікке таныстырып өтсін.
(Әрбір оқушы өзінің аты-жөнін және өмірлік ұстанымын айтып өтеді.)
Сайыс–толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып
Бүгінгі білім сайысының шарттарымен таныс болайық.
1 Бәйге
- Тіл өнері
- Пән әлемі
- Жалғасын тап.
5.Ғажайып үштік
6.Ұшқыр ой
1 кезең Бәйге
Бұл кезеңде әр бір оқушы ұяшықтар таңдайды. Ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді.
1
Үлек дегеніміз не? /нардың бурасы/
Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? /9/
Сөйлеу түрлерін ата.
1 км неше метр бар?
2
Ауадағы ең көп газ /азот/
Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
Қорқыт ата кім? /ақын,жырау, қобызшы/
Көбейтудің қасиеттерін ата.
Шоқанның шын есімі кім?
Тәжірибе дегеніміз не?
Етістіктің сұрақтарын ата.
Азайтудың компаненттерін ата
4
1 центнерде неше килограм бар?
Тот баспайтын металл
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
Ертегі түрлерін ата.
5
Тұрлаусыз мүшелерді ата.
Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
Жеті жердегі сегізің қанша?
Судың қасиеті
6
Фигураның ауданын қалай табамыз?
Қосымшаның түрлерін ата.
Сезім мүшелерін нелер жатады?
«Менің атым-Қожа» әңгімесінің авторы.
2 кезең «Тіл өнері»
Тіл-халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл – әрбір елдің,ұлттың мақтанышы.
Ана тілің –арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, -дей келе келесі кезең «Тіл өнер» сайысы .
Бұл кезеңде Жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың шешімін айтады және орыс тіліне аударады.
1Екі аяқпен кезек –кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап.
2Зыр жүгіре береді. (доп)
Қалқиып екі құлағы,
3Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
4Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен. (су)
5Қардай аппақ,балдай тәтті-ақ (Қант)
6Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (Бор)
7Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)
Жұқа тақтай бөлшегі
8Ұзындықтың өлшемі (сызғыш)
- Әттең,дауысым,тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (Кітап)
- Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық)
3-кезең Пән әлемі
Бұл кезеңде оқушылар пәнді таңдап, сол пәнге байланысты сұрақтарға жауап береді.
Ана тілі
- Қобыландының тұлпары /Тайбурыл/
- Аңыз дегеніміз не?
- Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі. Бұл қай бидің сөзі? Төле би
4.Қазақтың әлемге әйгілі палуаны /Қажымұқан/
- Жырақ сөзіне мағынасы қандай?/алыс,қашық/
- «Қазына көтерген бала» әңгімесі кім туралы?/Қ,Сәтбаев/
7.М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер. /Көксерек/
8.Табиғат құбылысын жандандырып, адам кейпінде суреттеу қалай аталады? /Кейіптеу/
- «Аққу,шортан һәм шаян» кімнің мысалынан аударылған? /Крылов/
10.Медеу Сәрсекенің «Ғажайып сәуле» әңгімесі шығарманың қай түріне жатады?/ Фантастикалық шығарма/
Дүниетану
1.Алғашқы адам қандай құралдарды пайдаланды? /сүйек, таяқ, тас, аңның мүйізі/
2.Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қайда орналасқан? /Түркістан/
- Жыра неден пайда болады? /Судан/
- Жанғыш пайдалы қазбалар. /тас,көмір,мұнай/
- Аба ескерткіші қандай тұғырға орналасқан?/гранит/
- Табиғаттағы ең көп тараған зат /су/
7.Дүние жүзіндегі ең терең көл /Байкал/
8.Жер бетіндегі ауаның ауысуынан не пайда болады?/Жел/
- Біздің жерімізге суық ауа райы қайдан келеді? /солтүстік/
10.Үгілу дегеніміз не? /күн көзінен,жауын-шашын,желдің әсерінен тау жыныстарының бұзылуы/
Қазақ тілі
- Етістік дегеніміз не? /қимыл,іс-әрекет/
- «Төбе шашым тік тұрды» сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінесің? /қорқу/
- Біріккен сөздер дегеніміз не?/екі немесе оданда көп түбірден құралған сөз/
- Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата./б,в,г,ғ,д,ж,з,/
- Қазақ тілінде неше септік бар? /7/
- Баяндауышты тап. Асқардың әкесі ауыр жүк тасиды./тасиды/
- Жайылма сөйлем дегеніміз не? /Сөйлем тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады/
- Қыстырма сөз сөйлем мүшесі бола ма?/жоқ/
- Сөз мағынасын өзгертетін қосымша./жұрнақ/
- Ілік септігінің сұрақтарын ата. /кімнің?ненің?/
Математика
1.Қандай сан натурал сан болмайды? /0/
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
- 214 пен 235 тің қосындысы қаншаға тең?/449/
- 54 тің 6-дан бір бөлігі нешеге тең?/9/
- Жылдамдықты қалай табамыз?/қашықтықты уақытқа бөлеміз/
- Шаршының ауданы 400см2 –қа тең. Шаршының қабырғалары неше сантиметр? /20/
9.10 кубы қаншаға тең? /30/
- 1 метрде неше сантиметр бар? /100см/
- Жалғасын тап
Бұл кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табады.
1.Қына тасқа бітеді.—————————.Білім басқа бітеді.
2.Жері байдың, — ————————-. Елі бай.
3.Ердің атын ——————.
- Бас кеспек болса да, —————————— Тіл кеспек жоқ.
5.Халықтың ортақ үйі — ——————. отаны
6.Жақсының аты өлмейді,———————————.Ғалымның хаты өлмейді.
7.Ел құлағы- ——————-.елу
8.Көп сөз көмір,————————————-.аз сөз алтын
9Ағайын алтау,—————.ана біреу.
10.Сулы жер құрақсыз болмас,————————————.Таулы жер бұлақсыз болмас.
5.Ғажайып үштік
Бұл кезеңде оқушылартақырып таңдайды,таңдаған тақырыбында сұрақтары тест тапсырмалары түрінде берілген .
1.Менің елім
2.Мерекелер
3.Туыстық атаулар
Менің елім
- Биыл елордасы Астанаға неше жыл толды?
А) 10жыл Ә) 15 жыл Б) 8 жыл
- 2017 жылы біздң елімізде не өтпекші?
А) қысқы олимпиада
Ә) Өзбекстан мемлекеті өнерінің онкүндігі
Б) ЭКСПО көрмесі
Мерекелер
1.1-желтоқсан қандай мереке болып аталып өтіледі?
А) Тұңғыш президент күні
Ә) Тәуелсіздік күні
Б) Білім күні
2.Халықаралық балаларды қорғау күні қай қүн?
А) 22-наурыз
Ә) 1-сәуір
Б) 1-маусым
Туыстық атаулар
Сенің апаңның баласы, саған кім болып келеді?
А) Жиен
Ә) нағашы
Б) бөле
Құда бала деп кімді айтамыз?
А) Апамның баласын
Ә) Жеңгемнің інісін
Б) Әкемнің інісін
- Ұшқыр ой
Бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыптар бойынша өздерінің ой-пікірлерін айту.
Қорытындылау
Тәуелсіздік туы желбіреген, егемен еліміздің ертеңі сендерсіңдер.Сондықтан да сендердің алар асуларың әлі алда. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді,білімді,ізденімпаз болуыларыңызға тілектеспін. Ел ертеңі сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпайық.