Басы » Бастауыш сыныптар » «Сен ұйықтап жатқанда» Б.Соқпақбаев

«Сен ұйықтап жатқанда» Б.Соқпақбаев

Ана тілі    3-сынып

Тақырыбы: «Сен ұйықтап жатқанда» Б.Соқпақбаев

Мақсаты: А) Мәтіннің мазмұнын аша отырып, еңбек түрлеріне кәсіптік бағдар беру, оқыту мен оқу барысында

жаңа тәсілдерді қолдана отырып, мәтіннің негізгі идеясын анықтай отырып түсіндіру.

Ә) Оқушылардың тіл байлығын молайтып, қойылған сұраққа,    проблемаға өз бетінше, өз көзқарасы

бойынша  толық жауап беруге дағдыландыру.

Б) Мәтіндегі еңбек түрлерін сипаттауға, кейіпкерлердің ой-әрекетін, ара-қатынасын белгілеуге,
өмірде кездесетін жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре білуге тәрбиелеу.

Р/с Атқарылатын жұмыстар Әдіс-тәсілдер Ресурстар Бағалау Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Мамандық түрлері Қима қағаздар Мамандық түрлері жазылған қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді. Шағын топтарға бөлемін.
Психологиялық дайындық. «Тілектер сандығы»  /шаттық шеңберіне тұрып, сандықшадан алған қағазда кімнің аты түссе, сол балаға тілек айтады/ Сандықша Сандық ішіндегі қағазға жазылған баланың атын оқып, соған тілек айтады.
2 Үй тапсырмасын тексеру.
3 Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Бейнежазба Бейнежазбадан «Менің атым-Қожа» фильмінен үзінді көріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Фильмді көрсете отырып, авторы, режисеры  жайлы ой өрбітемін./Б.Соқпақбаев , Ш.Айманов/
4 Көрсетілім Түсіндіру Слайд Тыңдайды, көреді. Автормен  таныстырамын.

Бүгін Б.Соқпақбаевтың «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесімен танысатындарын хабарлаймын.

5 Ой қозғау. Ойланып, сұрақтарға жауап береді. -Балалар, осы әңгімеде не туралы сөз болады деп ойлайсыңдар?

-Неге? /топқа мамандықтың аттары бойынша бөлінгеннен байқадық,-деп жауап беруі мүмкін/

6 Мағынаны тану Сұрақ-жауап Мадақтау Берілген сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын ашып айтады, ребус шешеді.

Түнгі жұмыстар: шахтер, жүргізуші, күзетші, дәрігер т.с.с

 

-Туған жердің жері де  көрікті, елі де сүйікті. Осы мақалда бірінші  не туралы айтылады?

-Жері,  елі  көрікті болу үшін не істеуіміз керек.  Осы сұраққа жауап беру үшін тақтаға қараңдар.

Ребус шешу. (Еңбекпен ел көгереді).

Сұрақ: Кім қалай түсінеді?

Жауап:  Оқушылар жауап береді.

/Жауаптарында еңбектің ролі туралы айтылуы керек/

— Сонымен балалар, сендер көптеген еңбек түрлерін атап өттіңдер бұл еңбек. Ел үшін керек дедіңдер, ал енді қалай ойлайсыңдар түнде еңбек қылуға бола ма?

— Қандай түнгі жұмысты білесіңдер?

7 Постер қоғау Түсінік картасын сызу плакат, маркер «Бағдаршам» Мамандық түрлері туралы түсінік картасын сызады, ортаға алып шығып қорғайды. Мамандық түрлері туралы түсінік картасын сызуға бағат-бағдар беремін.
8 Сергіту сәті. «Жауын» әдісі Мұғалімнің көрсеткен іс-әрекеттерін қайталайды. Күн бұлттанды-иықты қатты-қатты уқалау.

Жаңбыр жауды-саусақ ұшымен ұрғыштау.

Күн ашылды-иықты сипалау.

9  Оқулықпен жұмыс. Джиксо әдісі. Оқулық Топ мүшелері 1,2,3,4-ке саналып, берілген бөлікті түсініп оқиды. Топқа қайтып келгенде басқаларға түсіндіріп айтады. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр нөмірдегі оқушыларға іштей түсініп оқуларын тапсырамын.
10 Мәтінді пысықтау. Пантомимо «Шапалақ» Берілген мамандық бойынша басқа топтарға сахналап жеткізеді. Қандай мамандық түрі екенін басқалар шешеді. Бақылаймын, бағыт-бағдар беремін.
11 Қорытынды. Сұрақ-жауап әдісі. Берілген сұрақтарға жауап береді. -Біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

-Мамандықтың қандай түрлері бар екен? Пайдасы туралы не айтасыңдар? /біздің мектептегі мамандық иелері, олардың қызметтері туралы да сұрау/

-Адамдар не үшін еңбек етеді?

-Болашақта кім болғың келеді?

-Ол үшін қандай әркеттер жасауларың керек?

-Сендердің қазіргі міндеттерің не?

12 Үйге тапсырма. Салыстыру Кесте Мадақтау Күнделіктеріне жазып алады. -бет оқу, Шығарма жазу «Кім болам?»
13 Рефлексия Кері байланыс парағы Кері байланыс парағын толтырады. Қорытынды жасаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *