Басы » Тарих » Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Дархан Қамбарұлы

Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін

мекендеген қандас, туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатыныстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімділік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылуы тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам

қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ

барысында көрнекі құралдар пайдаланып, пікірсайыстар, ойындар ұйымдастырып отыру.

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, математика, құқық т.б.

Базалық ұғым: Қазақ хандығының құрылу ерекшеліктері.

Тірек ұғым: Тұңғыш қазақ мемлекетінің шаңырағын көтерудегі Керей, Жәнібек хандар

мен халық арасынан шыққан би, батыр, жыраулар рөлі.

Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары,

Жәнібек, Керей портреттері, түрлі кестелер, карточкалар, тесттер, дөңгелек шеңберлер, ұпайлар, Венн диаграммасы.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру.
  2. Ой көкпар.

3.Жаңа сабақ түсіндіру.

  1. Математикалық ойын.
  2. Термин сөздер ойыны.
  3. Жылдар сөйлейді ойыны.
  4. ВЕНН диаграммасы.
  5. Тестпен жұмыс.

Қазақстан Республикасының әнұранымен сабақты бастау.

Бүгінгі сабағымызда 5 сынып оқушылары  екі командаға бөлінген. Қазақ хандығы және Қазақ мемлекеті тобы. Жарыс жоспарын  айтып өту.

Екі топқа әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

  1. Исмаилова А
  2. Оспанова Л
  3. Ділманова Ұ

1 . Ой көкпар.

«Қазақ хандығы» мен «Қазақ мемлекеті» топтарына 10 сұрақтан қойылады. Бұл сұрақтар өткен материалдардан алынған. Кім бірінші қол көтерсе сол  жауап береді. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.

«Қазақ хандығы» тобына.

  1. Шыңғысханның шын есімі. (Темучин.)
  2. Тарих сөзі қандай мағына береді. (Тарих сөзі зерттеу, өткен оқиғалар жайлы әңгіме деген мағынаны білдіреді.)
  3. Рашид ад-Дин қай жылдары өмір сүрген. (1247-1318жж)
  4. Тарихтың атасы кім? (Герадот)
  5. Иероглиф- дегеніміз не? (жазудың бір түрі)
  6. Бір мүшелде қанша жыл бар. (12)
  7. Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады. (14)
  8. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады? (Түркістан)
  9. Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адамдар қалай аталады. (Гоминид)
  10. Қай жылы Шыңғысхан басқарған моңғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанады. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік моңғолдардың олжасына айналады. (1218ж)

«Қазақ мемлекеті» тобына.

  1. Түрік қағанатын құрған кім? (Бумын )
  2. Түрік қағанаты қай жылы құрылды? (552)
  3. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды? (40 мың жыл бұрын)
  4. Тас дәуірі неше бөлінеді. (3-ке. Ежелгі тас ғасыры, Орта тас ғасыры, жаңа тас ғасыры.)
  5. Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалады. (қалайы мен мыс)
  6. Б.з.б. 530 жылғы шайқаста парсы билеушісі Кирді жеңген сақ патшасы кім? (Томирис)
  7. Әл-Фараби кім? (ғалым, ойшыл т.б.)
  8. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген. (Отырарда)
  9. Ортағасырлық қалалар қанша бөліктен тұрды. (үш бөліктен)
  10. Этнос ұғымын қалай түсінесіңдер. (ұлт, халық, тайпа, жұрт)

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығына да құрметті, бірақ сол, бұрынғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар-Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған ұлдары. Аты жөнімен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Аталарын таратып айтсақ:

Шыңғысхан

Жошы хан

Тоқай-темір

Өз-темір

Қожа

Бәдіғұл

Орыс хан

Тоқтақия

 

 

Болат.                                                           Құйыршық

Керей.                                                                      Жәнібек

 

 Жәнібек пен Керейдің алдына қойған мақсаты.

  1. Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.
  2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы, т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату.
  3. Қазақ тайпаларының басын қосып қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

 

             «Қазақ» атауының шығуы.

«Қазақ» термині зерттеушілер арасында қызу талас тудырады. Ортағасырлық деректер бойынша «қазақ» термині алғашқыда таза әлеуметтік мағынада болды. Әскери іспен айналысқан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай, мемлекеттен бөлініп кеткендерді білдірген. Қазақ халқының тарихында Алтын Орда дәуірі ерекше орын алады. Бұл мемлекеттің негізін Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан құрды. Жошы хан Ұлытауда билік құрды. Сол жерде оның күмбезі әлі де бар. Ол 1227 жылы қайтыс болды. Жошы хан өлгенен кейін оның баласы Бату әкесінің иелігін батысқа қарай кеңейтті. Мемлекеттің орталығын Еділ бойындағы Сарай қаласына көшірді. Ол кезде Алтын Орданың халқын «ноғайлы» деп атады. Осы ноғайлы елінің құрамында «алаш мыңы» аталған ел Алтын Орда ыдырағанда , қазақ халқына негіз болды.

Алтын Орда мемлекеті ХY ғасырда дағдарысқа ұшырап, көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Соның бірі Ақ Орда атанғаны тарихи деректерден белгілі. Бұл ұлысқа иелік жасаушы сұлтандар Жошы ханның үлкен баласы Орда Еженнен тарайды. 1428 жылы олардан билікті Шайбан тұқымынан (Жошы ханның бесінші ұлы) шыққан Әбілхайыр деген хан тартып алды. Көп ел оған бағынбай, Шу бойына қарай көшті. Бұлар алаш тайпалары еді. Міне, сондықтан Жәнібек пен Керей бастаған, Моғолстанға көшіп кеткен алаш көшпелілері «қазақ» атауын алды.

«Қазақ» этнонимі еркін адам, ерікті қоғам мағынасын берді. Олар құрған хандық «Қазақ хандығы» деген атауға ие болды.         

Осы кезден бастап «қазақ» сөзінің мағынасы өзгере бастады. Ол енді әлеуметтік терминнен саяси терминге айналды, Қазақ хандығына қараған елді білдірді. Керей мен Жәнібектің бөлінуінен кейін ғана «қазақ» сөзі этноним болып қалыптасты. Қазақ термині бүкіл Дешті Қыпшақ пен Жетісудың ұланбайтақ аумағына тарады. Дешті Қыпшақ тайпаларының бір бөлігі ұлы даладан кетіп, өзбек атанды. «Алаш» тайпалары Қазақ хандығының шеңберінде біріккеннен кейін ғана «қазақ» термині этникалық бірліктің негізі ретінде танылды. «Қазақ» термині бүкіл этносты және қазақ хандығының тұрғындарын білдірді. «Қазақ» термині ХY- ХYІІІ ғасырларда толық орнықты.

Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы.

Алтын Орданың ыдырауына байланысты дағдарыс күшейді. Ұлы далада ру-тайпалардың басы бірікпей, бір бірімен жауласып жүрді.

Әр түрлі тарихи зерттеулерде қазақ хандығының пайда болуын ХY ғасырдың 40-60 жылдарында деп көрсетеді. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың Әбілхайыр мемлекетінен бөлініп, Моғолстанға көшуімен байланыстырады. Оларды Моғолстан билеушісі жақсы қарсы алды. Әбілхайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған, ноғайлы ұлыстарының рулары болды. Олардың бәрін кейде «тоқсан екі баулы қыпшақ» деп атайды. Әбілхайыр қырық жылдан астам хандық етіп, «Әбілхайыр хандығын» құрған еді.

Қазақ мемлекеті оңай қалыптасқан жоқ. ХY ғасырдың ортасында Әбілхайырдан бөлінген рулар Бетпақдалаға жақын Таңбалы Нұра деген жерде бас қосты. Онда жеке ел боламыз деген шешімге келді. Сол жердегі үлкен жартасқа әр ру өз таңбаларын қашап жазды. Қазақ халқының құрамына Жетісуды мекен еткен үйсін тайпалары еніп, олар Ұлы жүз атанды. Сарыарқаны мекен еткен арғын-найман тайпалары орта жүз атанды. Батыс Қазақстан жеріндегі рулар Кіші жүз атанды. Бұрынғы уақытта бұлардың бәрі алаш тайпалары еді. Алайда Жетісу жеріндегілер Моғолстан, Сарыарқадағылар Әбілхайыр, басындағылар Ноғай Ордасының құрамына енген еді. Енді бәріміз Алаш бабамызға адал болайық, сол бабамыздың үш ұлынан тараған ұрпақпыз деп үш жүз атанды. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шежіресі» бойынша, Алтын Орда мемлекетінің өзбек, қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі тайпалар арасындағы келіспеушіліктен еді.

М.Ж.Көпеев қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын қазақтардың аты аңызға айналған алғашқы билеушісі-Алаша ханмен байланыстырады. ХY ғасырдың ортасында Алтын Орда құлаған кезде дала тайпалары болашақты ойлап, дербес тұрақты мемлекет құру керек деп шешті. Мемлекет негізіне «алаш мыңы», яғни Орыс хан тұсындағы Ақ Орда халқының негізін құраған тайпалар кірді.

Қазақ хандығының орнығып, өрлеуі Қасым ханның атымен байланысты. Ол Қазақ хандығының астанасын Ұлытауға көшірді. Онда қазақтардың арғы бабасы және бірінші ханы Алаша ханға кесене тұрғызды. Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1 млн-ға жетті. Қазақ хандығының да аумағы өзінің алдындағы хандар тұсынан анағұрлым кеңейе түсті.

 

 

«Математикалық ойын». Оқушылар мына есептерді шығарып, шыққан сандар тарихи оқиғалар екенін біледі.

  1. 4000 : 2 — 532=                                 (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)
  2. 400 х 3 + 148 = Моғолстанның құрылған жылы.
  3. 2800 + 105 – 1500 =                        Әмір Темірдің қайтыс болған жылы.
  4. 728 х 2 + 0 = Қазақ хандығының құрылған жылы.
  5. 4000 + 221 – 3000 =             Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы.
  6. 3800 : 2 + 91 = ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы.

 

«Термин сөздер» ойыны.

  1. «Қазақ», 6.         «Цитадель».
  2. «Этноним», 7.         «Шахристан»,
  3. «Алаш», 8.         «Рабат»,
  4. «Этнос», 9.         «Ұлы Жібек жолы»,
  5. «Отырар», 10.       «Гоминид».

 

Жылдар сөйлейді.

  1. 1206жыл (Шыңғысханның хан болып сайлануы.)
  2. 1456 жыл (Қазақ хандығы құрылды)
  3. 870-950 жылдар (Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары)
  4. 1991 ж 16 желтоқсан. (Қ.Р.Тәуелсіздігінің жариялануы.)
  5. Б.з-дың 552 жылы. (Түрік қағанаты құрылды)
  6. 1995 жылы 30 тамыз. (Қ.Р. Конституциясы қабылданды)

 

 

Венн диаграммасы.

«Қазақ хандығы»                                                                          «Қазақ мемлекеті»

 

Керей мен Жәнібек                                                                       Н.Ә.Назарбаев

 

Жаңа сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. § 28.Қазақ хандығының құрылуы. 94-98 беттер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *