Басы » Музыка » Бояу және дыбыстар. Тембр.

Бояу және дыбыстар. Тембр.

Алматы облысы, Қарсай ауданы, Береке ауылы

«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталықпен» КММ

музыка пәнінің мұғалімі- Уалиева Назаркуль Балагазиевна

Сабақтың тақырыбы: Бояу және дыбыстар. Тембр.

Сабақтың мақсаты: Музыкалық дыбыстың бояуы  және тембрі жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

Музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға үйрету. Қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігін кеңейту. Таным деңгейін,  әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту. Өнерді сүюге,  әдемілікке,   әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Балалар, айналадаға көз салайықшы, егер бояу болмаса, біздің өміріміз қандай болар еді?
  2. Аспанның түсі қандай?
  3. Жердің түсі қандай?
  4. Күннің түсі қандай?
  5. Ағашы жапырағының түсі ше?
  6. Орманда қандай жануарлар бар?

Оқулықпен жұмыс: Сен қоянды қандай бояумен бояр едің? Қолыңдағы сәбізді қандай бояумен бояу керек?

Баланың көңілін көтеріп, қызығушылығын арттыру мақсатында жұмсақ қоян ойыншығы көрсетіледі.

Музыка тыңдау: К. Қуатбаевтың «Сұр қоян» әні жылдам, ойнақы орындалады.  Әуеннен жүйрік, қорқақ, сүйкімді қоянның бейнесін көруге болады.

Дискіге жазылған  музыкалык шығарманы тыңдайды

Домбыра аспабында — күй

Қобыз аспабында  күй,

Баян аспабында ән орындалады.

Осы аспаптардың үні, әуені, сазы, дауысы бір-біріне ұқсай ма? Сурегтегі бояу сияқты  дыбыстың, түрлі музыкалық аспаптардың да өзіне тән  бояуы болады. Оны музыка тілінде  «тембр»      деп атайды. Оқулықтағы тембр тақырыбы окылады.

Сергіту сәті: «Көңілді музыкант» — қимылды ән.

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.

Қозы -лақтар би билейді: дың, дың, дың.

Мен ойнаймын қобызда: зың, зың, зың.

Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.

Қатты ойнаймын дауылпазда: дүң, дүң, дүң.

Төлдер састы, тұра қашты: дүң, дүң, дүң.

Ән үйрену: Оқулыктағы сурет бойынша шағын әңгіме ұйымдастыру.Туған жердің әсем табиғатын, жасыл жайлауының көркем бейнесін қандай әнмен жеткізген болар едің?

«Сурет сабағы» әні көңілді,  жайдары,  ақжарқын,  жігерлі орындалады.  Әннің алғашқы  нотасы- до 2 дыбысын нык, дәл, қатар жатқан дыбыстарды  сатылап, ұқыпты, таза орындауға жаттықтыру.

Шығармашылық жұмыс: Көңілді музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суретке түсіру.

Қорыту:

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай аспап тембрі,

Ажыратып алайық.

«Қандай аспап» — музыкалық дидактикалық ойын. Музыкалык аспаптардың тембрін анықтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *