Басы » Cыныптан тыс » XXI ғасыр көшбасшысы

XXI ғасыр көшбасшысы

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Салтанат Дюзбаева

Ақмарал негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

I санатты  математика пәнінің мұғалімі

XXI  ғасыр көшбасшысы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын орны ерекше. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар оқушылардың өз беттерінше ізденулеріне, пәнге деген қызығушылықтарын ояту әр мұғалімнің басты мақсаты.

Дұрыс ұйымдастырылған сабақ баланың ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  5,6 сынып оқушыларының «XXI  ғасыр көшбасшысы»атты  сайысқа хош келдіңіздер. Ойыншыларды ортаға шақырамыз. Әділқазы алқалары таныстырылады.

 I тур. Бәйге Бұл бөлімде  әртүрлі сұрақтарға жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1 -сұрақ. Қандай сандар барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?  ( нөл)

2- сұрақ. Перпендикуляр қай елдің сөзі?   ( латын сөзі тік бағыт)

3-сұрақ. 7 туыстың бір бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу?

( 7 ағасы, 1 қарындасы бар. Барлығы 8 туыс.)

4-сұрақ. 66 санын ешбір амал қолданбай  оны жартысына арттыру керек?

( 66 ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек)

5- сұрақ. Цифрларды қозғап, дұрыс теңдік шығарыңдар.

а) 93 – 17= 21               б)  13+ 2= 33

(  а) 93 – 71 = 21                б) 31 + 2=33 )

6- сұрақ. Үш ғасырда неше жыл бар?  (300 )

7- сұрақ.  Бес адам кездесіп қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша?          (10)

8-сұрақ. 640 саны  5-ке бөліне ме?  (иә )

9- сұрақ.  Сан аралықтарының неше түрі бар және оларды ата ?

( 5 түрі бар:  интервал, кесінді,жартылай интервал,сәуле,ашық сәуле )

10-сұрақ.  Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

( түйеқұстар  ұшпайды )

11- сұрақ. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ?

( параллель түзулер )

12-сұрақ. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын фигура?

( бұрыш )

13-сұрақ. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады. Олқанша жаста ?

( үште)

14-сұрақ.  Санның жүзден бір бөлігі.

( пайыз )

15- сұрақ. Үш таңбалы 87  саны 5- ке де, 3-ке де бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап?

( 870 )

II тур. Көкпар  Қазақ халқының ұлттық ойыны өте ерте заманнан басталады.Көкпар тарту үлкен жиын тойлардағы ойындардың бірі. Көкпарға серке тартылады. Көкпар батылдықты, күш қайратты,ептілікті қажет ететін жарыс.

Біздің  «Көкпар» кезеңімізде оқушылардың шапшаңдығын көреміз.

2 минутта « математика » сөзінің әрбір әрпінен басталатын математикалық термин жазу керек. Қанша сөз тапса сонша ұпай алады.

III тур. Тіл-өнер (полиглот )  Көп тілді меңгеру қазіргі заман талабы болып отырғандықтан қатысушылардың шет тілін қаншалықты білетіндігін «Полиглоттан » байқайық.

Бұл турда жасырылған сөзді немесе жұмбақ шешуін үш тілде қазақша, орысша , ағылшынша  айту керек.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш,линейка,ruler)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап , книга, book )

  1. Ел құлағы-…….. ( елу,пятьдесят, fifty )
  2. Мың қосшыға  …. басшы.          ( бір, один, one )
  3. Қос құлақты жүз тісті,

Жүзінен бірақ із түсті.

( ара, пила, saw )

  1. Ит …. қазынаның бірі. ( жеті, семь, seven )
  2. Елу жылда …. жаңа ( ел, страна, contry)

 IVтур  Жеті керемет Бұл бөлімде оқушылар  төмендегі кесте бойынша сұрақтар таңдайды.Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады.

 

20 20 20
30 30 30
40 40 40

 

       20 –ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Квадраттың қабырғасы 8 см. Периметрі нешеге тең?

(32 см)

  1. Толық бұрыштың градустық өлшемі неге тең?

(360)

  1. «1»цифрын 5 рет және амалдар таңбасын паайдаланып 100-ді қалай жазуға болады ?

( 111-11=100 )

30- ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. 25 % -санның қандай бөлігі ? ( 1∕4 )
  2. Пропорцияның негізгі қасиетін ата?
  3. Егіз сандар деген не?

40- ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Координаталық жазықтықты дәлелдеген ғалымды ата ?

(Француз ғалымы Рене Декарт )

  1. 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысы неге тең?

( 5050 )

  1. « Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін математика » кімнің сөзі?

(  М.В.Ломоносов )

 

Vтур. Шешендік өнер

Тақырыптар: 1. Оқу- инемен құдық қазғандай

  1. Еңбек -бәрін жеңбек.

Осы кезеңнен кейін қатысқан оқушылардың ұпайлары есептеліп, көп ұпай жинаған екі оқушы келесі кезеңге көшеді,қалған оқушылар ойыннан шығады.

VI тур. Жорға

1 — оқушыға қойылатын сұрақтар.

  1. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу         (параллель)
  2. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді ?  ( хорда )
  3. 7 жай сан ба ,құрама сан ба? ( жай )
  4. 180 градусқа тең бұрыш. ( жазыңқы бұрыш )
  5. Екі қатынастың теңдігі.             ( пропорция )
  6. Жазықтықтың шегі бар ма? ( жоқ )
  7. 2 ғасырда қанша жыл бар? ( 200 )
  8. Тәуліктің төрттен бір бөлігі.      ( 6 сағат )
  9. Бір нүктеден шыққан түзу.        (  сәуле )
  10. ОУ осі қалай аталады ?             ( ордината )

 2 — оқушыға қойылатын сұрақтар.

  1. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу. ( перпендикуляр )
  2. Ең үлкен хорда                                             ( диаметр )
  3. II- ширектің таңбасы.                                 (  -; + )
  4. Тік бұрыш неше градусқа тең ?                  ( 90 ○  )
  5. 19 құрама сан ба? ( жоқ )
  6. Ең кіші үш таңбалы сан . ( 999 )
  7. Қабырғасы 4 см шаршының ауданы ( 16см2 )
  8. 75% — санның қандай бөлігі? ( ¾ )
  9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі ( кесінді )
  10. ОХ осі қалай аталады?                                 ( абсцисса )

Музыкалық үзіліс.

VII тур. Марапаттау.

Қорытынды.

Жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *