Басы » Cыныптан тыс » Көктемгі құстар

Көктемгі құстар

С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі

 Дайындаған мұғалім: Токажанова Шолпан Амирбековна

  Сабақтың тақырыбы:   «Көктемгі құстар»

torСабақтың мақсаты: Құстардың адам, табиғат өміріндегі маңызы мен

пайдасы жайлы ұғым қалыптастыру.

Оқушыларды құстарды күтуге, қорғауға,олардың өсіп-

өркендеуіне көмек, жәрдем жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ой-пікір.

Сабақтың түрі: әдеби-монтаж.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Психологиялық дайындық.

  • Балалар, қазір қай мезгіл?
  • Көктем айларына қай айлар жатады?
  • Ендеше, сендер көктем мезгіліне арнап «эссе» жазып беріңіздерші.
  • Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қалай аталады, балалар?

    «Көктемгі құстар.»

  • Ендеше, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты не?

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Мерекелі жадыраған жасыл көктем құтты болсын. Мерекелі еңбек берекелі болсын. Жайнай берсін тыныштықтың гүлді көктемі. Берекелі, мерекелі бейбітшілік көктемі-зор қуаныш. Бұл көктем мерекесі аяулы аналар сіздердің мерекелеріңізбен басталады. Сәуір болмай, тәуір болмайды- деп халық айтқандай көктем наурыз айынан басталады. Әрбір жыл мезгілінде 3 ай бар. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Ең бір гүлді, нұрлы айлар-осы көктем айлары. Көктемде жыл құстары келеді. Қар кетіп жер көгереді. Мал төлдеп, шаруа егін салады. Бағбан ағаш отырғызып, гүл өсіреді. Жыл құстары жылы жаққа ұшып келеді. Қиқулап әндетіп, кең аспанды сәндетіп тырналар келеді.

 Оқушылардың сұрақтары: Қаз, үйректер ауылда да бар емес пе? Олар да жыл құрамы ма?

-Ауылдағы қаз, үйректер қолға үйретіліп, олар алысқа ұша алмайды. Үйренген жерден кетпейді. Ал, анау қаз, үйректер алысқа талмай ұшатын құстар болып табылады.

Оқушылардың сұрақтары: Сонда олардың нағыз спортшылар болғаны ма?

Дұрыс айтасың кіп-кішкентай қарлығаштың өзі бірнеше мыңдаған км. ұшады.

Мұғалім: Ендеше, тақтаға шығып. Құстардың түрі мен ұшып келу реті, ұшып келетін уақыты мен мекен ету ретін кім айтып береді?

-Бұл күн Құстар күніне арналып отырғандықтан оқушылардың құстарға арналған өлеңдерімен бастауға рұқсат етіңіздер.

  1. Ерболат. 5.Азамат
  2. Бердалы.                                 6. Айзада.

3.Дәуренбек

4.Қуандық.

 

 

Мұғалім: Балалар, біз көктемді не себептен мерекелі, берекелі көктем деп атаймыз? (Көктем мезгілін мерекелі дейтін себебіміз, мұнда мереке күндері көп. 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні. 22-наурыз-Жыл басы мерекесі. 1-сәуір-күлкі күні. 12-сәуір– Ғарышкерлер күні. 1-Мамыр- Қазақстан Халықтарының достығы мен ынтымақ күні. 7-Мамыр-Ұландар күні. 9-Мамыр- Жеңіс күні. Міне осындай мерекелі күндеріміз бар екен. Т.б.мерекелеріміз баршылық.

Тыныштық болса әрбір күн мереке балалар. Ал көктемді берекелі дейтініміз ше? Көктемде мал төлдейді, егін егіледі, жеміс ағаштары гүлдейді. Жан-жануар өріске шығып, көкке тояды.

Табиғатымызды, орманымызды көркейтудің бірден-бір себеп: Ол құстарды ұшып келу қасиеті болып саналады.

Сұрақ: Құстардың ұшып келуін сіздер балалар асыға күтесіздер ме?

  • Және, сендер оларға қуанышты кездесу өткізесіңдер ме?
  • Сіздер құстарға арнап ұялар жасайсыздар ма?

Міне, ұзақтар ұшып келді. Қыстың соңғы айы сылдыраған тамшылармен, алғашқы малшығымен, торғайлардың, шымшықтардың, сайраған үндерімен біздерді қуантады. Қарғалар, жалпы құстар ұя салуға, өздерінің ұяларына қомағай жапалақтар да келіп қонып жатыр. Көктем келген соң, табиғатта күнсайын жаңалықтар болып жатады. Көптеген құстар ұясында оған бір нәрсе  жақпаса, ол ұяны бірден тастап кетеді. Құстарға ұя салуға жаңадан салынған үйде ұнамайды. Өйткені құс сырдың иісін жақтырмайды. Кейбір құстар балалар салған ұяларға қонақтамай ұшып кететін кездері де блады. Неге? Себебі, сөйтсе ол ұя бос бекітілген болып шықты. Күлім қаққан күн барған сайын биіктеп, күн ұзарып келеді. Алдымен ұзақтар келген соң, 2 аптадан кейін қараторғайлар мен бозторғайлар келе бастайды. Олардың қайсысы болмасын адамды қуанышқа бөлейді. Ұзақсыз, қараторғайсыз, бозторғайсыз көктем көктем емес. Көктем құстарды жалпы құстары оралатан шағы. Көктемде құстар ұяларын салуға ынғайлы жер іздейді. Балапандарын қоректендіру үшін жем іздейді. Оны ұяға тасып, күні бойы дамыл таппайды. Кейбір құстар балапандарын бауырына алып, қанатымен бүркеп, суықтан қорғайды. Құстар неше түрге бөлінеді? Дала құстары және үй құстары.

Көктемде үй құстары да балапан шығарады. Адам оларға ұя жасайды. Жұмыртқа басқан тауыққа жем береді. Ыдысқа су құяды. Ұя маңын тазалайды. Кейін балапандарын күтіп, қоректендіреді. Кейбір құстар ұя салу бырысында бір-біріне кедергі жасап, өз еңбектерін бағаламайтындары да бар.

 

Келесі кезекте көрініс: «Тоқылдақ пен тоты»

 

Көрініс: «Қарлығаш әулие»

Құстар біздің досымыз,

Шырқап әнге қосамыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз де оларды қорғаймыз.

Ән: Көктем. Орындайтын: Сержан.

Сұрақтар: 1. Балалар құстар нені қажет етеді?

  1. Құстарға нелер зиян келтіреді?

Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?

Елтаңбамызда қандай құс бейнеленген? Не себептен?

Бейбітшілік құсына не жатады? Не себептен?

Мұғалім: Міне балалар, біздің орманымызға құстар келіп қонбақшы. Бірақ олар  орманға келу үшін сіздерге арналған жұмбақтары бар екен, соны шешейік. Құстар орман көркі емес пе?  Балалар?

 Жұмбақ:  1. Шуға бөлеп жағаны,

Қанаттарын қағады.

Айдын судың түлегі,

Шабақ іліп жүреді.                   (шағала)

  1. 2. Үкінің баласындай,

Байғыздың ағасындай.    (жапалақ)

  1. Әрбір таңды көк орманда атырған,

Өмір бойы өзін-өзі шақырған.          (көкек)

  1. 4. Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. «қарға)

  1. 5. Биікте ұшып жүреді,

Елік, қоян бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл құсты кім біледі?            (бүркіт)

  1. 6. Барлық жемін бітеудей асайды,

Әйтсе де ұзақ жасайды.              (құстар)

Міне, орманымыз құстарға толы болды. Ендеше оқушылармыздың құстар туралы пікірлерін тыңдап көрейік.

 

Мұғалім: Қазақ-ақын халық. Кездескен әріптестер суырып салып та, жаттанды нұсқалармен де айтыса барады. Бүгінгі айтыстың мазмұны да, тақырыбы да құстар мерекесіне арналып отыр. Айтыс: 4- бөлімнен тұрады.

1-бөлім: Таныстыру.(бір-бірін елге таныстырады)

2-бөлім: Тақырып. Бұл үйге берілген тапсырма болатын.

3-бөлім: Түре айтыс. (бір-бірінің кемшілігі жайлы  айтысады)

4-бөлім: Қайым айтыс. (Бір-біріне сұрақ қою арқылы)

Қазіргі айтысайын деп отырған ақындарымыз: Ана ауыл көркі болатын сауысқан ақынымыз. Орта ауылдың әсемдігін келтіретін қарлығаш ақынымыз. Қарсы алыңыздар.

 

Мұғалім: Осыдан, құсты адамның ең сүйікті досы екенін білдік. Табиғатты қоректі, көктемді құстар әні таластайды. Әніміз де, сәніміз де болған құрметті, құстардың тойлары тойға ұлассың. Бейбіт көкте  қалықтай берсің. Көктемнің әрбір күні, әрбір сағаты қуаныш болмақ. Берекелі, мерекелі бейбіт күнде қуаныш көп, көңілді көктем көркие берсің. Қуаныш көбие берсің, құрметті қонақтар дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көптен көп рахмет.

— Келесі сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Асем Шарапиденовнаға беріледі. Рахмет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *