Островская орта мектебі
Өткізген: Бірлестік Ә.
Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы»
Мақсаты: 1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.
2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын арттыру. Алған білімдерін өз өмірінде қолдануға дағдыландыру.
3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиетке баулу, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабқты меңгерту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар әңгіменің мазмұнын түсіне отырып, сыни пікір айтуға дағдыланады. Анаға, жалпы үлкенге деген құрметтері арта түседі. Көзі ашық адам мен надан адамның іс әрекетін айыра алады. Сөздік қорлары жетіледі. Әдебиетке деген қызығущ\шылықтары арта түседі.
Сабақта қолданылатын модульдер: ОмО көшбасшылық: топқа бөлу.ОмОЖТ.: жеке, жұптық, топтық жұмыстар. СТО: миға шабуыл:, Диалогтік оқыту, Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс,ЖЕСО: тапсырмалар, АКТ:, Рефлексия: Бағалау.
Сабақтың барысы: 1 минутҰйымдастыру. Сабаққа әзірліктерін тексеру.
Топқа бөлу: кәмпиттермен.
Үй тапсырмасын қайталау: 7 минут С.Мұқанов туралы әзірлеген қосымша ресурстары бойынша жұмыс. Екі топ бірі- бірінің тапсырмаларын орындайды.Шығармашылық тапсырмалар. (алдын ала берілген ребус, сөзжұмбақ, құпия сөз, әңгіме.)
Жаңа ақпаратты тану (27 минут)
СТО: миға шабуыл: (2 минут.)Ана туралы білетін мақал- мәтелдерін еске түсіру, ана туралы ән тыңдау, ана туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп оқыту. Осылай сабақтың тақырыбы ашылады.
Слайд: (2 минут) Ғ.Мүсіреповтің өмірбаянына тоқталамын.
ЖИГСО әдісі бойынша (11 минут) «Ананың анасы» әңгімесін өздері оқып,түсініп шығады. Әуелі екі екіден, сонан соң топпен , екі топ ауысып, бір- біріне түсіндіреді.
.
1- топ : Әңгімедегі басты кейіпкерлерін табыңдар: (2 минут) Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б
Ананың негізгі қасиеттері: 2(минут) өткір, батыл, қайратты, намысшыл,ақылшы, көпшіл,тұрақты т.б
9.Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б (1 минут)
Екі топ:(7 минут) Әңгіменің мазмұны бойынша композициялық- сюжеттік құрылысына қарай талдау
- Оқиғаның басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.
2. Оқиғаның дамуы: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.
3. Оқиғаның шиелінісі: : Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.
4. Оқиғаның шарықтау шегі: Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу - 5. Оқиғаның аяқталуы: : Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.
Дарынды және таланты балалармен жұмыс: (5 минут) Искакова С:, Азат Е. «Асыл ана» ойтолғау жазады, Қултаева А, Санат Б. «Ана» туралы өлең шығарады,
Қалған оқушылар «ана» тақырыбына бес жолды өлең құрастырады.
Рефлексия: 3 минут: жаңа сабақ бойынша постер қорғайды. Екі топ бір- біріне сұрақтар қояды.
Бағалау: Бағалау критериі бойынша.
Оқушының аты- жөні: | Үй тапсырмасы бойынша
(қомыша шығарм. тапсырма) |
Ана туралы
мақал- мәтелдер, өлең |
Әңгімені
талдау |
Композициялық- сюжеттік талдау | Жеке жұмыстар | Флипчартта жұмыс жасау. |
Үй тапсырмасы: «Ана – сарқылмайтын күш» эссе жазып келу.
Оқушының аты- жөні: | Үй тапсырмасы бойынша | Ана туралы
мақал- мәтелдер, өлең |
Әңгімені
талдау |
Композициялық- сюжеттік таладу | Жеке жұмыстар | Флипчартта жұмыс жасау. |
Оқушының аты- жөні: | Үй тапсырмасы бойынша | Ана туралы
мақал- мәтелдер, өлең |
Әңгімені
талдау |
Композициялық- сюжеттік таладу | Жеке жұмыстар | Флипчартта жұмыс жасау. |
Оқушының аты- жөні: | Үй тапсырмасы бойынша | Ана туралы
мақал- мәтелдер, өлең |
Әңгімені
талдау |
Композициялық- сюжеттік таладу | Жеке жұмыстар | Флипчартта жұмыс жасау. |