Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау

    gulzinz  Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы

Бірлік аулы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кембілбекова Гулзина                                

Тақырыбы : Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.

Мақсаты:      Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталай отырып, өткен тақырыптарды ойын арқылы еске түсіріп отырып пысықтау,қайталау, қызығушылығын арттыру арқылы білімін арттыру, қазақы ұлттық құндылықтарымызды қолдана отырып, оқушыларды ой ұшқырлығына баулу, қазақы салт-дәстүрімізді қадірлеуге үйрету.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, Тест сұрақтары, Бағалау парағы.

Түрі :Ойын сабақ

Барысы:       І.Ұйымдастыру кезеңі а.Сәлемдесу

ә. Түгендеу

б. Сабаққа назарын аудару

ІІ.Сынып оқушыларын екі топқа бөліп алу.1.Тапқырлар 2.Білгірлер.

Сабақ барысын кезеңге бөліп алу.1.Жорға. Жауаптарды сәкестендіру

2.Тапқырлық. Тест сұрақтарына жауап беру

3.Тікелей сұрақтар.

4.Бәйге.

5.Көкпар.

Кезектес салалас

Ікезең. Жорға. Экранға назар аудару. Сәйкестендіру тесті.Тез жауап берген топқа балл жазылады.

1.Құнанбай Ұлжан қасына отырды да,

     Себеп-салдар салалас

Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.

  1. 2. Мені жұмсаған жоқ, өзім кеттім.

3.Қорыққаны сонша-орнынан

Қарсы мәнді салалас

тұра алмай қалды.

4.Шалабай ұзақ жүре алмас,

Түсіндірмелі салалас

үкімет құрығы ұзын.

5.Күндіз олар не өзіне жем іздейді,

не өзінің басқаға жем болмауын

Ыңғайлас салдалас

көздейді.

  1. 6. Нұрғали біресе Тәукеге қарап
Талғаулы салалас

кіжіңдейді,біресе Аманға

қарап ренжиді.

ІІ кезең.Тапқырлық. Экрандағы тест сұрақтарына жауап береді. Әр дұрыс жауапқа екі ұпай беріледі.

 

 

ІІІ кезең. Тікелей сұрақтар. Тақта бетінде салалас құрмалас сөйлемдер атаулары жазылған  топшамалар көрініп тұрады. Оқушылар топшаманы таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа тақта бетіндегі ұяшықтардағы сандармен ұпай саны есептеледі.

  1.Ыңғайлас салалас  құрмалас сөйлемнің сұрақтары:

  1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерде қолданылатын жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
  2. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем деген не?
  3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ішінде оқиғаны тездететін, жедеғабыл болғанын көрсететін түрінің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?
  4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?
  5. Қарсылықты салалас сөйлемнің сұрақтары:

40.Қарсылықты салалас сөйлемдерде қолданылатын жалғаулық шылаулар қандай?

  1. Қарсылықты салалас сөйлемдер деген не?

20.-Жанат орнын ұсынып еді,-отырған жоқ. Қарсылықты салалас сөйлемдер қалай байланысып тұр?

  1. Қарсылықты салалас сөйлемдер тыныс белгілері қандай?
  2. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің сұрақтары:

40.Түсіндірмелі салалас қалай байланысады?

  1. Түсіндірмелі салалас қандай есімдіктер арқылы байланысады?
  2. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?
  3. Түсіндірмелі салалас сөйлемде сызықша қандай жағдайда қойылады?

4 .Себеп-салдар  салалас  сөйлемнің сұрақтары:

  1. Себеп-салдар салалас сөйлем деген  не?
  2. Себеп-салдар салалас сөйлемді қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

20.Жалғаулықты себеп-салдар сөйлемнің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

10.Салдар мәнді сөйлем себеп мәнді сөй лемнен бұрын тұрса, арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

5.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің сұрақтары:

  1. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді байланыстыратын жалғаулық шылаулар қандай?
  2. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ережесі қандай?
  3. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемніңтыныс белгілері қандай?

10.Сондықтан, сол себепті-шылаулары талғаулы салаластың шылаулары болама?

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сұрақтары:

40.Іс-әрекет бірінен соң бірі орындалады. Кезектес салалас бола алама?

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлем деген не?
  2. Кезектес салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
  3. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады?

     ІҮкезең. Бәйге.Әртоптан ең көп ұпай жинаған оқушы бір минут ішінде сұрақтарға тез жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап бір ұпай беріледі.

1-оқушыға.1.Құрмалас сөйлем деген не?   2.Ыңғайлас салаластың ережесі қаендай?

3.Бірде,әрі, және –шылаудың қай түріне жатады?4.Сілтеу есімдіктері байланыстыратын салаластың түрі қандай?5.Тіл білімін зерттейтін сала не деп аталады?

2-оқушыға1.Құрмалас сөйлемде неше ой айтылады?2.Түсіндірмелі салаластың шылаулары қандай?3.Бірақ, алайда, әйткенмен- қандай салаластың шылаулары?4. Құрмалас сөйлемнің тынысбелгілері қандай?5.Сөз жіне оны ң мағынасын зерттейтін сала не деп аталады?

3-оқушыға1.Құрмалас сөйлемнің құрамында неше жай сөйлем болады?

2.Не,немесе,я,яки,болмаса шылаулары қандай салаласты байланыстырады?3.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бірақ шылауының орнына қандай тыныс  белгілері қойылады?4.Бағыттас, мезгілдес болып байланысатын салаластың түрі қандай?

5.Сөз таптарын қандай сала зерттейді?

4-оқушыға1.Кезектес салалас құрмалас сөйлемдегі іс-әрекет қалай жүзеге асады?

2.Бір минуттай уақытөтті,-ешкім сөйлемеді. Салаластың қай түрінге жатады?

3.Құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-әрекеттің болу-болмауын білдіретін салаластың түрі қандай?4.Және, да,де, әрі –қандай салаластың шылаулары?5. Тыныс белдгісін зерттейтін сала қалай аталады?

Үкезең.Көкпар. Оқушылар тақта бетінде  «қызыл», «көк», «сары» түсті ұяшықтағы тапсыпрмалардың біреуін таңдайды. Тапсырма бойынша өзі таңдаған  түс бойынша тақта бетінде ұяшықтардың орналасуын есте сақтап,кезек-кезекпен сұрақ-жауап береді.

Қызыл түс Ыңғайлас салалас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

10.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?(Үтір)

18.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?(Үтір, сызықша.)

  1. Және-ыңғайлас салаластың шылауы ма? (Иә.)

22.Бағыттас,мезгілдес болып байланысатын салаластыі түрі қандай?(Ыңғайлас салалас)

26.Ыңғайлас салаласты байланыстыратын шылауларды ата.( Және, әрі, мен,да,де.)

17.Әйткенмен шылауы қарсылықты салалас бола ма?(Иә)

27.Қарсылықты салаластың шылауларын ата. (Бірақ, дегенмен, әйткенмен,әйтсе де.)

  1. Қарсылықты салаластың мағыналары қандай болады?( Қарама-қарсы.)

16.Бірақ шылауының орнына қойылатын тыныс белгісі қандай?(Сызықша.)

  1. Қарсылықты салаласты байланыстыратын шылауларды ата. (Бірақ, алайда.)

Көк түс. Түсіндірмелі және себеп-салдар салалас қүұрмалас сөйлем.

  1. Түсіндірмелі салаластың тыныс белгілері. (Үтір.)
  2. Түсіндірмелі салаласта іс-әрекет қалай жүзеге асады?

11.Кейде-шылауы түсіндірмелі салалас бола ма?(Иә)

15.Бірі екіншісінің себебін не салдарын білдіретін салаластың түрі? (Себеп-салдар.)

23.Себебі бірінші келсе, оның тыныс белгісі қандай?( Үтір.)

21.Себеп-салдар салалас қандай шылаулар арқылы байланысады? (Себебі,сондықтан,сол себепті.)

  1. Өйткені,себебі-шылауы арқылы салаластың қандай түрі байланысады?( Себеп-салдар.)

9.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың ара жігіне қандай тыныс белгісі қойылады? (Үтір, сызықша, қос нүкте.)

2.Сілтеу есімдіктері арқылы жасалатын салаластың түрі қандай? (Түсіндірмелі салалас.)

Сары түс. Талғаулы және кезектес салалас құрмалас сөйлем.

  1. Талғаулы салаластың тыныс белгілері қандай? (Үтір.)
  2. Талғаулы салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар?( Не,немесе, я, яки.)
  3. Талғаулы салалас құрмаласта іс-әрекет қандай болады? (Біреуі ғана іске асады.)
  4. Кезектес салаластың тыныс белгілері қандай?(Үтір.)
  5. Кезектес салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар қандай? (Бірде ,біресе, кейде.)
  6. Не,немесе, яки-шылаулары кезектес салаластың шылауы. (Жоқ.)
  7. Талғаулы салаластың баяндауыштары қалай байланысады?( Шылау арқылы.)
  8. Сізге не Мұрат бірдеңе айтқан, не Мырқалдың қоңырсытып жүрген сөзін естігенсіз.Салаластың қай түрі?( Талғаулы.)

14.Кейде,бірде,біресе-кекзектес салаластың шылауы ма?( Иә).

28.Біресе бір ауық озып кетеді,біресе кейін қалып қояды. Салаластың қай түрі?( Кезектес салалас.)

 Бағалау парағы

 

Р\С Сайыскердің аты-жөні, тобы Жорға.

1ұпай

Тапқырлық

1тест сұрағы 2ұпай

Тікелей сұрақ

4сұрақ

40,30,20,10

Бәйге

5сұрақ

2ұпай

Көкпар

10сұрақ

2ұпай

Ба рлығы
1              
2              

 

Әр топ басшысы бағалау парағын толтырады, жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады. Белсенділік танытқан оқушы мадақталады,бағаланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *