Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Физикалық эксперимент. Физикалық теория.
Сабақ мақсаты:
1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай жасау.
2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
- Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау
Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакат, оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
- Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
- Астрономия нені зерттейді?
- Астрономияның ұандай салалары бар?
- Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
- Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
- Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
- Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
- Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Физикалық эксперимент арқылы бақылаулар жүргізіліп, жаңа деректер жимнақталады; ғылыми болжамдар мен теориялар тәжірибеде тексеріледі. Эксперимент жасау үшін ұқыптылық, нақтылық, дәлдік және жауапкершілік аса қажет.
Эксперимент барысы:
1) эксперименттік жұмыстың тақырыбы;
2) эксперименттің құрал-жабдықтары;
3) эксперименттің мақсаты;
4) эксперимент сұлбасы;
5) эксперимент барысын баяндау;
6) эксперимент нәтижелері;
7) эксперимент қорытындысы.
ІV. Пысықтау.
Топшамалар арқылы:
№1 топшама
- Эксперимент дегеніміз……….
- Болжам дегеніміз………………..
№2 топшама
- Эксперименттің орындалу реті:
- Гипотеза дегеніміз…………………..
№3 топшама
- Франклин тәжірибесін түсіндір.
- Физикалық теория дегеніміз…..
№4 топшама
- Теориялық зерттеудің ең жауапты кезеңін жаз
- Эксперименет жасауға қажетті қасиеттер
- Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §5 оқу.