Басы » Физика » Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.бет 135

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.

Сабақтың тақырыбы:  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

Физикалық эксперимент. Физикалық теория.

Сабақ мақсаты:

1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың  ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми  дүниетанымын қалыптастыру.

  1. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау

Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакат, оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
  2. Астрономия нені зерттейді?
  3. Астрономияның ұандай салалары бар?
  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

Физикалық эксперимент арқылы бақылаулар жүргізіліп, жаңа деректер жимнақталады; ғылыми болжамдар мен теориялар тәжірибеде тексеріледі. Эксперимент жасау үшін ұқыптылық, нақтылық, дәлдік және жауапкершілік аса қажет.

 

 

Эксперимент барысы:

1) эксперименттік жұмыстың тақырыбы;

2) эксперименттің құрал-жабдықтары;

3) эксперименттің мақсаты;

4) эксперимент сұлбасы;

5) эксперимент барысын баяндау;

6) эксперимент нәтижелері;

7) эксперимент қорытындысы.

ІV. Пысықтау.

Топшамалар арқылы:

№1 топшама

  1. Эксперимент дегеніміз……….
  2. Болжам дегеніміз………………..

№2 топшама

  1. Эксперименттің орындалу реті:
  2. Гипотеза дегеніміз…………………..

№3 топшама

  1. Франклин тәжірибесін түсіндір.
  2. Физикалық теория дегеніміз…..

№4 топшама

  1. Теориялық зерттеудің ең жауапты кезеңін жаз
  2. Эксперименет жасауға қажетті қасиеттер
  3. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §5 оқу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *