Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-
балабақшасының орыс сыныптарында қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кадырова
Ақмарал Булатқызы
Тақырыбы: «Жеті жұрттың тілін біл»
(Көңілділер мен тапқырлар сайысы)
Мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін осы залда оқушылар арасындағы «Жеті жұрттың тілін біл» тақырыбында өткізілетін көңілділер мен тапқырлар сайысын тамашалауға жиналдық.
Здраствуйте, уважаемые учителя и ученики! Мы приветствуем Вас в этом зале на соревновании веселых и находчивых, тема которого «Знай язык семи народов» Оценивать наши команды будет жюри.
ҚР Мемлекеттік Әнұранының орындалуы.
Первый закон о языке Республики Казахстан
Казахстан был принят 22 сентября 1989 года. В нашей стране представители всех наций изучают казахский язык. Немало и иностранных граждан изучающих казахский язык.
Тіл байлығы сарқымайтын қазына,
Айтылатын өкпе наз бен базына
Өз тіліңді шұбарлатып сөйле деп,
Жазылған жоқ Конституция заңында.
Басқа тілді игере алсаң құба-құп,
Кесе түсіп аузыңнан қақпайды.
Тіл өнері достасудың құралы,
Адамгершілік арымызды сақтайды.
Сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз.
1 команда:
2 команда:
3 команда:
І. Команадалармен танысу.
ІІ. Жұмбақтар шешу(жұмбақтың шешу сөздері 3 тілде айтылу тиіс).
Жұмбақтар — Загадки
- Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз, звезда, стар)
- Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. Бұл кім? (мұғалім, учитель, тича)
- Іші — жүмсақ, сырты — қатты
Еті — қызыл, сүті — тэтті. (қарбыз, арбуз, уотамэлан)
- Сылдыр сұйық ау емес
Ақ болса да қар емес. (сүт, молоко, милк)
- Ағашта ол түрады,
Жерге қазал болып түседі. (алма, яблоко, эпл)
- Білімнің дәнін тереді,
Балаға білім, тәрбие береді. (мұғалім, учитель, тича)
- Екі бала қатар түрса да,
Бірін — бірі көрмейді. (көз, глаза, ай)
- Бір зат бар дүниеде,
Бұл заттан адамдар уақыт біледі. (сағат, время, клок)
- Сулары жоқ, көлдері бар,
Үйлері жоқ, елдері бар.
Тастары жоқ, таулары бар,
Қарбыздай-ақ аумағы бар. (глобус, глоб)
III. Мақал-мәтелдерде жоғалған сөзді табу.
Мақал – мәтелдер (пословицы — поговорки).
- У мастера руки золотые, а у поэта … золотые. (сөз, солово, ворд)
- Делу — время, а потехе … (сағат, час, хоуер)
- Гтов сани …, а зимой телегу. (жазда, летом, ин самэ)
- Волка … кормят. (аяқ, ноги, лэгз)
- Один в поле …. (жауынгер, воин, уорпа)
- Без туда не вынешь и … из труда. (балық, рыбку, фоши)
- Сколько волка не корми, все равно … смотрит. (орман, лес, форест)
- Старый … лучше новых двух. (дос, друг, френд)
- Слово не … вылетит — не поймаешь. (торғай, воробей, спэрэу) ІО.Сила есть,… не надо. (ақыл, ума, майнд)
- Капитандар конкурсы. Әртүрлі тақырыпта әңгіме құру(«Менің Отаным», «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Менің отбасым» т.б.).
- V. «Бұл не?» ойыны.
- Ақ, кішкентай, сабаққа керек, үйде бұл зат жоқ, ал сыныпта бар. Бұл не?(Бор)
- Бұл зат үйде де, мектепте де бар. Өзі үлкен де, кішкентай да болады. Көбінесе жасыл түсті. Адамдар оны терезе алдына, үстелге, еденге де қояды. Ол ауа тазартады. (Гүл)
- Бұл зат әр үйде, мектепте, мекемеде бар. Өзі үлкен де кіп-кішкентай да болады. Қалтаға да салуға болады. Бұл зат балаларға да, үлкендерге де керек, әсіресе, оқушылар, студенттер жиі пайдаланады. (дәптер)
- VI. Блиц-турнир.(Әр топқа 7 сұрақтан беріледі)
Сұрақтар — вопросы.
- Алғаш рет Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989 жылы 22
қыркүйек)
- Қазақстан Республикасының алғашқы президенті қашан сайланды?
(1991 ж. 1 желтоқсан. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)
- Қазақ халқының түңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қашан ғарышқа
ұшты? (1991 ж. 2 қазан).
- Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қашан мүше
болды? (1992 ж. 2 наурыз)
- «Бөбек» қайырымдылық қоры қашан құрылды? (1992 ж. 14 шілде)
- Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
(1992 ж. 4 маусым)
- Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан
қабылданды? (1993 ж. 28 қаңтар)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге қашан айналымға
енгізілді? (1993 ж. 15 қараша)
10.ЮНЕСКО көлемінде Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қашан атап
өтілді? (1995 ж)
11.Ұлыбритания астанасы Лондонда Абай үйі қашан
ашылды? (1996 ж. 25 ақпан)
12.Астанамыз қашан Ақмола қаласына көшірілді? (1997 ж. 10 желтоқсан)
13.Еліміздің астанасы Ақмола қаласына Астана деген атау қашан берілді?
(1998 ж. 6 мамыр)
14.Қазақстан Республикасында «Денсаулық жылы» қашан атап өтілді?
(2002 ж.)
15.Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қашан қабылданды? (2006
ж. 6 қаңтар)
16.Қазақстан Республикасының туының авторы кім? (Шәкен
Оңласынұлы Ниязбеков)
17.Ресейде Абай жылы қашан атап өтілді? (2005 ж.)
18.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл қашан болды?
(2006 ж.)
19.Қазақстан Республикасында «Ауыл жылы» қашан атап өтілді? (2003 —
2005 жж)
20.Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары кімдер? (Шот-
Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
21.Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы қашан құрылды (ТМД)? (1991 ж. 21
желтоқсан)
Жүргізуші:
Болашақ саған қол созған бүгін
Ерікті елміз еңсесі бейік
Көк туын көркем, жібектей ғажап!
Қазақстан Республикам менің!
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім
Құрбаның болам, жолыңда сенің
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,
Сүйікті Отан, сүйкімді елім.
Қазақстан Республикам менің!
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттайды.
Жүргізуші:
Туған жерді сүю-парыз,
Сүю үшін білу-парыз.
Қасиетті ұғу-парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.