Басы » Cыныптан тыс » Қазақстан Республикасының Президент

Қазақстан Республикасының Президент

Алматы облысы Панфилов ауданы Елтінді батыр атындағы орта мектебінің тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі Әлібаев Нұрсағат Дәлетбекұлы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті

Сабақтың білімділік мақсаты:

Қазақстан республикасының Президентінің өкілеттілігі мен құқықтық мәртебесімен таныстыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың есте сақтау, саралау, талдау, өмірмен байланыстыру дағды біліктілігін дамыту.

Негізгі ұғымдар: Президент, Президенттің өкілеттілігі, Президенттің құқықтық мәртебесі.

Сабақтың әдісі: ойтапқы,  топпен жұмыс, тестік тапсырмалар.

Сабаққа қажетті дидактикалық құралдар: Қазақстан Республикасы, Конституциясы III бөлімнің баптары, интерактивтік тақта арқылы, схема, тест тапсырмалары,деректі фильмдер.

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық жағдайы.
  2. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау тәртібі.

Сабақты мұғалім мынадай ойталқы сұрақтар арқылы бастай отырып,оқушылардың айтқан ойлары интерактивтік тақтада тірек сызба арқылы жазылып тұжырымдалады.

  • Мемлекеттік органдар не үшін құрылады?

Мысалы:  Мемлекетті басқару, ұйымдастыру, мемлекеттің мақсаты мен міндетін атқару үшін және мемлекеттік органдардың қызметі екіге бөлінетіні айқындалыпталдануы тиіс.

  1. Ішкі қызметі – мемлекеттің ішіндегі саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени саласындағы саясаты.
  2. Сыртқы қызметі – шет елдермен байланысы, бейбітшілік сақтау, мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Енді Қазақстан республикасының мемлекеттік билік жүйесін айта келе Президенттік биліктің мазмұнына кеңірек тоқталады.

Бұл мәселені талдау үшін оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының Президенттік лауазымы қашан енгізілді? Алғашқы Президент кім?
  • Президенттің қандай құқықтары мәртебесі бар?
  • 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік билік органдарының жүйесінде, не себепті алдыңғы орынға Президенттік билік қойды?

 

Осы сұрақтарды талдау,Қазақстан республикасының тұңғышПрезиденті туралы бейнетаспа көрсетуі арқылы жүргізуге болады. Ал Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану үшін қойылатын талаптарды түсіндіруге мұғалім мына кестені пайдалануына болады.

Конституция бойынша Президент болып сайлана алады.

1.Туғаннан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын.
  1. Мемлекеттің тілді еркін меңгеру.
  2. 40 жастан жас емес.
  3. Қазақстанда 15 жылдан кем емес тұрған.

Президентті сайлау мерзімі, неше жылға сайланатыны Қазақстан Республикасының Конституциясының 41,42 бабы бойынша толықтырылады.   Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін оқушыларғанақты түсіндіре түсу мақсатында, оқушыларды шағын топтарға бөліп, топтық жұмысқа жұмылдыруға  болады. Бұл әдіс оқушылардың өзара белсендігін арттырады.Оқушылар өзара пікір алысуға қатысыды. Талдау барысында мұғалім шағын топтарға кеңес беріп тапсырманы орындауға бағыттап отырады. Әр топқа  берілетін тапсырмалар Қазақстан Республикасының Конституцисының 44-48 бабы бойынша дайындалады. Тапсырманы орындау уақыты көрсетіледі.

1 топ. Президент қандай мемлекеттік органдарды құрайды және мемлекеттік лауазым қызметкерлерін тағайындайды?(44бап)

2 топ. Қазақстан Республикасының Президенті қандай заң актілерін шығарады? (45бап)

3топ. Қазақстан Республикасының Президенті сыртқы саясатқа байланысты қандай міндеттер атқарады? (44бап)

4 топ. Қазақстан Республикасының президенті азаматтардың жеке басына қатысты қандай мәселелерді шешеді? (44бап)

5топ. Қазақстан  Республикасының  Президенті өкілеттілігін қандай жағдайда тоқтатады? Қазақстан Республикасының  Президенті мерзімінен бұрын босаған кезде орынға кімдер тағайындалады?

Оқушылар жауаптары дайын болғаннан кейін ортаға шығып қорғайды. Қорғау схема, сурет түрінде плакатқа түсірілуі тиіс. Өзара сұрақтар қойылады. Соңынан мұғалім қорытынды жасайды.

Оқушылардың тақырыпты қабылдау деігейі анықтау үшін тест сұрақтарын беруге болады.

Тест тапсырмаларының үлгісі:

  1. Премьер Министрді тағайындаған кезде Президент кімнің келісімін алады?

А. Парламент   Б. Үкімет    Г. Жоғарғы сот

  1. Президент Конституциялық Кеңестің неше мүшесін тағайындайды?

А. 1                  Б. 2                Г. 3

  1. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын Президент кімнің келісімімен тағайындайды?

А. Мәжіліс       Б. Сенат        Г. Конституциялық Кеңес

  1. Қазақстан Республикасының Президенті неше жастан тағайындалады?

А. 35                 Б. 40               Г. 45

  1. Қазақстан Республикасының Президентіне тыйым салынады:

А. Кәсіпкерлік іспен  айналысуға

Б. Саяси партиядағы қызметін тоқтатуға

Г. Заң шығаруға

  1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен босаған кезде оның қызметін кім атқарады?

А. Премьер Министр

Б. Парламент  Сенатының Төрағасы

Г. Парламент Мәжілісінің Төрағасы

Үйге тапсырма ретінде Қазақстан Республикасының  таяудағы шыққан заң актілерімен танысып келуді беруге болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *