Алматы облысы Панфилов ауданы Елтінді батыр атындағы орта мектебінің тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі Әлібаев Нұрсағат Дәлетбекұлы
Сабақтың тақырыбы: Қытай
Сабақтың мақсаты:
a)Білімділік мақсаты:
Қытай мемлекеті жайлы мағлұмат беру. Жері, қазынасы, кәсібі және экономикасы жайлы түсіндіру. КСРО-ның Қытай ревалюциясына көрсеткен көмегі, Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны жайлы баяндау.
ә) Тәрбиелік мақсаты:
Қытай мемлекеті мен Қазақстан Республикасының даму мүмкіндігі туралы салыстыра отырып, экономикалық тәрбие беру. Қытай мемлекетінің басынан кешірген тарихи жағдайларын түсіндіре отырып, патриоттық, экологиялық тәрбие беру. Имандылыққа, еңбекке баулу.
б)Дамытушылық мақсаты:
Қытай мемлекетінің қазба байлықтары мен Қазақстан елінің қазба байлықтарын салыстыра отырып зерттеу арқылы еліміздің ертеңгі “Қазақстан — 2050” стратегиялық жоспарының болашағына сендіру. Картамен жұмыс, талдау машықтарын дамыту.
Сабақ әдістері: Сөздік жұмыс.
Сабақ тәсілдері:Баяндау,тест, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Сабақ тегі:аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:
- Қытай мемлекетінің жер көлемі, кәсібі, географиялық орны жайлы айта келе, география сабағымен;
- Экономикасы туралы айтып, математика сабағымен;
- Қазба байлықтары туралы айта келе; химия сабағымен байланыстыру;
Пайдаланылатын көрнекіліктер:
- Қытай мемлекетінің картасы
- Қазақстан Республикасынығ картасы
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырма сұрау
- 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себептерін атаңдар.
- Мұстафа Кемалдың әскери қызметінің өсу жолдарын ашып көрсетіңдер.
- Кемалдық революцияның барысын сипаттаңдар.
- Пікір қорғау
а)I топ. 1920-1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформаларына сипаттама беру.
б)II топ.Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге болама.
- Кестетолтыру
- Қорытынды.
Өткен сабақты қорытындылай отырып, жаңа сабаққа байланысты материалдарға тоқталу.
Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім: XIX және XX ғасырларда Қытай мен Қазақстанның даму кезеңдері жайлы салыстырмалы мағұлмат беру. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. 1. Экономист
- Саясаткер
- Географ
4.Тарихшы
Хронологиялық перфокарта
1920-1922 жылдардағы саяси күрес.
1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция
1937-1945 жылдардағы Қытай халқының Жапония басқыншылығына қарсы күресі.
Сабақты бекіту
- Тарихшылар: Гоминдан үкіметі мен коммунистер билігінің ерекшеліктері.
- Саясаткерлер: Сунь Ятсен үкіметі саясатының жағымды және жағымсыз жақтары.
- Географтар: Қытай қандай елдермен саяси байланыс орнатты, қандай елдерге соғыс ашты?
- Экономистер:XX ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық байланыстар.
- Тест сынағы
- Сөзжұмбақ
Бағалау
- Оқушылардың өзін-өзі бағалу парағын жинап алып, мұғалімнің бағалау парағымен салыстыра отырып, ортақ баға қою.
- Әр оқушының өткен тақырып пен жаңа тақырып бойынша алған білімдерінің жетістіктері мен кешіліктерін айтып түсіндіру.
Үйге тапсырма
I.Шығармашылық деңгей.
Қытай( XX ғасырдың басындағы және бүгінгі Қытайды салыстыру.
Екі мемлекеттің болашақта даму деңгейін жобалау).
- Алгоритімдік деңгей.
Қытай(XX ғасырдың басындағы және бүгінгі Қытайды салыстыру.
XX ғасырдың басындағы және бүгінгі Қазақстанды салыстыру ).
III. Эвристикалық деңгей.
ҚытайXX ғасырдың басында және бүгін.
- Міндетті деңгей.Жапония XX ғасырдың бірінші жартысында.