Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Чапаев ауылы
№ 1 ОЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Дюсегалиева Нурсауле Амангелдіқызы
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сан есім туралы берілген білімді еске түсіру, сөйлем ішінен сан есімді таба білу,сөз таптарын ажырату .
Дамытушылығы: сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеу,
шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу
Тәрбиелігі: оқушыларды арғырлыққа ,тапқырлыққа, әдемі жаза білуге ,ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ- жауап,тақтамен жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, жұмбақтар,семантикалық карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Ертеде Сөз табы деген ата болыпты. Атаның 4 баласы бар екен.
Затты жақсы ажырата білгесін үлкен баласын Зат есім деп қойыпты.
Екінші баласы үнемі қимылдап жүретін болған соң оның атын Етістік деп қойыпты.
Үшінші баласын заттың дәмін ,түрін, түсін жақсы ажырата білгендіктен Сын есім деп атаған.
Ал төртінші баласын атаға тауып беруге көмектеміз бе?
Сондықтанда сендерді 3 топқа бөлемін.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Зат есім Етістік Сын есім
ІІ. Өткенді қайталау
Әр топқа өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою. Ол үшін ұяшық таңдау керек.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
- Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
- Дара етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар бүгін нешесі?
Аптаның нешінші күні?
Сен неше жастасың?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Балалар осы қойылған сұрақтардағы қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қай сөз табынікі? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- сан есім.
Сан есім дегеніміз не? Ережесін кім айтып жібереді ?
Күннің жадын жазамыз
Сәуірдің он жетісі
Сынып жұмысы
Сан есім
Көркем жазу
Сс Сс Сс
сегіз сегіз
Екі , төрт, алты деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Екінші, төртінші , алтыншы деген сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Екеу , төртеу, алтау деген сөздерге қандай сұрақ қойылады? Нешеу?
Зат есім тобында ұл бала нешеу?
Сын есім тобында қыз бала нешеу?
1 тапсырма
2 жаттығу
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. –ау, -еу жұрнақтары жалғанады.
Екі, жеті, алты деген сөздерде ы,і әріптері түсіп қалады.
2 тапсырма «Кім тапқыр» Сөздің әрбір дыбысынан сан жазып шығу керек.
Жас Түс Бет
Осы сөздерге қандай сұрақ қойылады?
Қазақ халқы тілге бай. әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән беріп отырған.Сонымен қатар әр санғада мән берген. Ал осы киелі сандар туралы не білесіңдер?
Үш санына байланысты ауданымыз не бар? 3 мектеп бар.
Бес санына байланысты ауданымызда не бар? 5 қабатты үй бар.
3 тапсырма «Тез ойлан »
І . топқа .1,2,5,10,20,50,100,200,500,1000,5000,10000- ы бар
Әрқайсысының құны бар? (теңгелер)
Мына сұрақтарға жауап жазыңдар.
Асханада пирожки (қанша?) …………………. теңге тұрады?
100 теңгеге (неше?) ……………………. пирожки аласың?
Төл теңгеміз (неше? )……………………. жасқа толады?
ІІ топқа. Білімі жетсе , шамасы,
Алатын алар бағасы,
2 мен бестің арасы. (Мектеп бағалары)
Мектебіміз (неше?) ……………. жасқа толып жатыр?
Жылдың соңында күнделікте (қанша?)………….. бестік болу керек?
ІІІ топқа. 365 -366
Әр жылдағы қалпы. (күн сандары)
Бір жылда (неше?) ………………. ай бар?
Бір ғасырда (неше?) ……………… жыл бар?
Кібісе жыл (неше?) …………………. жылда қайталанып келеді?
4 тапсырма. Олай болса 3 жаттығуды орындаймыз.
5 тапсырма
Әр топқа тапсырма беріледі.
І топ Артық сөзді сызып, сөз құрамына талда. Сөйлем құраңдар.
Бірінші, екінші, қызыл, бесінші, кітап,гүл, отыр.
ІІ топ. Сандарға байланысты 6 сөз шығару керек.
Сол сөздерге дыбыстық талдау жаса.
А | л | т | ы |
ж | е | ө | с |
е | к | р | е |
т | і | т | б |
ІІІ топ. Сөз құрап сұрақ қою тапсырылады.
6+ н+ ай, с+10+а, т+10, қ+10+қ, 5+ік, 6+н+гүл, к+2+л.
6 тапсырма «Бәйге» топ сандарға байланысты мақал- мәтелдер жаздырып,
сан есімді тапқызу.
7 тапсырма Симантикалық карта
Сөздер | Кім? Не? | Не істеді? | Қандай? |
Ата | |||
Жүзді | |||
Қызыл | |||
Ойнады | |||
Әдемі |
Сөздер | Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім | ||||
Терезе | ||||||||
Қоңыр | ||||||||
Жылады | ||||||||
Он бес | ||||||||
Көк | ||||||||
Сөздер | Жалқы есім | Жалпы есім | Дара етістік | Күрделі етістік | ||||
Астана | ||||||||
Отырды | ||||||||
Кітап | ||||||||
Келе жатыр | ||||||||
Ақтөс |
Балалар бүгін біз Сөз табы атамыздың баласын табуға көмектестік пе?
Төртінші баласының аты кім екен?
Сонымен сан есім дегеніміз ?
ІҮ. Үйге тапсырма беру.
Ү. Оқушыларды бағалау .