Басы » Tәрбие сағаттары » Көктем аруы

Көктем аруы

Маңгыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№21 орта мектеп

Амандыкова Жанайым Боранбаевна
Тәрбие сағаты: « Көктем аруы»

Мұғалім сөзі:

Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі
« Көрікті көктем аруы!» сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп — өніп келеміз. Күллі адамзат абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар.

Онталап:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Рұқсат болса бастайық!

Мұғалім:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларымызды  шақырайық:

1 «А»  Әмин Үмітжан

1 «Ә»  Қалдыбек Іңкәр

1 «Б»  Бердихан Мерей

1 «В» Зейнел Мейрамгүл

1 «Г» Алдаберді Нұрсәуле

1 «Ғ»  Шамшадин Аяулым

1 «Д»  Амангелді Нұрсәуле

1 «Е» Нурмұрат Ақбота

1 «Ж» Рахметова Аяулым

1 «З» Кулбекова Мадина

1 «И».  Табынбай Ботагөз

Онталап:

Ал, халайық, аруларға тамсанайық

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Мұғалім:

Уа, арулар, арулар!

Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар – деп,

әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың атқаратын міндеттері мен таныстырып өтейін.

  1. 1. Өздерін таныстыру.
  2. 2. Сұрақ — жауап.
  3. 3. Арулардың өз өнерлерін көрсетуі.
  4. Сән үлгісін көрсету.

Онталап:

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата — салтын ертеңге,

Жеткізетін өздерің. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

І кезең.

Мұғалім:

Бүлдіршін арулар келді танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Онталап:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.

Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,

Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

1 «А»  Әмин Үмітжан

1 «Ә»  Қалдыбек Іңкәр

1 «Б»  Бердихан Мерей

1 «В» Зейнел Мейрамгүл

1 «Г» Алдаберді Нұрсәуле

1 «Ғ»  Шамшадин Аяулым

1 «Д»  Амангелді Нұрсәуле

1 «Е» Нурмұрат Ақбота

1 «Ж» Рахметова Аяулым

1 «З» Кулбекова Мадина

1 «И».  Табынбай Ботагөз

ІІ кезең.

Мұғалім:

Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне – дей келе кезекті сұрақ — жауапқа берейік.

  • билет

Әріп дегеніміз не?

Буынның неше түрі бар?
2- билет

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыс дегеніміз не?
3- билет

Буын дегеніміз не ?

Дыбыс дегеніміз не?

4- билет

Тасымал дегеніміз не?

Сөз неден құралады?

5- билет

Мәтін неден құралады?

Сөйлем неден құралады?

6- билет

Жуан дауыстыларды ата?

Дауыссыз дыбыстар саны нешеу?

7- билет

Дауысты дыбыстар саны нешеу?

Қандай сөздер тасымалданбайды?

8- билет

Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата

 

 

9- билет

Сөйлемнің неше түрі бар?

Не? Нелер? сұрағына жауап беретін  сөздерге мысал келтір?

10- билет

Кім? Кімдер? сұрағына жауап беретін  сөздерге мысал келтір?

Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

11- билет

Жіңішке дауыстыларды ата?

Қосарлы дыбыстарды ата?

ІII кезең.

Онталап:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

Арулардың өз өнерлерін көрсетуі:

1 «А»  Әмин Үмітжан

1 «Ә»  Қалдыбек Іңкәр

1 «Б»  Бердихан Мерей

1 «В» Зейнел Мейрамгүл

1 «Г» Алдаберді Нұрсәуле

1 «Ғ»  Шамшадин Аяулым

1 «Д»  Амангелді Нұрсәуле

1 «Е» Нурмұрат Ақбота

1 «Ж» Рахметова Аяулым

1 «З» Кулбекова Мадина

1 «И».  Табынбай Ботагөз

Би: «Чунга- чанга»

Ән: Асан Аяулым

  1. кезең. Сән үлгісін көрсету.

Мұғалім:

Ал, халайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

Онталап:

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.

Мұғалім:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділер жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

  1. Әділ қазыларға сөз беріледі.
  2. Сайысқа қатысушы бүлдіршін арулар марапатталады.
  3. Қорытынды сөз.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *