Басы » Бастауыш сыныптар » 7 санын қосу және азайту

7 санын қосу және азайту

В е с ё л ы е ц и ф р ы (написание цифр) - 19 Января 2014 - Сайт воспитателя детского садаМаңгыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

 

 Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушыларға 7 санын қосу және азайтуды уйрету. Қосу және азайту компоненттерін , кесінділерді салыстыру, есеп құрастырып шығару дағдыларын тереңдету .
    2. Дамытушылығы: Логикалық ойларын дамыту, математикалық тілмен сөйлеуге машықтандыру.
    3. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
    Сабақтың түрі: аралас сабақ
    Сабақтың көрнекілігі: слайд, кесте, мақал- мәтелдер
    Сабақтың барысы:
  2. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын өзіме аударамын.

Бүгінгі ай — күн жадын айтайық.

II Психологиялық дайындық

Ой сананы арттыру

Бүгінгі күн талабы

Біле білсең бұл дәуір

Математика заманы

Бүгінгі сабақта да көп білуге ұмтылып, сабақтың қызықты өтуіне ат салысайық

III Қызығушылығын ояту

-Қазір қай мезгіл еді? (қыс).

— Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?(оқушылардың жауабы)

-Қыста қандай ойындар ойналады?

« Қар лақтыру ойыны»

Бұл ойын сабақты пысықтауға арналған. Мынадай сұрақтар беріледі.

  • Қосудың компоненттерін ата?
  • Қосуды қалай тексереді?
  • Азайтудың компоненттерін ата?
  • Азайтуды қалай тексереді?
  • Қосудың қандай қасиеті бар?
  • 5, 2, 7 сандарын пайдаланып өрнек құр?
  1. Жаңа сабаққа дайындық (слайд арқылы жұмбақ жасырылады).

Жаңылмастан жетеуі ,
Кезек қызмет етеді./ аптаның 7 күні/
Балалар

Апта деген ағайдың

7 бірдей ұлы бар екен.

Бүгінгі сабақта 7- ні қосу және азайту туралы мысал есептер шығарамыз.

1.7 туралы не білеміз? ( жеті -тақ сан, екі мен бестің қосындысы  жеті,7- киелі сан,).
Балалар, бүгінгі сабақта апта деген ағайдың ұлдарының тапсырмасын орындаймыз.Балалар апта деген ағайдың бірінші ұлын білу үшін оқулығымыздығы №1 тапсырманы орындайық.

  1. Жаңа сабақ

№1   0+7              2+7

1+7              3+7

Бірінші ұлы — Дүйсенбі

№ 2 Енді екінші ұлымен танысу үшін  2- тапсырманы орындайық.

9 см – 7см < 7см+ 3 см
Екінші ұлы Сейсенбі

  1. Сергіту сәті

№3 Үшінші ұлымен танысу үшін 3- тапсырманы орындайық. Есеп құрастыр және шығар.
Үстел  үстінде 10 үлкен қасық және 7 кіші қасық жатыр. Үлкен қасықтың кіші қасықтан нешеуі артық?

Шешуі: 10- 7= 3
Жауабы: 3- еуі артық.

Үшінші ұлы Сәрсенбі

№4 Төртінші ұлымен танысу үшін 4- тапсырманы орындайық. Берілгенін оқытамын.

 

9-3=6

9-4=5

9-5=4

9-6=3

9-7=2

9-8=1                          азайтқыштары өсу ретімен

9-9=0                          айырманың мәні кему ретімен.

Төртінші ұлы Бейсенбі

№5  Бесінші ұлын білу үшін 5 тапсырманы  орындайық. Өзіндік жұмыс

10-6*3+5           8-7* 4+4                  4+5*7-7

1+7*9-2             2+7* 6-1                  8-3*7+0

Бесінші ұлы Жұма

№6 «Кел, ойнайық!»

Алтыншы ұлын білу үшін «Кел, ойнайық!» ойынын ойнаймыз.
2+5                     7+1           9-4     6+2
10-7                    2+7            6-1

Алтыншы ұлы Сенбі

  1. Шығармашылық тапсырма

Жетінші ұлымен танысу үшін менің тапсырмамды орындаңдар

10 ағашты төрт- төрттен үш қатарға орналастыруға болама?

 

/ / / /

/ / / /       / /

Жетінші ұлы Жексенбі

  1. Қорытынды:

«Танграм» ойыны адам сұлбасын құрастыру.

  • Жеті қандай сан?
  • 7 санының құрамын ата?
  • Қосылғыштың біреуі 7 болатын қосынды құрастыр
  • Азайтқышы 7 болатын айырма құрастыр?
  • 7 санының көршілерін ата?
  • 7 тен кем сандарды ата
  • 7 тен артық сандар?
  1. V. Бағалау

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *