Сабақтың тақырыбы: Обьектілермен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту, аралас.
Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, тесттер, таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Информатика» 7-сынып. Н. Ермеков, Н.Стифутина
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.
II. Өткенді пысықтау.
Диктант
- Файл дегеніміз не? (Файл- аты бар бірқатар байттар тізбегі).
- Windows-та бағдарламалардың басқа атауы –қолданба да қолданылады.
- Әр файлдың аты болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.
- * .txt? (Блокнот қолданбасының құжаты)
- Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.
- Қапшықтар екі түрлі болады:
n кәдімгі қапшық-каталогтар;
n арнайы қапшықтар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.)
- Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру:
Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.
Создать®Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда
болады. Қапшықтың атын енгізіп,енгізу пернесін басу.
- Танбаша- бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма.
III. Жаңа сабақ.
Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірмеқажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.
Объектілердіжылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:
1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады . Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлыккомандаларының бірін таңдауға болады.
2. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.
1. Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі.
2. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.
Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту
Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.
Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту
Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows-тің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.
Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.
Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиыпалып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.
Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.
Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.
Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.
Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.
Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту
Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау
2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл –Переименовать командасын орындау
3. Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу
4. Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа ат жазу
Қапшықтарды, файлдар мен таңдашаларды жою
Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:
1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу
2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу
3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл – Удалить командасын басу
4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару
Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановитькомандасын орындаймыз.
Себетті тазалау
1. Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу.
2. Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить корзину командасын орындау.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
n Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?
n Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?
n Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?
n Алмасу буфері дегеніміз не?
n Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?
V. Қорытындылау.
Оқушыларды компьютерге отырғызып тапсырма беремін.
1. Жұмыс столында өз есіміңізбен аталатын жаңа қапшық құрыңыз.
2. Осы буманың ішіне Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығынан бірнеше объектілерді әр түрлі әдістермен көшіріңіз
3. Жаңа қапшықтың атын өзгертіңіз
4. Қапшықты өшіріңіз және Себеттен қайта қалпына келтіріңіз
5. Қапшықты қайта өшіріп Себетті тазалаңыз
VI. Үйге тапсырма
§18 – 19. Обьектілермен жұмыс істеу тақырыбын оқу.
VII. Бағалау. Диктант және жаңа тақырып бойынша берілген тапсырма бойынша оқушыларды бағалаймын.