Басы » Тарих » Ойын-ойға жетелейді.

Ойын-ойға жетелейді.

ОҚО. Сайрам ауданы
Қарасу ауылы
 Игенбаева Динара Маратқызы.
№83А.Байтұрсынов
атындағы жалпы
орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:         Ойын-ойға жетелейді. (қайталау сабағы)
  Сабақтың мақсаты:  1.Өткен сабақтарды еске түсіре отырып,тақырыптарды  қайталау, білімдерін толықтыру.                                                                                                                                                                    
 2.Ойын арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау дағдыларын                      дамыту.Қайталау сұрақтары,сызбалар арқылы ойлау  қабілеттерін  
дамыту.                                                                                                        
 3.Оқушылардың өз халқының   тарихын оқып білуге, салт- дәстүрін  
 сақтауға,мәдениеттілікке, бір-біріне  көмектесуге  тәрбиелеу.                                                              
Сабақтың түрі:  Қайталау.
Сабақтың әдісі:         сұрақ-жауап, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:    сызбалар, карта, оқулық,түрлі тапсырмалар, интерактивті тақта.
 
 Сабақтың барысы:      І.Ұйымдастыру кезеңі.
                                     ІІ.Сабақты жоспарлау, мақсат қою.
Кіріспе.Құрметті оқушылар, бүгін біздер өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді тексеру үшін ойын арқылы  өз білімдерімізді шыңдаймыз.Алдымен оқушыларды үш топқа бөлеміз:
            І-топ.Сақтар
           ІІ-топ.Ғұндар.
           ІІІ-топ.Түркілер.
Әр топқа он сұрақтан қойылады.Оқушылар жеке-жеке жауап береді.Әр сұрақ немесе тапсырмалар ұпаймен саналады.Дұрыс жауап бес балмен бағаланады.
 
«Сақтар» тобына
І.Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай? /мал шаруашылығы/
2.Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты?
/б.з.б 530 ж./
3.Сақтардың қандай тайпалары тарихи жазбаларда белгілі болған?
/Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга/
Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атады?/Азиялық скифтер/
5.Сақтарды зерттеген грек тарихшысы кім? /Геродот/
6.Ирандық жазбаларда сақтарды қалай атаған?/Жүйрік атты турлар/
7.Алтын адам қай жерден табылды? /Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан/
8.Томирис патшайым қай жылдары өмір сүрген? /б.з.б.570-520ж/
9.Дариді алдаған сақ малшысының есімі? /Шырақ/
10.Парадарайа деп кімдерді атады?/Теңіздің арғы жағындағы сақтар/
 «Ғұндар» тобына
1.Ғұндарда қанша ру болды? /24/
2.Ғұн державасының негізін қалаған кім? /Мөде/
3.Ғұн мемлекеті қай жылы оңтүстүк және солтүстік болып екіге бөлінген? /б.з.б.55ж/
4.Ғұндар өсірген үй малдарын атаңыз?/малдың барлық түрі/
5.Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілетін жазаның түрі?/Өлім жазасы/
6.Рим империясына ғұндардың қай басшысы қауіп төндіреді?/Еділ/Атилла/
7.Мемлекет басшысын қалай атайды?/Шаньюй/
8.Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды?/үй шаруасында/
9.Атилла операсын жазған итальян композиторы?/Джузеппе Верди/
10.Салық кімдерге салынды?/Жаулап алған мемлекеттерге/
 «Түркілер/ тобына
1.Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/
2.»Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? /қасқыр/
3.Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/
4.Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? /тат/
5. «Диуани лұғат ат түрік» кітабының  авторы кім?/Махмуд Қашқари/
6.  Бумын қағанның мұрагерін атаңыз?/Қараеске және Мұқан қаған/
9.Түріктер қандай шаруашылықпен  айналысқан?Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/
10.Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/
 
ІІ.Пошта ойыны.
Оқушылар, біздің пошта жәшігімізде пошта тасушы үш топқа тапсырмалар тастап кетіпті және де көп ұпай жинаған оқушыға мектебімізде ақпан айында өтетін «ХХІ-ғасыр көшбасшысына» жолдама келіпті.Бұл тапсырмаға жауап берген оқушылар 20 ұпайдан алады.
ІV.Кубик ойыны
Кубикті лақтыру арқылы тақтадағы жасырын тұрған даталарға жауап береді.Бұл тапсырмаға 20 ұпай беріледі.
1.Б.з.б.55 жыл.
2.Б..з.б. 519-518ж.
3.1889 жыл.
4.451 жыл.
5. 552-603 жыл.
6. Б.з.б. 570-520 жыл.
 
Ой саптау
Келтірілген мәтін жұмбақталуы. Мәтіннің мәнін аша білу керек.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. «Егер сендер,… құс тәрізді  аспанға ұшып кетпесеңдер  немесе тышқан секілді жер астына түсіп кетпесеңдер, көлбақа құсап суға түсіп жоғалмасаңдар ,біздің жебеміздің  астында қаласыңдар».
2. «Алдымен … … өзінен алыста ұстамақ болып,Юечжі еліне аманатқа береді. Аманат деген  сөз ертеде кепілдікті білдіреді, яғни екі елдің  арасында бейбітшіліктің кепілі  деген мағынада.Бірақ кейіннен … осы уәдені бұзып, Юечжі еліне шабул жасайды.Кепілдікте жүрген… өзінің жанқиярлығы арқасында аман қалады».
3 «….әулеті күшейген кезінде …. ….. қағанына елшілік жіберіп, ханшайымын  қалыңдыққа  беруді өтінді.Бұған …. қағаны былайша жауап береді: «Сен-темір  балқытушы құл.
Қалай мұндай өтнішке аузың барды?».
VІ . «Ойлан тап!»
 
р/с
Қашан?
Қайда?
Қандай оқиға болды?
1
542ж
Қытай деректерінде
 
2
 
Сақ жеріне
Кир бастаған парсы әскерлері басып кіреді.
3
453ж
 
Ғұн билеушісі Еділ қайтыс болды
4
Б.з.б. ІVғ 30 ж.
Сақ-скиф жерінде
 
5
 
Енисей аңғары
Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тұғыш рет көне түркі жазу-ескерткішін тапты.
6
300 ж
Ғұн, Қытай елдері
 
 Топ басшының тоқтамы
 
р/с
Аты-жөні
1
тапсырма
 
 
 
 
2-тапсырма
1
тапсырма
 
1
тапсырма
 
1
тапсырма
 
1
тапсырма
 
1
тапсырма
 
1
 
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
4
 
 
 
 
 
 
 
 
5
 
 
 
 
 
 
 
 
6
 
 
 
 
 
 
 
 
7
 
 
 
 
 
 
 
 
8
 
 
 
 
 
 
 
 
9
 
 
 
 
 
 
 
 
 VІІ.Рефлексия.
-Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады?
-Күнделікті сабақтан айырмашылығы бар ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
VІІІ.Бағалау
Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды және ұпайы көп оқушыларды бағалап марапаттау.Ең көп ұпайы бар 3 оқушыға « ХХІ-ғасыр көшбасшысына» жолдама беру.
ІХ.Үйге тапсырма: Сөзжұмбақ,сөзтізбе, криптограмма, викториналар дайындап келу.
 
 
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *