Мунира Касымбаева
«Сенім — менің серігім»
5-сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ
Мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— «сенім» ұғымының мәнін ашу;
— өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;
— өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» кезек-кезек бір шумақтан жатқа айтады, соңғысын бірге айту.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!
Көздеріңде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат ұмтылған,
Көздегені көк аспан
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенмін жастарға.
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Сұрақ. Ақынның жастарға сенім білдіру себебі неде?
Әңгімелесу
1) Қандай адам сенімге ие болады?
2) Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
Мәтінмен жұмыс
«Жаңа дүкенде» Бәдел Тұрсынбаевтың мәтінін аудиодан тыңдайтын боламыз, ең алдымен мәтіннің авторы жайлы шағын ақпарат беріп өтейін. Бәдел Тұрсынбаев өзіміздің облысымыздың жерлесіміз. ШҚО, Күршім ауданының тумасы, 1905 жылы дүнеге келіп, 1950 жылы дүниеден өткен екен. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, мектеп директоры, ауылдық кеңес хатшы, бірнеше кітаптардың авторы, шығармалары көбінесе балаларға арналған. Ол кісінің көптеген әңгімелері мектеп оқулықтарына енгізілген. Солардың бірі «Жаңа дүкенде» мәтінін мұқият тыңдайық.
1) Ерланның сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
2) Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?
Осы мәтін артылған сенімді ақтау керектігін үйретеді. Сол себепті тек жақын адамдарға ғана емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алатындығын естен шығармайық.
Жаңа ақпарат
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Жағдаятты талдау (аталған би түрін білетіндіктерін сұрау, білмеген жағдайды видеодан көрсету)
Мектепте би байқауы сайысы өтетін болды. Әр сынып ерекше би түрін көрсету керек болды. Сынып жетекшісі оқушыларға сенім артып, өз бетінше дайындауды тапсырды. Ұлдар ұзақ ойланып брейк-данс биін билеуді ұсынды. Қыздар оған түбегейлі қарсы болды…
— Жағдайды қалай шешеміз?
Өзгенің сенімін ақтау, адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Ұжымға сеніп тапсырылған істі орындау арқылы сыйластық ұйымшылдық пайда болады.
Сергіту сәті (видеода берілген қимылдарды қайталау)
Дәйексөз
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарымыздың бірі Мағжан Жұмабаевтың нақыл сөзімен таныс болыңыздар.
«Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу — әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі» М.Жұмабаев
1) Осы нақыл сөзден қандай қорытынды жасауға болады?
Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп,адамдықты құрметтей білу — әдептіліктің адамгершіліктің белгісі.
Сахналау
Оқулықтағы «Кімге сенім артуға болады?» мәтіні арқылы диалогті сахналау. Кейіпкерлер: Тілес пен тәтесі.
-Сенімге ие болу үшін не істеу керек?
Адам басына қиындық туған сәтте, өзге адамдарға сүйеніш білдіретіндігі, жақын адамдарына өз мәселесін айтып бөлісіп, әрқашан сенім білдіру керек. Сенім адамның серігі.
«Сенемін» ойыны
Нұсқау: Тақтада кесте беріледі. Оқушылар түрлі жағдаяттарды ойлап, кімге сенім артатындығын туралы айтып, жұлдызшаны кестеге жапсырады.
Өзіме-өзім сенемін Достарыма сенемін Ата-анама сенемін
Үй тапсырмасы
Сенімді адамның бойына тән қасиеттерді жазып келу
Жүректен жүрекке
Егер адам қиындықты жеңе білгенде ғана өзіне өзің сенімді болады, өз құныңды білетін боласың. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі өзіңе деген сенім әкелетіндігі анық. Олай болса барша жанға сенім білдіріп, оның маңызын ескере отырып, «Ертеңіме сенемін!» әнін орындайық.
Ертеңіме сенемін!
1) Өмірімнің мәні — өлеңім, 2) Еркемін мен, ойлар ертеңін
Жайқалған нұр жасыл желегім. Мәңгіліктің жырын көркі едім
Мен өміріме, өлеңіме Мен жырларыма, нұр бағыма
Сенемін, сенем… Сенемін, сенем…
Жайқалған нұр жасыл желегім, Өлмесін деп жаяр өркенім,
Ертеңім деп табар қорегім. Өмірімнің күйін шертемін
Мен ертеңіме, ертегіге Ертеңім менің, ертегім,
Сенемін, сенем… Ертеңіме сенем…
Қайырмасы:
Сенеміз,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Ғажайып ертекке, ертеңге сенем
Сенеміз…
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем…
«Сенімділік» өзін-өзі тану пәніндегі тағы да бір жаңа құндылық екендігін есімізде сақтайық.
БӘДЕЛ ТҰРСЫНБАЕВ
(1905-1967)
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
«Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу — әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі»
М.Жұмабаев
Тұрсынбаев Бәдел (1.7.1905, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы — 14.8.1967, Алматы облысы Жамбыл ауданы) — жазушы, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1950). Семей ауыл шаруашылық техникумын (1935), ҚазҰПУ-ды (1957) бітірген. 1926 — 67 ж. ауылдық кеңес хатшысы, мұғалім, Семей облысы «Екпінді» газетінің кызметкері, мектеп директоры. Тұңғыш кітабы — «Базар батыр» поэмасы 1942 ж. жарық көрді. Кейін «Бақытты балалық шақ» (1955), «Түлкі мен бақташы» (1959), «Қуыршақтар» (1959), «Һе қымбат?» (1961), Біздің ауылдың жігіті» (1962), «Мақтаншақ қызылша жайлы хикая. (1964), «Ауыл мүғалімі» (1967), Айнымас достар» (1971) т.б. Б.Тұрсынбаев өлеңдер мен әңгімелер жинақтары басылды. Шығармалары, көбінесе, балаларға арналған. Оның көптеген әңгімелері мектеп оқулықтарына енгізілген.[1]
Рейтинг:
0
Бөлісу:
Өмірбаян анықтамалығы
Тұрсынбаев Бәдел (1905–1967)
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы Батпақты Бұлақ ауылында туған.
1926–1930 жж. селолық Кеңестің хатшысы, бастауыш мектеп мұғалімі болып істеген. 1930 жылы газет қызметкерлерінің қысқа мерзімді курсынан өткен ол Семей Комвузының ауыл шаруашылығы бөлімінде оқиды. 1935–1949 жж. Алматы облысындағы Байсерке орта мектебінде мұғалім, директор болып істейді. Бұдан кейін Жамбыл мұражайына қызметке орналасады. 1952 жылдан бастап мұғалімдік қызмет атқарады. 1957 жылы ҚазПИ-ді сырттай оқып бітірген. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілген.
Шығармалары: Базар батыр. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1942; Көңілді болашақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Түлкі мен бақташы. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Қуыршақтар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Не қымбат? Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1961; Біздің ауылдың жігіті. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; Мақтаншақ қызылша жайлы хикая. Суретті кітапша. А., ҚМКӘБ, 1964; Ауыл мұғалімі. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Айнымас достар. Повесть. А., «Жазушы», 1971.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері — бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.