Басы » Tәрбие сағаттары » Алтынымсың , ақ анам

Алтынымсың , ақ анам

Санегуль Кулмрадова
Тақырыбы: Алтынымсың , ақ анам!
Мақсаты:
1.Нәзік жанды аруларымызға қуаныш сыйлау, мерекемен құттықтау.
2.Ұстазға, ата-анаға деген ізгі ниеттерін көрсету.
3.Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

( А.Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады)
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой.
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға
күткен 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні де келді.
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай
болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбек емес.

2 Жүргізуші: Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Алтынымсың , ақ анам!» атты мерекелік бағдарламамыз өздеріңізге арналады!

1 Жүргізуші: 8 НАУРЫЗ – халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты
болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің
шапағатын тілейміз!
Әрдәйым мейрім шуағын шашып жүре беріңіздер!

1 Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры –
Сайлаукүл Секерқызына беріледі.

(Ән «Алтын анам» Тауасаров Айдын)

2 Жүргізуші: Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

(ән «Мама» Құланшиев Нұрсұлтан)

1 Жүргізуші: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапағаттарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!

(Ән «Сұлу қыз» Тауасаров Айдын мен Туребаева Рахима)
2 Жүргізуші: Ана десем, шешек ашып жанары
Өмірімнің бастау алар ажары
Шәкірттері шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін аналарға арнайды!
(Оқушылардың тақпақтары)
Оқушы: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейреммен
Құрметті жан, аналар!

Оқушы: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз

Оқушы: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым,
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!

Оқушы: Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.

Оқушы: Еркелеткен анашым
Маған өзің панасын
Жүрегімде мейірім
Сабырлысың, данасың!
Үлгі, өнеге әр ісің
Үйіміздің сәнісің
Ақ сүтіңді ардақтау
Мойнымдағы парызым!

Оқушы: Ана десе тебіренер жүрегім,
Анам менің мақтанышым, тірегім!
Ақыл айтып, шуақ сыйлап жаныма
Қасымда ылғи анам болса тілегім!

Оқушы: Жүзіңнен нұр төгіліп,
Ет жүрегі езіліп,
Әжем жүрсе қасымда
Бақыттымын расында!

Оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтін
Кең ұшырған аясындай гүл бақытын
Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың, ардақтысың, данасын,
Қайратыңнан қас қабағым бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме анашым!

Оқушы: Сәл ғана көрмесең,
Сағынып қаласың.
Терлесем, шөлдесем
Қамқорсың, анашым!

Оқушы: Мен үшін керек пе
Бәрін де табасың
Мейірімің ерекше
Өзгеден анашым!

Оқушы: Теңеймін күнге мен
Көзіңнің қарасын
Өзіңмен бірге мен
Жайнаймын анашым!


Оқушы: Келді көктем
Күлімдейді гүлім
Алтын, аяулы анам,
Мейрамыңыз бүгін!

Оқушы: Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңнің ақ балам
Айтқан тілін аламын
Жұмсасаңда барамын.

Оқушы: Кетті қыстың ызғары
Еріп жатыр мұздары
Мерекеңіз бүгін
Қызғалдақтай қыздар!

(«Көктем келді» Амангелді Жәнібек)

1 Жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым!

2 Жүргізуші: Аяулысың, мектептің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары!

(«Цыған биі» Байгуджа Ақпейіл, Иманкулова Назира)
(пантомима)
1 Жүргізуші: Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
(Ән «Ана» Жадыра)
2 Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар
Аласы бар адамның анасы бар
Мерекесін құттықтап аналардың
Ән жолдайды Алтынай мен Шамшия
(Ән «Баралмадым қасыңа» Утегенова Ш. мен Шалтабай А.)

1 Жүргізуші: 8 Наурыз 2015 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
(«Ұйғыр биі» Илямова Дильназ)

2 Жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандылықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше сұрақтарға жауап беріп көріңіздер!
-Сегізінші наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
-Досыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
-Өлең айтып бере аласыз ба?
-Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
-Қандай гүлді ұнатасыз?
-Сыйлық алғанды жақсы көресіз бе, әлде сыйлық бергенді жақсы көресіз бе?
-Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасайсыз?

1 Жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанеқей би билейік
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!

(Попурри)
2 Жүргізуші: 8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

1 Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды!

-дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған «Алтынымсың , ақ анам!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз!



Мақсаты:
1.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау.
2.Ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру.
3.Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да
8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні келді.

2 Жүргізуші: Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын
діңгегі.

1 Жүргізуші: Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік бағдарламамыз
«Ана – омір шуағы» өздеріңізге арналады.

2 Жүргізуші: 8 НАУРЫЗ – халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты
болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің
шапағатын тілейміз!
Әрдәйым мейрім шуағын шашып жүре беріңіздер!

(Слайдтарға оқылатын сөздер)
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді.
Ол — Ана.
Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.
Ана — барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды.
Ана — ұлы адам, қасиетті жан. Анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
(Ән «Көктем келді!» Қабақбаева Ж.К.)

2 Жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры –
Сайлаукүл Секерқызына беріледі.
(Ән «Анама» Әсреп Н.М.)
(Би «Ана алтын» )

1 Жүргізуші: Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

(Ән «Асыл ана» Якупов Р.)

2 Жүргізуші: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапағаттарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!

(Ән «Әже» Ыдырыс А.)
(Ән «Анашым» Рахима мен Жанибек)
(Оқушылардың тақпақтары)
Оқушы: Айтса болды — тіл аламын
Айбат мама – ақ мамам
Сені көрсем – қуанамын
Қайда да.

Оқушы: Құшағына кіргенде,
Жылынамын бірден мен.
Ержетермін бүгінде
Мейірімді күнінде.

Оқушы: Армысыңдар ма әжелер, аналар!
Мейрбан аппақ көңілің даналар,
Көк өлкенің алғашқы мейрамымен
құттықтайды сіздерді балаларың!

Оқушы: Сәл ғана көрмесем
Сағынып қаламын.
Терлесем, шөлдесем
Қамқоршы, анашым!
Мен үшін керек пе — бәрінде табасың
Мейірімің ерекше өзгеден, анашым!
Тенеймін күнге мен
Көзіңнің қарасын.
Өзіңмен бірге мен
Жайнаймын, анашым!

Оқушы: Бәріңіз анасыз – күн болып жанасыз
Құттықтаймын, анашым!

Оқушы: «Жаным» дейсің мені, жаратушым бір сен!
Жалғыз өзің тегі, жанашырым білсең!
Айналайын, ана!

Оқушы: Ана – өмір шуағы,
Ана – өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде сақталар!

Оқушы: Бізді өсірген, апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын, апатай,
Құтты болсын мерекең!
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжелерді ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!

Оқушы: Шашымды өріп тараған, қабағыма қараған
Үлкен — кіші демейді, оған бірдей бар адам.

Оқушы: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық!
Ана десем шешек атып жанары
Өмірімнің бастау олар жаңа әні,
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанатын.

Оқушы: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барғансайын біржаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өте жақсы көреді!

Оқушы: Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын, ақ анам!
Ана- көркі көгінің
Ана- нұры жерімнің
Ана – бағы баланың
Мақтанышы елімнің

Оқушы: «Ана» деген сөзді де,
Оқушы: «Аға» деген сөзді де,
Оқушы: «Әке» деген сөзді де,
Оқушы: «Тәте» деген сөзді де,
Оқушы: «Ата» деген сөзді де,
Оқушы: «Апа» деген сөзді де, —
Ойлап тапқан балалар!
Оқушы: «Жаным, күнім» дегенді,
Оқушы: «Құлыншағым» дегенді,
Оқушы: «Ботақаным» дегенді,
Оқушы: «Қошақаным» дегенді,
Оқушы: «Айналайын» дегенді,
Оқушы: «Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!

1-жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Ана!

2-жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Күйетін кім саған?
Бәрі:Ана!

1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Ана!

2-жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Ана!
1 Жүргізуші: — Жүрегім кім менің?
Балалар: — Мен!
2 Жүргізуші: — Тірегім кім менің?
Балалар:- Мен!
1 Жүргізуші: — Сәнім кім менің?
Балалар:- Мен!
2 Жүргізуші: — Ботақандарым менің,
Не деген тәтті балаларсыңдар!
— Ой, қарғам менің!
Балалар: Жо… жоқ,
Оқушы: Қарға болмаймын,
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді
Балалар: Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
(Ән «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»)
1 Жүргізуші: Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
(Би «Әке толғауы»)
(Ән «Сұлу қыз» Туребаева Р.К., Әсреп Н.М.)

1 Жүргізуші: 8 Наурыз 2014 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

(Ән «Ару ана» Утегенова Ш. мен Шалтабай А.)

2 Жүргізуші: 8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

— дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *