Басы » Бастауыш сыныптар » Көктем сәні

Көктем сәні

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Fбай атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

К.Е.Улыкпанова
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көктем сәні (ертегі)
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні айта отырып, жыл мезгілдері туралы
түсінік, табиғат құбылыстарының ерекшеліктері,
олардың бір-бірімен байланысты екенін аңғарту.
балалардың сөздік қорын молайту,түсініктерін
айта білуге,табиғатқа деген сүйіспеншілігін,
қызығушылығын, табиғатты қамқорлауға,
қорғауға баулу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, қызығушылығын ояту,сұрақ- жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Көктем мезгілінің, жабайы аңдардың, гүлдердің, құстардың қиындылары, слайд.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Ұйымдастыру.
— Қайырлы күн балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қане, бір-бірімізбен амандасып алайық.
Өте жақсы, балалар! Амандастық, енді осындай тамаша көңіл — күймен шаттық шеңберін құрайық:
Шаттық шеңбер:
Шеңберді біз құрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Бір-бірімізге шашайық.
— Ал, енді балалар бір-бірімізге жылы тілектерімізді айтайық
— Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын, сабағымызды жақсы оқиық.
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік

— Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» ойын шарты: «Бұл қай мезгіл?» «Көктемде шығатын алғашқы гүл?» «Көктемде ұшып келетін құстар?»Балалар суретке қарап, ненің суреті екенін табу.
— Қазір жылдың қай мезгілі екен?
— Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
— Қар еріп, қайда сіңеді?
— Жер қандай түске өзгереді?
— Ағаштар қалай өзгереді?
— Көктемде қандай мерекелер бар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
— Балалар сендер көктем сәні дегенді қалай түсінесіңдер?
— Көктем сәні ол гүлдер, құстардың ұшып келуі, күннің жылуы.
— Мінеки балалар, осының бәрін қосып бір сөзбен қалай айтуымызға болады?
— Дұрыс айтасыңдар, бұл Көктемнің сәні.
— Бүгінгі біздің сабағымызда өтетін тақырыбымыздың аты «Көктем сәні» ертегісі.

Дәптермен жұмыс: «Көктем сәні» ертегісін айтып, балаларды таныстыру.
— Арыстан аңдарды не үшін жинады?
— Аңдар не деп жауап берді?
1. Қасқыр – гүл- өмірдің сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.
2.Ақбөкен – жасыл желек – ну орман, өсімдік, табиғат сәні, саяжай, бау-бақша
3. Қоян – мөлдір су – тазалық, сусыз тіршілік жоқ.
4. Арқар – жылылық – қоршаған орта, сезім, сөз.
5. Киік – нөсер – табиғатқа сән береді, егін өседі.
6. Түлкі –ашық аспан, тыныштық, бейбітшілік
7. Аю – шалқыған көңіл – ұйымшылдық, достың көп болуы, қуаныш.

— Бүгінгі біздің тақырыбымызға байланысты мен сендерді үш топқа бөлемін, 1-ші топ «Гүлдер» тобы, екінші топ «Құстар»тобы, үшінші топ «Аңдар» тобы.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып, орманды елестетеміз.Таза ауа, құстардың сайраған үні, судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көздерін ашып табиғаттың көрінісін тамашалайды.
— Балалар сендер қандай сезімде болдыңдар?
Дидактикалық ойын: «Кім тез құрайды?» «Аңдар» тобы аңдардың, «Құстар» тобы құстардың, «Гүлдер» тобы гүлдердің қиындыларын құрастырады.
Сергіту сәтін өткізу: Құстар ұшады,
Арыстан ақырады, қоян секіреді,
Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды. (қимылмен көрсетеді)
Әңгімелеу: Балалар көктем мезгілінің суретіне қарап әңгімелейді, тақпақтар
айтады.
Жұмбақ шешу:
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? /Көктем/

Қорытындылау: Бүгінгі сабақта не жайында әңгімеледік?
Не жайында тақпақтар айттық? Қандай ойындар ойнадық? Кімге не ұнады?
( балалардың пікірін тыңдау)
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *