ШҚО
Семей каласы
Айбек Ардақ Айбекқызы тәрбиеші
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімдері: Жапсыру
Тақырыбы: Бір түп жүзім
Мақсаты: Жүзімнің суретін қиып, жабыстыра білуге үйрету. Жүзімнің жемістерін салуда өз еркімен бояу түстерін тандай білу. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: жүзімнің суреті салынған үлгі
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивация—лық қозғаушы |
Шаттық шеңбер Қайырлы күн, құсқа, аңға да. Қайырлы күн жайдары жанға да Қайырлы күн алға ассын, Кешке дейін жалғассын!. |
Шаттық шеңберін құрады |
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу. | Балалар бізге қонаққа тәттіні өте жақсы көретін Айгүл келді.Оның жүзім жегісі келіп тұр, оған жүзім жасап береміз ба?
Үлгі суретті қарап отырып талдау жасау, оның ерекшелігін анықтау. Жүзім бұтағы үшбұрыш-қа ұқсайтынына көңіл бөлу. Жоғарғы бөлігінде жемістері көп болады, төменгі жағында азырақ орналасып, біртіндеп жіңішкеліп келеді. Ендеше жүзім жасауға кірісейік. Сергіту сәті Жүзім жесең, үзіп же, Бір жегенде, жүзін же! Жүзім жесең, үзіп же, Бір жегенде, жүзін же! Жасаған жұмыстарын Айгүлге сыйға беру үшін көрмеге жинап, ұсыну. |
Иа, көмектесеміз
Тыңдайды
Балалар жүзім жасауға кіріседі |
Рефлексия- түзету жұмыстары | Балалардың жұмыстарын талдау.
Бағалау, мадақтау. |
Болжамды нәтиже:
Білу керек: Жүзімді қиып, жабыстыра білу.
Түсінігі бар: Өз еркімен бояу түстерін таңдай білу.
Орындай алады: Өз бетінше жұмыс жасай білу.