ШҚО
Семей каласы
Айбек Ардақ Айбекқызы тәрбиеші
0 «б» мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Әлеуметтік орта
Бағдарлама тараулары: Жапсыру.
Тақырыбы: Үлпілдек жүнді балапан
Мақсаты: Балаларға қайшыны пайдаланбай қолмен жұлмалап қию әдістерін үйрету. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылық, ерік-жігер сапаларын дамыту, құстарға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Құрал-жабдықтар: жұқа сары түсті қағаздар, желім, қарындаш, шаблондар, үлгі сурет
Сөздік жұмыс: үлпілдек, мамық
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-
қозғаушы |
1.Ұйымдастыру
2.Баланың сабаққа назарын аударту 3.Психологиялық сәт «Жүрек жылуы» |
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Іздену-
ұйымдастырушылық
|
3.Сабақтың тақырыбын түсіндіру
4.Үлпілдек жүнді балапанның суретін көрсету. — Үлпілдек жүнді балапан неге ұқсайды? — Балапан қандай болады?
4.Балапанның суретін көрсету. Үлгілерін талдау. 5.Балапанның бөліктерінбірдей етіп қию үшін әдіс-тәсілдерді көрсету. Қосарлап бүктеу әдісін көрсету.
|
Суретін талдайды.
Балалар тәрбиешінің нұсқауымен |
Рефлексивті-
корригиялық |
Балалардың өз беттерінше желімдеуіне нұсқау беру.
Жасалған жұмыстарды талдау. Мадақтау. |
Балалар үлгіге қарап желімдейді. |
Болжамды нәтиже
Білу керек: шаблондарды бастыру, қайшымен жұмыс жасауды білу
Қалыптасқан әдет: қайшымен жұмыс жасау, желімдеу
Істей біледі: балапанның бөліктерін құрап, үлпілдегін жұлмалап жасай алады