Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бағдарлама тараулары: Жапсыру.
Тақырыбы: Байқоңыр
Мақсаты: Түрлі-түсті қағаздан симметриялы қию дағдыларын қалыптастыру. Композиция құрау іскерлігін дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қағаз,қайшы,желім, қылқалам, үлгі суреттер
Сөздік жұмыс: ғарыш, Байқоңыр, зымыран, планета, ғарышкер
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-
қозғаушы |
1.Ұйымдастыру
2.Баланың сабаққа назарын аударту 3.Психологиялық сәт «Шуақ» |
Балалар айнадан түскен сәулелерді жинау арқылы тілек айтады.
|
Іздену-
ұйымдастырушылық
|
Байқоңырдан жол салған, Ғарышқа алғаш сары далам. Нан тұзымен қарсы алған, Батырларды қыр далам. Е. Өтетілеуұлы. Мазмұнына сай сұрақтар қою
Суретін көрсетіп, талдау. Зымыранды космоска осы жерден ұшыратындығы айтылады.
Зымыран құрылысын талдап, шаблон тарату |
Балалар мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға толық жауап беріп ойларын айтады.
Балалар үлгіні талдап, шаблондарды құрылысына сай бастырады. Қайшыме жұмыс жасап, композиция құрайды. |
Рефлексивті-
корригиялық |
Балалармен бірге жұмыстарын талдау. Жақсы жасалған жұмыстарды көрсету.
Мадақтау. |
Балалар жұмыстарын талдайды |
Болжамды нәтиже
Білу керек: геометриялық фигураларды ажыратады
Қалыптасқан әдет: қайшымен жұмыс жасау, желімдеу
Істей біледі: зымыран құрылысын талдап, композиция құра алады.