Жаңақала ауданы “Балбөбек” балабақшасының тәрбиешісі
Шынболатова Гулсим Жумагуловна
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.
Тобы: «Еркем-ай» II кіші топ. Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық. Оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Сурет салу. Тақырыбы: Математика үйі. Геометриялық пішіндерді бояу. Мақсаты: Білімділік: Геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретіп, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,айту, көрсету, сұрақ-жауап. Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер мен бояулар, слайдтар. Қостілділік компонент: Қызыл-красный , сары-желтый , төртбұрыш-квадрат , дөңгелек-круг, сопақша – овал.
Іс-әрекеті кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс –әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер:
Уа, халайық, халайық, Бәріне жар салайық, Бүгінгі кеш төрінде, Математика елінде, Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып, Шабыт тасып шалқысып. Көңілді кеш жасайық. Жарайсыңдар, балалар орнымызға отырайық! |
Балалар шаттық
шеңберін жақсы көтеріңкі көңіл күймен жасауы. Орындарына отыруы. |
Іздену –ұйымдастырушы | Ғажайып сәті: Әуенмен Ертөстік келеді. Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар,бұл Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық? | Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады. -Балалар амандасады. Иә… — Сұрайық… |
|
Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9-шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар? Осы кезде экраннан таудың суреті көрінеді де, дыбыс шығады. Тасбол:-Мен сиқыршы Тасболмын. Ертөстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Менің тапсырмаларыма тура әрі нақты жауап берсеңдер Ертөстіктің ағаларын босатамын. Мен тапсырмаларды маған келер жолда киіз үйлер бар, сол киіз үйдің ішіне жасырдым. Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Ха-ха-ха. |
Балалар киіз үйден сұрақты алып береді.
Шығармашылық орталықтағылар 1-геометриялық пішіндерді бояу тапсырмасын орындайды.
«Гүлдерге көмектес» 1і бала тақтаға шығып гүлдің атын айтып, артындағы тапсырманы орындайды. Бәйшешек: Санамақ
2і бала тақтаға шығып гүлдің атын айтып, артындағы тапсырманы орындайды. Қызғалдақ: 1-ден10ға дейін тура және кері санау. 1-10; 10-1санауы.
3і бала тақтаға шығып гүлдің атын айтып, артындағы тапсырманы орындайды. Сарғалдақ:Кері санамақ.
|
Рефлексифті коррекциялаушы | Сергіту сәті: Екі орталықты ауыстыру. Жарайсыңдар балалар. Балалар, сендер шығармашылық орталықта не істедіңдер ? Қандай пішіндерді боядыңдар? Енді Тасболдың келесі тапсырмасын кім алып береді? Иә, Абдрахман алып бере қойсын. Келесі тапсырма: Түстерді ажырату екен, Жарайсыңдар, балалар! Соңғы киіз үйдің тапсырмасын Ертөстіктің өзі алсын, ал біз барлығымыз көмектесейік
Уақытты бағдарлау тапсырмасы сұрақтарға жауап беру екен. Бір жылда неше мезгіл бар? қандай-қандай? Қазір жылдың қай мезгілі? 1аптада неше күн бар, қандай-қандай? Иә,балалар, «Бір аптаның күндері»атты тақпақты жатқа айтып есімізге түсірейікші. Жақсы,Суреттерді рет-ретімен кім орналас-тырып береді? Жарайсыңдар балалар. Тасболдың дауысы естіледі: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер Ертөстікке де көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді Ертөстік ағаларыңды босат-тым, қарсы ал. Ертөстік: Балалар сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымда Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп-көп рахмет. Иә, балалар біздер кімге көмектестік? Қандай тапсырмалар орындадық? Міне,балалар біз өзіміздің бірлігіміздің, мейірімділігіміздің, достығымыздың арқасында Ертөстіктің ағаларын құтқардық. Батырлар кіріп тақпақ айтады. Мадақтау. |
Балалар лақтарды кеңістікте орналастырады. Сергіту жаттығуды қимылдық іс әрекетте жасаулары
Геометриялық пішіндерді боядық, Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, түстерді ажыратып айтулары. Көктем, Жаз, Күз, Қыс мезгілдері бар бар, Көктем мезгілі 1аптада 7 күн бар, олар дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Ертөстікке. Пішіндерді боядық, санамақ, Кеңістікті бағдарлауды,уақытты бағдарлауды…
|
Оқу іс – әрекеттен күтілетін нәтиже Баланың білуі: Пішіндерді, санамақ, Кеңістікті бағдарлауды,уақытты бағдарлауды. Баланың меңгеруі: Ұжыммен бірлесіп жұмыстануды. Баланың жасай алуы: Киіз үйдің тапсырмаларын ашып орындаулары.