Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты

2-8Карабалина Рауза баянқызы

Ақмола  облысы,Қорғалжын ауданы,Үшсарт негізгі мектебінің қазақ  тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты

БЕКІТУ САБАҒЫ: «Қожа бейнесі»

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Хикаят бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылап бекіту, кейіпкерлер бейнесін жан- жақты аша түсу.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  1. Қожаның іс-әрекетіне, мінез-құлқына екі түрлі көзқараста баға бере отырып өз пікірлерін, көзқарастарын дәлелдеу;
  2. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білетін азамат пен азаматша тәрбиелеу; 3. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

  1. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ:дебат (ойбөліс элементтері), сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, тест, сахналық көрініс т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ФОРМАСЫ: топпен, жеке оқушымен.

VІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: АКТ, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

VІІІ. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: әдебиеттарих, музыка

кино: Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым- Қожа» фильмі және Еркін Рахышевтің «Менің де атым Қожа» фильмі».

ІХ. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Бердібек Соқпақбаевтың өмірінен үлгі алады.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу (шаттық шеңбері);

б) Сынып оқушыларын тексеру;

в) Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ.Үй  тапсырмасын  пысықтау.             

«Бетпе-бет студиясы» әдісі  бойынша сұрау.

Екі оқушыны  ортаға отырғызып, біреуі жүргізуші,екінші оқушы хабарға қатысушы ретінде отырады. Жүргізуші қонақ оқушыға сұрақтар қояды.

  1. Б. Соқпоқбаевтың өмірі мен  шығармашылығы туралы қысқаша айтып өтсеңіз.
  2. Бала Бердібектің өмірі қандай болды?
  3. Кинодағы Қожаның рөлін сомдаған кім еді?
  4. Кино қай жылдары түсірілді?
  5. Киноны өзіңіз неше рет көрдіңіз?
  6. Хабарымызға қатысқаныңыз үшін көптен-көп рахмет.

III. Топпен  жұмыс.   «Ішкі  ой» әдісі

(«Менің атым…» тақырыбында  әр оқушы  өз  ойын  жеткізеді)

—        Сендерге қандай есімдер ұнайды?

—        Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

—        Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

—        «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген). «Шілдехана».  Бұл  қандай  дәстүр?

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.

Ү. «Оған лайық па?»  әдісі                

Бұл  әдісте, оқушылардың  қолына  берілген алғыр, пысық, ақылды,  ақкөңіл,  тиянақсыз, жағымпаз, өтірікші, шыдамсыз, есті, әділетті, тентек  деген  сөздерді  тақтада ілулі тұрған  плакатқа  іледі. Әр  оқушы өзінің  ілген  сөзін міндетті  түрде қорғайды. Сөйтіп,  әр  оқушы  Қожа  бейнесін  өздері  ашады.

ҮІ.«Мінездеме  тақтасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ. Сергіту  сәті.   Ойын.(Әр топтан  шыққан  оқушы  жасырынған  суретті көріп, рольді  сомдаған кейіпкерлерді  табуы  қажет)

VIІІ. «Қожаның  сұрақтары» әдісі       Топпен  жұмыс.

              Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

Әр  топтан  шыққан  оқушы  жауап  беруі  тиіс.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
— Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
— Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте.
— Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді?
— Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
…Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
— «Түбінде адам болатын бала»
— Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық.
— Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
— Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.

ІХ.«Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер? (Оқушылар өздері дайындап келген мәліметтері туралы айтады.)
Х.  Сахналық көрініс (Лагерге жолдама сұрау сәті) Кинодағы Туған жер  әнін қоямын.
ХІ.“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)

алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

ХІІ. Сөздікпен жұмыс (Шығармада  кездескен  таныс емес сөздерді жазу)

ХІІІ.Автор орындығы әдісі. Ортаға бір оқушы шығып, «Қожаға арналған»хатын оқиды.

ХІҮ.Қорытындылау. Сабақты қорыту. «ББҮ» стратегиясы арқылы

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

 

XҮ.Үйге  тапсырма. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым — Қожа» повесі

«Бақытты  балалық…» эссе жазу, сурет  салу.

ХҮІ.Бағалау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *