С. Шарипов атындағы мектеп- интернатының
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Избасова Ұлмекен Серікқызы
Мұғалімнің аты-жөні | Пәні | Сыныбы | Сабақтың тақырыбы | Күні | ||||||
Избасова Ұлмекен | Ана тілі | 4 а | Б. Бұлқышев «Ана» | 2015 | ||||||
Сілтеме | 4-сынып Ана тілі оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова
Ана туралы нақыл, мақал сөздер, суреттер, презентация
|
|||||||||
Жалпы мақсаттар | Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың сын тұрғынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету. Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
|
|||||||||
Оқыту нәтижесі | Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу | |||||||||
Негізгі идеялар | Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу. | |||||||||
Қолданылған модульдер | Сұрақ — жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, ойын. | |||||||||
Сабақ бойынша жазбалар | ||||||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | уақыты | ||||||||
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Топқа бөліну Бағдаршам түстеріне орай
|
«Бүгінгі күнге ізгі тілек» (Күн бейнесі)
Табиғатқа жан бітіріп, жерге сәуле төгіп, айналаға шуақты нұрын шашатын не? (Күн.) Олай болса «Тіршілік нәрі, өмір мәні, көңіл сәні, табиғат жаны, бар бала әні» күнмен сәлемдесіп алайық. Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Қызыл, жасыл, сары түстер арқылы үш топқа бөлінеді
|
2-минут | ||||||||
І.Үй тапсырмасы
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Қандай? Автордың балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен? Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінін оқимыз. |
Балалар үй тапсырмасына жауап бере отырып, сұрақтарға жауап береді. Смайлик тарату арқылы ынталандырылып отырады. | 10-минут
|
||||||||
Ана дегенде ойымызға не оралады?
Соны айтып шығайық
Олай болса,балалар, біз бүгін, Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінімен танысамыз |
Оқушы жауабы
Топтастыру
қадірлі
қамқоршы Ана аяулы
жарық өмір сыйлаушы
|
8 минут |
||||||||
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
|
Анаға қатысты әдемі де, әсерлі сөздерді түртіп алу
|
5-минут | ||||||||
Қолдану
Топпен жұмыс. Сұрақ-жауап оқулықтағы. Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық. Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу. Ойымызды толықтыра түсейік. ІІІ. Ой толғаныс. 5 жолды өлең құрастыру.
|
Анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың
Ана Қадірлі,аяулы Тербетеді,әлдилейді, жұбатады Ана-жарық өмір сыйлаушы Шеше |
7 минут | ||||||||
Талқылау
Бүгінгі сабақта «Ана» мәтінімен таныстық
«Кірпі Қаражорға»
|
Топпен жұмыс:
Жалғасын тап ойыны І топ Ананың көңілі… Баланың көңілі…. ІІ топ Әке- Ана- Бала ІІІтоп Анаға қарап…. Әкеге қарап….
|
5 минут | ||||||||
Жинақтау.
Дәптермен жұмыс Эссе «Ана»
|
Ана тақырыбына эссе жазады
|
3минут | ||||||||
Үйге тапсырма беру | Б.Бұлқышев «Ана».мәтінін жаттап келу | 2-минут | ||||||||
Бағалау | Формативті бағалау бағалау парақшасы арқылы баға қою
|
2 минут | ||||||||
Рефлексия Анаға тілек | Тілек ағашына аналарына тілектерін жазып жапсырады | 1 минут | ||||||||
Сабақтан кейінгі рефлексия |
Не сәтті өтті? Неліктен? |
Не сәтсіз өтті? Неліктен? |
Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін? |
|||||||
Сабақтан кейін оқушылар топпен өткізген сабақтың қызықты екенін айтты. Әсіресе зерттеуге алынған оқушылармен сұхбат жүргізілді. Осындай сабақтар жалғасын тапса екен деп өз ойларын ортаға салды | Оқушылар топпен жұмыс кезінде ана туралы өз жүрекжарды тілектерін бір-бірімен таласып айтып жатты. Мирас-менің анам бәрінен де жақсы деп жауап берді,Гүлайна-мен анамды өте қатты жақсы көремін, Жұлдыз-анама ұзақ өмір тілеймін деді. Барлығы өз ойларын айтты. Үндемей қалған оқушы болмады. | Топқа бөліну кезінде аздаған қиыншылықтар кездесті. Себебі оқушылар үшін бұл алғашқы сабақ болатын. | Қиындықтарды жеңу үшін оқушылармен топтық жұмысты жүргізе отырып, топқа бөлінудің көптеген тәсілдерін үйрете отырып, өздеріне де қалай бөлінуге болатынын ойластырып келуге тапсырамын. |